Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2020 жылы қазақстандықтардың кем дегенде 95% мемлекеттік тілді білуі тиіс — президент

Дата: 01 марта 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ — 2020-шы жылға қарай қазақстандықтардың кем дегенде 95% мемлекеттік тілді білуі тиіс. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР жетекші БАҚ журналистеріне дүйсенбі күні берген сұхбатында осындай ұстанымын мәлім етті, деп президент баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мемлекеттік тілді дамыту — маңызды міндет болып табылады. 2009 жылғы деректер бойынша, мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны 64,4 пайызға дейін көбейген. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілде сөйлейтін қазақстандықтардың саны 95 пайыздан кем болмауға тиіс. Бүгінде Қазақстанда оқыту үдерісі қазақ тілінде жүргізілетін 1178 балабақша мен орталықтар жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің саны 3821-ге жеткен. Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды», — деп айтқан Н. Назарбаевтың сөздері келтіріледі.

«Тілдерді дамытуда БАҚ рөлінің маңызы өте жоғары деп білемін. Мысалы, бүгінде балаларға арналған «Балапан» телеарнасы қазақ тілінде хабар таратуда. Мен «Қазақстан» телеарнасына биылғы жылдың қыркүйегінен бастап хабар таратуды толығымен мемлекеттік тілге көшіруді тапсырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Президент қазақстандықтар кем дегенде үш тілді — мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерулері тиіс екенін атап өтті.

«Үш тілді білу біздің болашағымыз үшін қажет. Әлем барған сайын жаһандана түсуде, келешек ұрпаққа үлкен тілдік орталарға бейімделе білудің маңызы зор», — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы