Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ерлан Көлбай. Жарты миллион қазақ жоғалып кетті

Дата: 01 марта 2011 в 16:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Екі жылдың алдында 2009 жылы жүргізілген халық санағының ресми қортынды мәліметіне қарағанда: еліміздегі барлық халықтың саны — 16 009 600 (он алты миллион тоғыз мың алты жүз) адамға жеткен екен. 1999-2009 жылдар аралығында тұрғындар саны — 1 мил.  адамға өскен.  Қазақтардың саны 10 096 800 адамды құрап отыр. Барлық тұрғындардың — 63,9 пайызы.

Қысқасы, соңғы 10 жылда еліміз тұрғындары 1 млн. адамға өсіпті. Осы арада бір шикілік тұрған сияқты. Қараңыз: қазіргі таңда 1 млн-нан астам оралман Отанына оралды дегенді зар қақсап айтудамыз. Бұл сөз кейде Елбасының өзінің аузынан шығып кетіп жатыр. Сонда дейміз, мына 1 млн өсімді тек оралмандар ғана құрап отыр  ма?! Қазақстанда атам заманнан өмір сүріп келе жатқан қазақ, орыс, кәріс, татар, өзбектің қатындары қысыр қалған ба?!  Жоқ, олай емес. Гәп басқа да. Қазақстанға 1 млн оралман көшіп келген жоқ. Соңғы 10 жылда, тіптен аз адам көшіп келді. 1991 жылдан бері соңғы 20 жылда ары кетсе 400-500 мың оралман көшіп келді. Қалған 500 мың адам ұшты-күйлі жоқ. Сөйтіп ел аман, жұрт тыныш та жарты миллион қазақ жоғалды.

Сонда ол оралмандар қалай қолды болып жүр? Қолды қылған Көші-қонның өзі. Квота пайда болғалы (2000 жылдан бастап) Қазақстанға қазақ емес, қағаз көшіп келіп жатыр. Көші-қон мекемесі арнайы делделдар арқылы қолдан жалған оралман жасап, ақша алып отырды. Қазіргі Көші-қон комитетінің тарап кетуіне негізгі себеп осы.

Ақихат енді-енді айтылып жатыр. Өткен жылы респуликалық басылым «Егемен Қазақстан» газетінің 14 желтоқсан күнгі санында: «Статистика комитеттінің мәліметіне сүйенсек, жеке куәлігін (азаматтығын айтады — автор) алмаған оралмандардың ұзын саны 400 мыңға жетуі мүмкін. Олар Қазақстан азаматтығының жеке куәлігін неге алғысы келмейді?! Оның себебі түсінікті — олар не квота арқылы көлденең пайда табуды ойлаған алаяқтар; не жалған құжат өткізген өмірде жоқ «өлі жандар» деп жазыпты. Міне, жоғалған 500 мыңның 400 мыңы осы жерден шығып қалды. Қалған 100 мыңның табылуы қиын емес.

Олар расында өмірде жоқ адамдар. Статистика мәліметі өтірік айтпайды.  Ал, шындығында бұдан әлдеқайда көп. Жемқорлық шіркін не істетпейді. Отанына келгісі келген оралмандарды келтірмей, Елбасының демографиялық саясатын аяқ асты етіп, бөлінген қаржыны жеп қою арқылы шетелдегі қазақтарды Отанына жолатпаудың қамын жасаған адамдар — қазақтың жауы.

ҚР Бас Прокуратурасының жақында ғана жариялаған мәліметіне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында  Көші-қонға бөлінген 137 миллион теңгені әлдекімдер жеп кеткен. Маңғыстау облысында да осындай 136 миллион теңге «қолды» болған, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан сияқты бірнеше облыстарда оралмандарға салынуға тиіс 700 үйдің ұшан-теңіз қаржысы жалған ақпар жасау арқылы желге ұшқан. Қазақстанға мүлдем келмеген немесе бұрын бір рет жәрдемақы алған оралмандарға жалған құжатпен заңсыз қаржы төлеу салдарынан 80 миллион теңге талан-таражға түскен. («Егемен Қазақстан», 4 ақпан 2011)

Сол сияқты өткен жылы Қызылжар қаласының маңында «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 140 үй салынған еді. Бір пәтерге 5 млн. теңге жұмсалған. Оралмандарға оның 4,2 млн теңгесін төлеу жүктелген. Оны 15 жылда өтеуі қажет. Бірақ осы үйлер сапасыз. Іргесінен жел аңырып, қатты сөйлесең қабырғасы сөгілуге әзір тұр. «Оралмандарға осы да жетеді» дегендей бөлінген ақшаны құрылыс фирмасы жеп қойған, — деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы