Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШҚО-да электрқуат үшін төлемақыны смарт-карта арқылы төлейтін болады

Дата: 01 марта 2011 в 14:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ШҚО-да электрқуат үшін төлемақыны смарт-карта арқылы төлейтін болады

Өскемендік өнертапқыш жарықты есептейтін жаңа құрал ойлап тапты.

Енді шығысқазақстандықтар электр энергиясы үшін төленетін төлемақыны карточка жүйесі, яғни смарт-карта арқылы төлейтін болады.

Мұндай жаңа құралды Өскемендегі «Алтай» технопаркінің «Заманауи құралдар құрылымы» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі Валерий Петров ойлап тапты.

Электр энергиясын есептейтін электрондық жаңа құралдың ерекшелігі сол – төлемақыны мерзімінде төлемей, түлкі бұлаңға салатын тұтынушыларды жарықтан автоматты түрде ажыратып тастайды.

Әзірге электр энергиясы төлемақылары бойынша ғана қолданылғалы отырған жаңа есептеу құралы кейінірек ыстық су, жылу, суық су жеткізу қызметтерін көрсететін барлық коммуналдық қызмет түрлеріне енгізілуі мүмкін.

Жаңа құрал бірнеше жабдықтардан тұрады. Оның бірі пәтер ішіне қойылатын болса, енді бірі әр үйдің подъезіне орнатылады. Және бұған қосымша пәтер иелерінің есептеу құралдарындағы көрсеткіштерді қабылдап, жіберумен шұғылданатын екі терминал жұмыс істейтін болады. Оның бірі – пәтер иелері кооперативінде, екіншісі – электрмен жабдықтаушы мекемеде орналасады.

Жаңа құралдың жай-жапсарын қарапайым тілмен былайша түсіндіруге болады. Мәселен, сіз жарыққа тиесілі төлемақыны төлеп қойдыңыз делік.

Жаңа жүйе бойынша әуелі сіздің төлемақыңыз өзіңіз тұратын ПИК-тегі төлем терминалы арқы­лы сіздің төлем есепшотыңыз бен смарт-картаңызға аударылып, жазылады. Одан кейін қаржы мөлшері көрсетілген деректер смарт-картамен пәтердегі электронды есептеу құралына енгізіледі.

Жіберілген ақша жиынтығы сіздің үйіңіздегі дисплейде көрініп, сіздің қанша төлемақы төле­ге­ні­ңіз­ді хабарлайды

Хабарлап қана қой­майды, есептеу құралы өзіне келіп түскен қаржыны электр энергиясының тұтынылу мөлшеріне орай күн сайын автоматты түрде азайтып отырады. Бұл құрал арнайы белгі беру арқылы сіздің ақшаңыздың азайып бара жатқанын да хабарлап оты­руға мүмкіндігі бар. Егер оған құлақ ас­па­са­ңыз, «төле­ме­сең, жарықсыз қала­сың» деп ескерту жасап, сіздің үйіңізді 5 минутқа жарықтан ажыратып тастайды. Бұл – алғаш­қы белгі. Алғашқы ескерту. Айт­пақ­шы, жаңа құрал пәтер иесіне уақытша несие беруге де мүмкіндігі бар. Бірақ көп емес. Сіздің төлемақыңыздың 2-3 пайы­зын ғана құрайды. Міне, бұл – соңғы мүм­кін­дік. Егер осы мүмкіндікті пай­да­лан­ба­са­ңыз, жа­рықтан айырылдым дей беріңіз.

Бір қы­зығы, жаңа есептеу құралы электр қуатына заңсыз қосылып, энергияны ұрла­ған жағ­дай­ларды бірден тіркеп отырады.

Жаңа құрал туралы бар білетініміз әзірге – осы. Жоба авторының айтуынша, «Технопарктің» жаңа өнімі биыл қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде сы­нақ­тан өткізілетін болады. Сонымен қатар «Технопарктің» жанындағы университет қыз­меткерлері тұратын тұрғын үй мен жатақханаға жаңа құралды орнату көз­де­лі­ніп отыр. Егер іс сәтімен жүзеге асатын бол­­са, жаңа құрал шығыста ғана емес, елі­міз­­дің өзге өңірлерінде де қолданысқа ен­гі­зі­луі ғажап емес.

«Төле­ме­сең, жарықсыз қала­сың» деп ескерту жасап, сіздің үйіңізді 5 минутқа жарықтан ажыратып тастайды

Валерий ПЕТРОВ, жаңа жобаның авторы:

– Біздің ойлап тауып отырған өні­міміз – осы уақытқа дейін шығарылған осы үлгідегі құралдармен еркін бә­се­келесе алатын инновациялық құрал. Шетелдерде шығарылған осыған ұқсас есептеу құралдарының құны бұл құралдан 2–2,5 есе жоғары, жаңа өні­мі­міздің бағасы 12 мың теңгедей болады. Төлемақы төлемеген тұты­ну­шы­ларды осындай тәсіл арқылы жауап­кершілікке шақыру ең оңды әдіс деп білеміз. Бүгінгі күні көппәтерлі тұрғын үйлердегі төлемақы қарызы бар жеке пәтерді жылудан, ыстық су мен суық судан ажыратып тастаудың ешқандай техникалық мүмкіндігі жоқ. Ал осы қызметтерге қарыз болған бо­рыш­кердің пәтерінде жарық сөніп қал­са, ол амалы жоқтықтан өз есепшотын – смарт-картаны толтырып, энергияны қостырады. Өйткені электр қуатынсыз ешкім ештеңе істей алмайтыны түсінікті. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығына үлкен өзгеріс әкелетін, ондағы реттеу тетіктерін барынша жетіл­діре түсетін тиімді жоба бола­ты­нына күмәнім жоқ.

Шетелдерде шығарылған осыған ұқсас есептеу құралдарының құны бұл құралдан 2–2,5 есе жоғары, жаңа өні­мі­міздің бағасы 12 мың теңгедей болады

Қысқасы, жаңа құрал жұмысқа тас-түйін дайын. Жоба авторының айтуынша, аймақта бұрын-соңды болмаған ерекше құрылғыға өңірдегі энергияны тасы­мал­дап, жеткізуші «ШҚ АЭК», «Шығыс­энер­го­трейд» компаниялары мен Табиғи бә­се­келестікті реттеу агенттігі секілді мекемелер ба­ғасы мен батасын берген көрінеді.

По сообщению сайта Nur.kz