Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2015 жылға дейін елімізде 350 медициналық мекеме салынады

Дата: 02 марта 2011 в 10:31 Категория: Здоровье

2015 жылға дейін елімізде 350 медициналық мекеме салынады

Оған қоса санитарлық авиация қызметін жандандыру үшін 16 тікұшақ алынбақ.

Бұл ең алдымен ауыл-аймақ тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталып отыр, — деді Сыр өңірінің дәрігерлерімен жүздескен денсаулық сақтау министрі.

Бүгінде аймақ медицинасы бұрын болмаған тың мүмкіндіктерге ие болып отыр. Науқастың дертін тез арада анықтап, жедел көмек көрсетуге және сырқатты белгілері байқалмай тұрып та анықтауға мүмкіндік бар. Оған жергілікті дәрігерлердің айтуынша, мынадай озық үлгідегі шетелдік жабдықтардың арқасында ғана қол жетіп отыр.

Қызылордада компьютерлік және магнитті-резонанасты томография орталығының іске қосылуы аймақ тұрғындарын қуантып отыр.

Абай Әбдіхалықов, компьютерлік томография лаборанты:

— Бұрын мұндай мүмкіндік болған емес. Ол кезде бірнеше қиындықтар болды. Шымкентке жіберетінбіз, Алматыға, Астанаға жіберетінбіз.

Сондай-ақ, облыста кардиологиялық орталық пен бүйрек ауруларын емдейтін арнайы бөлімшенің ашылуы нәтижесінде көптеген сырқаттардың өмірін ұзартуға мүмкіндік туды, — дейді дәрігерлер.

Мұның барлығы мемлекеттік қолдаудың нәтижесі. 2015 жылға дейін «Салауатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласында бірқатар игілікті істерді жүзеге асыру жоспарланып отыр, — деді денсаулық сақтау министрі.

42 мыңнан астам адамға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға болады

Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Біз аурудың алдын-алуға жете көңіл бөлуіміз керек. Әсіресе, алғашқы медициналық көмек сапасын арттырып, ауыл тұрғындарына мамандандырылған қызмет көрсету үшін 50 жылжымалы мобильді кешен алынады. Оның үшеуі Қызылорда облысына тиесілі.

Аймақта биыл 27 медициналық нысанның құрылысы басталып, бір перинаталдық орталық пен емхана пайдалануға берілмек.

Облыста апатты жағдайда тұрған медициналық бекеттерді, ал келер жылы дәрігерлік амбулаторияларды жаңарту жоспарланған.

Ендігі түйткіл өңірдегі бірден-бір типтік емес ғимаратта орналасқан Жалағаш аудандық ауруханасы мен емханасын қайта салу мәселесі болып тұр.

Бұл нысандарды жаңарту арқылы 42 мыңнан астам адамға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға болады, — дейді мамандар.

 

По сообщению сайта Nur.kz