Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кеден одағының бір жылы мемлекет басшыларының дұрыс және оң шешім қабылдағанын дәлелдеді — Ө.Шөкеев

Дата: 02 марта 2011 в 09:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ОРАЛ.  2 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ — Кеден одағының   құрылған бір жылдағы   жұмысы   біздің мемлекет басшыларының     өте  дұрыс   және    оң шешім   қабылдағанын көрсетіп  отыр.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ  Шөкеев   Оралда    өткен  брифингте  осылай  деді.

«Кейбіреулер,  Кеден одағы    асығыс құрылды деп  санайды,   шын мәнінде   бұл идеяны Қазақстан Президенті  1994 жылы Мәскеу мемлекеттік  университетінде     сөйлеген сөзінде   ұсынған  болатын.    Содан бері  бұл  саясат біртіндеп   қолға алына бастады.  Түрлі талпыныстар,  түрлі  тәсілдер   сараланды, соңғы  екі  жылда,   Кеден одағын   дәл  қазіргі конфигурацияда:  Ресей, Беларусь және Қазақстан кіріп отырған құрамда,   тез  және оңтайлы  құра алатынымызға көзіміз жетті»,   — деді Ө.Шөкеев.

Бірінші вице-премьер  сондай-ақ,    өткен жылы Қазақстан   Кеден одағы елдеріне  экспортты  40 пайызға арттырса,    Ресей мен  Беларусь  елінен  Қазақстанға   жеткізілген тауарлар импорты 20 пайызға  өскенін   айтып  өтті.  «Біздің  экспортымыздың    құрылымы  өзгеріп келеді.  Егер бұрындары  оны тек  шикізат ресурстары  құраса,  қазір     өңдеу  саласының,    әсіресе ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерінің  үлесі артып  келеді»,  — деп атап көрсетті Ө.Шөкеев.

«Біздің келісімдеріміздің  бәрі тамаша   және тез   жүзеге асырылып  жатыр демеймін. Дегенмен   барлық кәсіпкерлер    басымдықты сезінуде.  Кеден  одағының  құрылу фактінің  өзі осындай әсер беріп  отыр.  Менің  ойымша, Кеден одағының берер  нәтижелері әлі  алда»,  — деп түйіндеді  өз сөзін Ө.Шөкеев.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы