Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тастанды сәбилердің көпшілігі – қазақтың балалары

Дата: 01 марта 2011 в 11:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тастанды сәбилердің көпшілігі – қазақтың балалары

Көбінесе алыс ауылдардан келген жас қыздар ақшасы жоқтықтан, ұят санағандықтан некесіз туған балаларын тастап кетеді.

Сол қыздардың біреуінің айтуынша, қыздар жүктіліктен сақтанудың жолдарын білмейтін көрінеді. Тастанды ауру балаларды шетелдіктер асырап алады.

48 жастағы Жәмила К. мен күйеуі 7 жасар ұл тәрбиелеп отыр. Бұл баланы екі апталық кезінде туған анасы тастап кеткен екен. «Ауылдың жас қызы баладан бас тартты, күйеуі болмағандықтан оны өсіргісі келмеді» деді бізге. Кішкентай сәбиді бірден жақсы көріп кеттік. Күйеуім жөргек жууға, тамақ істеуге көмектесті. Бақытқа жеткендей болдық дейді әйел.

ҚЫЗ БАЛА АЛУ КЕЗЕГІ

– Өткен жылы жаңа туған қыз баланы асырап аламақ болдық, – дейді Жәмила Азаттық радиосына. Бұл үшін ол шалғайдағы аудан орталығынан сонау Ақтөбеге жол тартқан.

– Біраз құжаттар жинадым. Осыншама әуре-сарсаңды біз баладан бас тартсын деп әдейі жасайтын сияқты. Мен үмітімді үзе бастадым. Осының барлығын оңайлатып, бізге жағдай жасауға болмай ма? Жетімдердің аз болғанына мемлекет те мүдделі емес пе? – дейді Жәмилә К.

Жетімдердің аз болғанына мемлекет те мүдделі емес пе?

– Ұлым өткен жылдан бері қарындасын күтіп жүр. Оған ең әдемі ойыншықтарын да дайындап қойды, – дейді Жәмилә.

«Үміт» балалар үйі бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Төлебаева «қазіргі жаңа туған тастандылар – кілең ұл балалар» деді Азаттық радиосына.

– Қазір бізде 130 бала бар. Олардың 45-і мүгедек. Бұл балалар сал, олигофрения, жақ аурулары, Даун сырқатымен ауырады. Қыздар аяғының ауырлығын жасырады, ішімдік ішіп, есірткіні, уытты заттарды пайдаланады. Тастанды сәбилердің көпшілігі – қазақтың балалары. Қазір бізде карантин.

Иә, Жәмилә К. 2010 жылдың қазан айының соңынан бері кезекте тұр. Әзірге жаңа туған қыз балалар түскен жоқ, – дейді Гүлнәр Төлебаева.

Көбінесе алыс ауылдардан келген жас қыздар ақшасы жоқтықтан, ұят санағандықтан некесіз туған балаларын тастап кетеді. Сол қыздардың біреуінің айтуынша, қыздар жүктіліктен сақтанудың жолдарын білмейтін көрінеді.

Тастанды ауру балаларды шетелдіктер асырап алады.

48 жастағы Жәмила К. мен күйеуі 7 жасар ұл тәрбиелеп отыр. Бұл баланы екі апталық кезінде туған анасы тастап кеткен екен.

«Ауылдың жас қызы баладан бас тартты, күйеуі болмағандықтан оны өсіргісі келмеді» деді бізге. Кішкентай сәбиді бірден жақсы көріп кеттік. Күйеуім жөргек жууға, тамақ істеуге көмектесті. Бақытқа жеткендей болдық дейді әйел.

ҚЫЗ БАЛА АЛУ КЕЗЕГІ

– Өткен жылы жаңа туған қыз баланы асырап аламақ болдық, – дейді Жәмила Азаттық радиосына. Бұл үшін ол шалғайдағы аудан орталығынан сонау Ақтөбеге жол тартқан.

– Біраз құжаттар жинадым. Осыншама әуре-сарсаңды біз баладан бас тартсын деп әдейі жасайтын сияқты. Мен үмітімді үзе бастадым. Осының барлығын оңайлатып, бізге жағдай жасауға болмай ма? Жетімдердің аз болғанына мемлекет те мүдделі емес пе? – дейді Жәмилә К.

– Ұлым өткен жылдан бері қарындасын күтіп жүр. Оған ең әдемі ойыншықтарын да дайындап қойды, – дейді Жәмилә.

Қазіргі жаңа туған тастандылар – кілең ұл балалар

«Үміт» балалар үйі бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Төлебаева «қазіргі жаңа туған тастандылар – кілең ұл балалар» деді Азаттық радиосына.

– Қазір бізде 130 бала бар. Олардың 45-і мүгедек. Бұл балалар сал, олигофрения, жақ аурулары, Даун сырқатымен ауырады.

Қыздар аяғының ауырлығын жасырады, ішімдік ішіп, есірткіні, уытты заттарды пайдаланады. Тастанды сәбилердің көпшілігі – қазақтың балалары.

Қазір бізде карантин. Иә, Жәмилә К. 2010 жылдың қазан айының соңынан бері кезекте тұр. Әзірге жаңа туған қыз балалар түскен жоқ, – дейді Гүлнәр Төлебаева.

По сообщению сайта Nur.kz