Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандықтар салықты ұялы телефон арқылы төлеуге мүмкіндік алады

Дата: 01 марта 2011 в 12:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстандықтар салықты ұялы телефон арқылы төлеуге мүмкіндік алады

Бұл Дүниежүзілік банкпен Салық Комитеті жүзеге асырып отырған жаңа бағдарламаның арқасында мүмкін болды. 

Қазақстандықтар 2011 жылдың тамыз айынан бастап салықты ұялы телефон арқылы төлеуге мүмкіндік алады. Дүниежүзілік банк Қазақстанның салық саласына 57 млн. доллар бөліп отыр.

Аталған қаржы, салықтық тіркеу реформасын жасауға, Қазақстанда салық мәдениетін жетілдіруге бағытталып отыр. Осылайша, салық төлеуден бас тартып отырған кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау көзделуде.

Себебі, салықтық құжаттарды толтыруға кететін уақыт 6 есеге қысқарады. Бұдан бөлек, оны телефон арқылы төлеуге болады.

Салықтық реформалар арқылы сала мамандары 2014 жылға дейін салық төлеушілердің қатарын кем дегенде 40 пайызға арттыруды жоспарланып отыр.

Айта кететін жайт, жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржының басым бөлігін, яғни 40 миллионын Үкімет бөлетін.

Салықты телефон арқылы төлеуге болады

Дәулет Ерғожин, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы:

— Жоба аясында біз құжат толықтыруға жұмсалатын уақытты 50 сағатқа дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қазір аталған көрсеткіш 300 сағатқа тең. Бұл бағдарлама 2014 жылға дейін жұмыс жасайтын болады. Кейін бұл әдетке айналуы керек. Бағдарламаның экономикалық тиімділігі 6 есе, ал қаржылық тиімділігі 94 пайызды құрап отыр.

Айта кететін жайт, Қазақстан Салық кодексінің тиімділігі бойынша әлем елдерінің арасында 39-шы орынды иеленіп Германия, Ресей, Украина сынды елдерді арта қалдырып отыр.

Ал, көш басында Малайзия, Норвегия және Канада тұр.

По сообщению сайта Nur.kz