Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Академик Өмірбек Жолдасбековтің ескерткіші бой көтерді

Дата: 02 марта 2011 в 07:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Академик Өмірбек Жолдасбековтің ескерткіші бой көтерді

Академик Өмірбек Жолдасбековтің ескерткіші бой көтерді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оған арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ғылыми қоғам өкілдері, Ө.Жолдасбековтің туыстары және оның Ресей, Италия, Германия, Украина, Беларус, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі әріптестері қатысты.

Қазақстандағы роботтар механикасы, механизмдер және машиналар теориясы мектебінің негізін қалаушы, академикке бүгін 80 жыл толар еді.

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдағанан кейін ғалымның бар өмірі ғылым, біліммен байланысты болғандығын айтып өтті.

«Ол ғаламдық деңгейдегі ғалым, жақсы ұйымдастырушы, елдің жетекші ЖОО-ларын дамытуда баға жетпес еңбек қалдырған адам. Ол кісі көзі тірісінде-ақ ғылыми жаңалықтар мен жаңа мамандықтарға ғылыми орталықтар ашуға ұйтқы болды.Сонымен қатар ол ел тәуелсіздігін құру жылдары мемлекеттің заң шығарушылық қызметіне өз үлесін қосты», -дейді министр.

Ол кісі көзі тірісінде-ақ ғылыми жаңалықтар мен жаңа мамандықтарға ғылыми орталықтар ашуға ұйтқы болды

«Біз айтулы оқиғаға қатысудамыз. Қазақстаннан тысқары аймақта да танымал болған ғалым, ұлы адамға құрмет көрсетудемiз. Ол ғылымның әлемдік деңгейдегі жауһары. Ө. Жолдасбековтың аты ғалым ретінде үлкен әріппен қаланып, ғылымдағы мықты ұйымдастырушылық қабілетімен жас ғалымдарға үлгі болып қалары анық», -дейді Халықаралық инженерлік академиясының вице-президенті, Украина инженерлік академиясының академигі Анатолий Васильев.

Ал өз кезегінде ҚР ҰҒА-ның президенті Мұрат Жұрынов артында іздеушілер, адал шәкірттері бар Өмірбек Арысланұлы шын мәнінде бақытты, еш уақытта аты өшпейтін, жарқын бейнесі жүректе мәңгі сақталатын ұлы абыз ардагер екендігін айтты.

Ескерткішті тұрғызу туралы шешім ҚР Мәдениет министрлігі жанындағы ескерткіш және монумент орнату Мемлекеттік комиссиясында 2010 жылдың 3 қарашасында қабылданған.

Ө.Жолдасбековтің ескерткішіне алаңқай оның өз атымен аталатын Студенттер сарайының сол жағынан өте сәтті таңдалды. Ескерткіштің техникалық құжаттарын «ҚазГор» жобалық академиясы даярлаған.

Жалпы көлемі: мүсіннің биіктігі — 2 метр, ені — 1,3 метр, тұғыр іргетасы 5 метрден асады. Ескерткішті талантты мүсінші Кәдірхан Кәкімов отандық граниттен құйған. Мүсінші Атыраудағы «Сұлтан Бейбарыс», Тараздағы «Ғашықтар» ескерткіштерінің авторы.

Ескерткіш Өмірбек Арысланұлы шәкірттерінің, әріптестері мен ҚазҰУ түлектерінің қаржылай демеушілігінің негізінде тұрғызылды.

По сообщению сайта Nur.kz