Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Президент ҚХР-ға сапарының нәтижелерін жоғары бағалайды

Дата: 01 марта 2011 в 11:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 1 наурыз. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына (ҚХР — ҚазТАГ) мемлекеттік сапарының қорытындыларына жоғары баға береді. Бұл туралы мемлекет басшысы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) сұхбат беру барысында мәлім етті.

«Жүргізілген келіссөздер сипаты мен олардың мазмұны Қазақстан-Қытай арасындағы тату көршілік, серіктестік және өзара сенімге құралған қарым-қатынастардың айқын көрінісіне айналды. Тәуелсіздіктің 19 жылында  мен Қытайға осымен 15-інші рет барып отырмын», — деп атап өтті президент.

Н. Назарбаев екіжақты байланыстардың табысты өрбуіне екі елдегі экономикалық ахуал қолайлы жағдай тудырып отырғанын айтты.

«Қытай — әлемде Қазақстанның басты экономикалық серіктесі және еліміздің  экономикасы үшін ең белді инвестордың бірі әрі бірегейі. Былтыр екіжақты сауданың жалпы көлемі 20 миллиардтық межеден асты. Қытай Қазақстан үшін басты экспорт нарығына айналды және елге импорт жеткізу жөнінен екінші орынға шықты», — деп мәлім етті мемлекет басшысы.

Ол Қытаймен бірлесіп жүзеге асырылатын ірі энергетикалық жобаларға тоқталды.

«Қазақстанда озық технологияға негізделген жоғары жылдамдықтағы «Астана — Алматы» жолаушылар теміржол желісінің құрылысын бірлесіп салу жобасы жөнінде келісімге қол жеткізілді. Қазақстан «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» трансқұрлықтық автомобиль дәлізі,  «Жетіген — Қорғас» теміржол желісі жобаларының құрылысын жалғастыруда», — деді президент.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев Қытаймен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың көкжиегі кең екенін атап өтті. Сонымен қатар, трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау жөнінде үкіметаралық келісімге қол қойылғанын жеткізді.

Бұдан басқа, мемлекет басшысының айтуынша, Астанада Қытай-Қазақстан суперкомпьютерлік орталығын ұйымдастыру, Қазақстанда қытайлық инновацияны зерттеу және енгізу мақсатында Қытай-Қазақстан университетін ашу жөніндегі келісімдердің де келешегі зор.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы