Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

NUR.KZ сауалнамасы. Неліктен біз сапасыз азық тұтынып, зиянды киім киіп жүрміз?

Дата: 02 марта 2011 в 17:21

NUR.KZ сауалнамасы. Неліктен біз сапасыз азық тұтынып, зиянды киім киіп жүрміз?

«Аңқау елге арамза молда» демекші, бүгінде кәсіпкерлердің біразы заңға аса көп мән бере қоймайтын кең пейілді қазақтың табиғатын пайдаланып, өз өнімдеріне ойы­на келген қоспасын қоса беретін болыпты.

Қа­лың жұрттың мұқтажын өтей­тін өнімдердің 50 пайыздан астамы тех­ни­калық талаптарға сай емес. Осындай себептермен еліміздің көптеген тұр­ғындары жыл он екі ай бойы сапасыз азық тұты­нып, зияны шаш етектен киім түрлерін киіп келеді.

Иә, расында, кейбір кәсіпкерлер заң­ды белінен басып, тауар өнімдерін белгілеу регламентін, яғни техникалық реттеу және метрология комитеті бекіткен ережелерге пысқырып та қара­майтын секілді. Олай дейтініміз, кеше осы сала мамандары арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге сатылымда жүрген өнімдердің тең жартысынан астамы (!) техникалық регламентке сай келмейтінін айтты. Өткен жылы Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменттері өнімдердің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау және тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5900 тексеріс жүргізген.

Қа­лың жұрттың мұқтажын өтей­тін өнімдердің 50 пайыздан астамы тех­ни­калық талаптарға сай емес

Шара нәтижесінде 3076 (бұл тексеріс санының 52 пайызы) жағдайдың заңмен белгіленген талаптардың бұзылуы анықталған. Осындай себептермен барыс жылы 2,8 млрд соманың тауарлары өз сатушысын күтіп тұрған сәтінде тәркіленіп, дүкен сөрелерінен аластатылған. «Анық­талған заңбұзушылықтар бойынша 100 млн теңгеден астам сома көлемінде 3 мыңнан астам қаулы шығарылды. Жалпы сомасы 2 млрд 800 млн теңге тұратын тауарларды сатуға тыйым салынды», – дейді Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев. Бұндай заң бұзушылықтар негізінен тауарларды маркілеу және оны сертификатсыз сату, сондай-ақ қауіпсіздік көрсеткіштері сай келмесе де қасақана сату түрінде болып жатады.

Ең өкініштісі, ақша қуғандар балалар ойыншығына да ауыз салған. Шығыс Қазақстан облысында біртүрлі күлімсі исі бар қытайлық ойыншықтарды сатып тұрғандар анықталыпты. Сондай-ақ Қостанай облысында құрамында улы зат – кадмий элементі көп ресейлік күнба­ғыс дәндерін сатуға тыйым салынған. Ал оңтүстік өңірде беріктік көрсеткіштеріне сай келмегендіктен ірі көлемдегі цемент партиясы «жарамсыз» деп танылған. Бү­гін­гі таңда бұл өнімдер тәркіленіп, түгел­дей жойылған.

Қостанай облысында құрамында улы зат – кадмий элементі көп ресейлік күнба­ғыс дәндерін сатуға тыйым салынған

Ал тамақ өнімдері туралы сөз айту­дың өзі ұят. Тамақ өнімдеріне қатысты жүр­гі­зіл­ген тексеру барысында 53 пайызы (1560 тексерістің 829 жағдайы) заңға том­пақ болып шыққан. «Жеңіл өнеркәсіп бұйым­дары соның ішінде балалар киімі мен мектеп формасының 79 пайызы, ал балалар ойыншығының 64 пайызы та­лапқа сай емес. Сонымен қатар құры­лыс мате­риалдарының – 56, мұнай өнім­дерінің – 47, дәрі-дәрмектің 42 па­йы­зы осындай хал­де», – дейді Рыскелді Сәтбаев.

Осыдан соң құзырлы орган мұң шаққанша, олармен неге күреспейді деген сауал туындайтыны сөзсіз.

Сөйтсек, бар бәленің өзі тұтынушыларда жатқан көрінеді. Олар сатып алып тұрған затында заңға томпақ қоспалар бар еке­нін біле тұрып, үндемейді. Ешкімге ша­ғым түсіріп те жатпайды. Ал шағымсыз кәсіпорынды тексеріп көр. Солқылдақ заңды жақсы білетін өндірушілер өзің­ді мұзға отырғызып кетуден тайынбайды. «Біздің қолымызды байлайтын осы жайттар. Тұтынушылар тарапынан шағым­дар келіп түсе бермейді. Біз тек ес­кертулер берумен ғана шектелеміз», – дейді Техникалық реттеу және метроло­гия басқармасының бастығы Қайнар Тайжанов.

Мұнай өнімдерін тексеру барысында да талай былықтың беті ашылған.

Кейбір сатармандар мотор майлары мен трансмиссиялық және өзге де отын түрлерін арнайы сертификатсыз, арнайы таңбасыз, яғни «Бензин, дизель және мазуттың қауіпсіздігіне қойыла­тын талаптар» техникалық регламентін белден басып сата берген. Ал Алматы облысының жанар-жағармай құю стансылары сұйық отын түрлерін мөлшерден аз құйып қып-қызыл пайда тауып отырыпты.

По сообщению сайта Nur.kz