Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кейбір мешіттер қазақ тілін мойындамайды

Дата: 01 марта 2011 в 13:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кейбір мешіттер қазақ тілін мойындамайды

Мағжан некесін қиғызған мешіт қазақ тілін неге мойындамайды?

Елімізде бүгінгі таңда ұзын саны 2200 мешіт бар екен.

Олардың 2191-і Қа­зақ­стан мұсылмандары діни бас­қармасының филиалы болып табылады.

Ал қалған тоғыз мешіт бұл ұйымның қарамағына кір­меген.

Мүфтиятқа мойын­сұн­бай жүргендердің бірі – Қызыл­жар­дағы «Дін-Мұхаммед» мешіті.

Татарлардың мешіті аталып кеткен бұл ғибадат үйінің имамдары діни басқарманың жар­ғысындағы «Діни рәсімдер мен уағыздар қазақ тілінде жүр­гізіл­сін» деген талапқа қарсы.

Қызылжар қаласында төрт-ақ мешіт бар. Соның бірі «Дін-Мұхам­мед» (көпестің есімі) мешітінің са­лынғанына биыл 160 жыл болады. Ғимараты ескі болғанымен, оны мекен еткен татар-башқұрт діни бірлестігінің құрылғанына 15 жыл­дай ғана уақыт өтіпті.

Ертеден қа­зақпен тату-тәтті тұрып келген бұл бауырлардың жеке діни бірлес­тік құру арқылы үй ішінен үй тігуі құптай қоярлық жайт емес.

Мешіт имамы Рафаэль Рязаповтың ай­туын­ша, ақын Мағжан Жұмабаев пен жары Зылиханың некесі осы ме­шітте қиылған екен. Ол өзінің Мағ­жан білім алған «Ғалия» мед­ре­сесінде оқығанын да мақта­ныш­пен айтады.

Қазақстанның діни наным-се­нім­ге шектеу қоймауын пайдала­нып, құрылып жатқан діни бірлес­т­ік­­тердің қатары қалыңдауда. Со­ның ішінде ислами ұйымдардың өз беттерімен жүйесіз жұмыс жүр­гізуі елдегі діни ахуалды күр­де­лендіре түскені анық. Мысалы, 2000 жылы елімізде бар 1143 мешіттің небары 284-і ғана мүф­тият­қа қараған-ды.

Бұл туралы бас мүфти Әб­саттар қа­жы Дербісәлі жаңа жыл қарсаңында өткен құрылтай­да айтқан бо­латын

Ал қалған 829 мешіт түрлі рулар мен жекелеген тұлғалардың, діни бірлестіктердің, тіпті кер­тарт­па ағымдардың иелігінде кеткен екен.

Ал 2000-2010 жылдар ара­лығында 1775 мешіт филиал бо­лып, Әділет ми­нистрлігінен тіркеу­ден өткен. Бұл туралы бас мүфти Әб­саттар қа­жы Дербісәлі жаңа жыл қарсаңында өткен құрылтай­да айтқан бо­латын.

Оларды ең бірінші мазалайтыны – филиал болған мешіттердің ай сайын садақадан түскен қаржының 30 пайызын мүфтиятқа беріп тұру туралы шарты

Қасымхан АБДУЛЛАҰЛЫ, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақсаты – барлық мешіттерді орталықтан басқару. Бұл бірдей уағыз жүргізуге мүмкіндік береді. Имамдарды мүфтият оқытып, сараптамадан өткізіп барып тағайын­дайды. Бұл – елге, дінге қызмет ететін сенімді адамдарды имам қылып тағайындау деген сөз.

Татар мешітімен он шақты жыл бойы жұмыс жүргізіп келеміз, бірақ нәтижесіз. Олар филиал болмағандықтан, мешітте не айтылып жатқанынан, қандай уағыздар жүргізіп жатқанынан хабарсызбыз.

Дегенмен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымдарымен Қызылжардағы татар мешіті келіспей отыр. Оларды ең бірінші мазалайтыны – филиал болған мешіттердің ай сайын садақадан түскен қаржының 30 пайызын мүфтиятқа беріп тұру туралы шарты. Мешіт имамы Рафаэль Рязаповтың айтуынша, бұл қиын тимек, бірақ бұдан өзге де келісе алмайтын тұстары баршылық екен.

Конституцияда діни наным-сенімге еркіндік берілген және діни бірлестіктер құруға да рұқсат барлығы жазылған. Әріптестікке дайынбыз, бірақ филиал болуға қарсымыз.

Рафаэль РЯЗАПОВ, «Дін-Мұхаммед» мешітінің имамы:

– Менің қолымда еліміздің Конституциясы бар. Онда діни наным-сенімге еркіндік берілген және діни бірлестіктер құруға да рұқсат барлығы жазылған. Демек, татар-башқұрт діни бірлестігі заң шеңберін­де жұмыс жүргізуде. Діни басқарма­ның да мақсаты дұрыс, барлық мұсыл­мандарды бір ұйымға бірік­тіріп, бірдей саясат жүргізбекші. Оларды бұл тұрғыда, әрине, қол­даймыз. Әріптестікке дайынбыз, бірақ филиал болуға қарсымыз. Себебі діни басқарманың жарғысын­да мешіт­терге имамды халық емес, мүфти тағайындайды делінген. Меніңше, қандай ұлт көп мекен ететін өңірдің имамы да сол ұлттан болуы керек және халық өзі сайласа. Жарғы­да филиал ретінде тіркелген барлық мешіттерде діни рәсімдер, оның ішінде уағыздар қазақ тілінде жүргізілсін делінген. Бұған тіпті қар­сымыз. Біз өзіміздің тілімізді сақтап қалғымыз келеді.

Біз өзіміздің тілімізді сақтап қалғымыз келеді

Мемлекеттік тілдің мәртебесі күн өткен сайын артып келе жатқаны қай салада болмасын аңғарылуда. Тіпті Қазақстандағы христиан шіркеулері уағыздарын қазақша жүргізуді қолға алып жатқанда, татар бауырлардың қазақ тіліне қарсы шығуын қалай түсінуге болады?

 

По сообщению сайта Nur.kz