Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда жаңа деректі фильмдер фестивалі басталып кетті

Дата: 03 марта 2011 в 09:20 Категория: Новости культуры

Алматыда жаңа деректі фильмдер фестивалі басталып кетті

Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалі аясында «Мұхтар Әуезов — Триумфатор трагедиясы» атты деректі фильмі көрсетілді.

Фильм қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтың тағдыры, шығармашылығы жайлы, сонымен қатар баспасөз бетінде, телеарналарда жиі айтыла бермейтін жазушының Ленинград қаласында оқыған кезіндегі өмірі, еңбегі туралы баяндайды. Фильмді Николай Анастасьев жүргізіп отырады.

«Бұл фильм мен үшін ерекше туындыларымның бірі. Бір күні мен Н.А.Анастасьевтың «Триумфатор трагедиясы» атты кітабын оқыдым. Осы кітапты оқып отырып үлкен әсер алдым. Кітап тамаша тілмен жазылған. Оның мазмұны да тамаша. Мен бұл кітаптан ерекше әсер алғаным соншалық, министр Мұхтар Құл-Мұхаммедке қоңырау шалып, фильм түсіру туралы ойымды айттым. Міне, бүгін енді сол еңбектің бағасын өздеріңіз берерсіздер. Тағы бір айта кететіні, аталмыш фильм бас кеңесші Мұрат Әуезовтың көмегінсіз өткен жоқ. Мен Мұрат Мұхтарұлына рахметімді айтам», — деді фильм режиссеры Александр Головинский

По сообщению сайта Nur.kz