Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Көгілдірлер мен еркекшоралар ұйымдарын заңды түрде тіркемек

Дата: 02 марта 2011 в 09:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Көгілдірлер мен еркекшоралар ұйымдарын заңды түрде тіркемек

Украина әділет министрлігі қызтекелер мен еркекшолардың ұйымдарын заңды тіркеуге рұқсат берді.

Билік бұл шешімінен қымсынып та отырған жоқ. Қайта, ұлттық заңнамамызды еуропалық құндылықтарға бейімдеп жатырмыз деп мақтанып отыр.

Ал, украиналық сарапшылар бұл қадам қайта халықтың азғындаған топқа деген жиіркенішін арттыра түсетінін айтады.

Мына әншіні бір қарағанда әйел деп қалуыңыз бек мүмкін. Бірақ, бұл еркек, бірақ көгілдір. Украинаның азшылық тобы оны өздерінің Монросы атап кеткен.

Заң бекігелі ол жабық кештер мен концерттерге еш кедергісіз шақырылатын болған. Бірақ, жынысынан жиренгендерді жұрт құшан жая қарсы алмасы анық.

Монро

«Қысым жасау бар. Негізінен, жастарда басым. Олар өз күш-қуатын қайда жұмсарын білмей, ұрынатын жер таппай жүреді. Себебі, олар баратын біздегі сексиялардың бәрі ақылы. Үйірмелер атымен жоқ».

Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки одағының мәліметтері бойынша, гомосексуалистердің саны соңғы 8 жылда екі есеге артыпты. Көпшілік тұрғындардың да жеккөрініші өсуде.

«Мен әрине, бұған қырын қараймын. Мұндай сұмдыққа жол берілмеу қажет».

«Бұл табиғи емес. Жаратылысынан безінбеуі керек қой».

Бірақ, жаратқанға қарсы шығып, жаратылысынан безетіндер насихат жүмейді. Тәубесіне түсетіндері шамалы. Сондан болар, сөз шығындаудан гөрі, жұдырықпен сазайын беруге дайындар да бар. Мына бейнетаспада тақырбас ұлтшылдар еркек шоралармен қызтекелер әдебиетін дәріптейтін кештің өтуіне наразылық білдіргені түсірілген.

Ал, қызтекелер қоғамында ерекше танымал ғалым Валерий Новицкий өз пәтерінде айуандықпен өлтірілген. Қылмыскер оны 39 жерінен пышақтапты. Дей тұрғанмен азғындар саны азаяр емес. Қазір Украинадағы әрбір 25-ші азамат көгілдір.

Қазір Украинадағы әрбір 25-ші азамат көгілдір

Станислав Науменко — «Один из нас» журналының бас редакторы

«Есеп бойынша, Украинадағы гомосексуалистердің саны шамамен, 1 миллион 200 мың адам».

Психологтар Украина төзімділік деңгейі бойынша Еуропадан 20 жылға артта қалған дейді. Бірақ, алдағы 20 жылда елдің азшылық топқа әбден еті үйреніп кететін айтады.

Осылайша, демократия деп, батысқа еліктеген Украиндар кәрі құрлықты жайлап алған азғындықты да бойына сіңіріп жатыр.

По сообщению сайта Nur.kz