Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кедендік одақ жағдайында бірыңғай аграрлық нарық кеңістігін құру мүмкіндігі туып отыр — А.Күрішбаев

Дата: 02 марта 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ — Кедендік одақ жағдайында бірыңғай аграрлық нарық кеңістігін құру мүмкіндігі туып отыр.

Бұл туралы 1 наурызда ҚР және РФ ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен екінші алқа отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, бизнес құрылымдары бұрын өз өнімін сыртқа шығару үшін алты рұқсат қағазын алатын болса, қазір бұл жұмыс жеңілдетілді. Яғни олардың бекітілген форма бойынша малдәрігерлік сертификаты болуы керек, екіншіден, реестрге тіркелуі қажет, мұны Қазақстанның малдәрігерлік қызметі жүзеге асырады.

«Ресей жағымен біз өзара сенім негізінде жұмыс жасауымыз керек. Тиісті құжаттар қабылданып, бәрі реттелсе, шекара жабық болмайды. Малдәрігерлік сертификат та бірдей болады. Ресей — нарығы ауқымды үлкен ел. Сондықтан жан-жақты қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Асыл тұқымды мал өсіру, мал бордақылау алаңдарын кеңейту, басқа да жобаларды жүзеге асыру арқылы сапалы өнімді шетке де көптеп шығаруға болады. Ең бастысы, бәрін де заңды жолмен реттеп, нарыққа жол таба білуде», — деді А.Күрішбаев.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также