Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Президенттің жұмысы бар уақытымды алады — Назарбаев

Дата: 01 марта 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ — Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық БАҚ-қа өз жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысы жалғыз. Бұл — бірегей мүмкіндік, сондықтан үнемі жұмыстасың. Демалғанның өзінде бөлек қойған кітаптарды, сараптамаларды, жаңа кітаптарды оқисың... Президенттің жұмысы адамды түгелдей, оның өмірін, уақытын, күш-қуатын, мүмкіндіктері мен ойларын талап етеді», — деді ол.

«Менде тәулік бойы жұмыс істейтінімдей сезім қалыптасады. Өйткені таңертең оянғанда жатарда басыңа келген оймен оянасың. Осындай сезім. Президенттің жұмысы бірқалыпты емес, сондықтан демалыста да, демалыс күндері де ешқашан (демалмайсың — ҚазТАГ)», — деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні кешке журналистің жұмыс кестесі туралы қойған сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жұмыс күнін кешкі сағат 6-дан кейін аяқтау «мүмкін емес», өйткені «қыруар ақпаратты сүзгіден өткізу керек».

«Аппаратты, үкіметті, аймақты соңыңнан ерту үшін көп білу керек. Әлемдегі идеяларды генерациялап, үнемі алға қарау керек», — деді Н. Назарбаев.

Ол ЕҚЫҰ саммиті кезінде үйлеріне кеткен президенттермен телефон арқылы сөйлесіп, түнгі сағат бір жарымда декларацияға қол қойғанын айтты. Ал таңертең Қазақстанға сапармен келген Аустрия президентін қабылдады. Сонымен қатар, Назарбаев бұл жұмыс өзін шабыттандыратынын айтты, әсіресе жемісін көргенде. «Көп жұмыс істеу керек, бірақ шағымданайын деп отырған жоқпын», — деді мемлекет басшысы.

Ол теннис ойнайтынын, жаттығу жасайтынын жеткізді.

«Отбасыма назар аударамын. Балаларым өсті, олар қалағанда кездесе алмасам, ренжімейді. Телефон арқылы хабарласып тұрады, жексенбі сайын кездесеміз, кейде бірге түскі ас ішеміз, әңгімелесеміз, ән айтамыз, сүйікті бесбармақ жейміз, мұның бәрі бар», — деді президент.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы