Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада азық-түлік тауарларын төмен бағамен сататын павильондар ашады

Дата: 02 марта 2011 в 14:51

Астанада азық-түлік тауарларын төмен бағамен сататын павильондар ашады

Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұл туралы қала әкімшілігінен хабарлады.

Елорда басшысы, қаладағы супермаркеттер басшыларының қатысуымен Астананың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, нақты міндеттемелерді қойды, алдағы уақыттағы жоспарларды талқылады.

Астанада азық-түлік бағаларының қымбаттауының бірнеше объективті себебі бар.

Олар қала маңында үлкен көлемде көкөніс сақтау қоймаларының жоқтығы, ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілімінің тұрақсызсыдығы мен маусымдық сипаты және өткен жылғы құрғақшылықтың салдары. 9 базар мен 43 супермаркетте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 18 түріне мониторинг жүргізіледі. Тиісті меморандумдарға қол қойылды.

9 базар мен 43 супермаркетте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 18 түріне мониторинг жүргізіледі

Кәсіпкерлерді азық-түлік бағаларын төмендетуге ынталандыру үшін әкімдіктің ықпал етуімен, қала базарларында сауда орындарын жалға алу құны 20 пайызға, ветеринарлық-санитарлық қызметтер 30 пайызға арзандатылды.

Онымен бірге, 5 наурыздан бастап елордада тауарлар 5-10 пайыз үстемемен ғана сатылатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына дисконт қарастыратын — 32 сауда павильоны жұмыс істей бастайды.

Қала базарларында сауда орындарын жалға алу құны 20 пайызға, ветеринарлық-санитарлық қызметтер 30 пайызға арзандатылды

«Соңғы уақытта әкім сайтына біздің базарлардағы бағалардың бейберекеттігіне қатысты көп сауалдар келіп түсуде. Анығын айтқанда, олар негізсіз емес. Үстеме 102 пайызды құрағанда, оны түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Оған тиісті әрекеттер жасап, шаралар қолдану қажет. Құрылымдардың қаржылық ашықсыздығы да бар, онымен айналысу керек. Экономикалық дағдарыс кезінде мемлекет нарық субъектілеріне қол ұшын созады, бірақ жағдай өзгеріп, керісінше мемлекеттің өзіне көмек қажет болған жағдайда нарық субъектілері қолғабыс етуі тиіс. Өзара осындай түсіністік болмаған жағдайда, тиімді әріптестікке қол жеткізу мүмкін емес. Әзірше, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлардың бағасы, коммуналдық қызметтердің тарифтері біздің бақылауымызда болады», — деді И.Тасмағамбетов.

По сообщению сайта Nur.kz