Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақ Ұлттық техникалық университетінде жас ғалымдар байқауы өтті

Дата: 03 марта 2011 в 10:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақ Ұлттық техникалық университетінде жас ғалымдар байқауы өтті

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Шеврон» компаниясы мен «Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі 40 жасқа дейінгі қазақстандық оқушылар, студенттер, жас мамандар мен ғалымдар арасындағы энергияны үнемдеу және баламалы қуат көздерін пайдалану бойынша жобалардың ІІІ республикалық байқауының қорытындысын шығарды.

Бұл туралы «Жас қазақ үні» хабарлады.

Байқаудың негізгі мақсаты — Қазақстанның экономикалық, энергетикалық және экологиялық түйткүлдерін шешуге қуатты үнемдеу бағдарламаларын енгізу есебінен энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, қуат тұтыну және қуат үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, ол жөнінде халықтың түсінігін арттыру мәселелеріне дарынды жастарды тарту.

Биылғы жылы байқауға 60 қатысушы тарапынан дайындалған 42 жоба ұсынылған екен. Бұл байқау тарихындағы ең үлкен көрсеткіш және осы байқау қазірше дарынды жастарды еліміздің экономикалық, энергетикалық және экологиялық мәселелерін шешуге тартатын бірден-бір шара болып тұр. Оған қатысу арқылы әлі мектеп партасында, студенттік аудиторияда жүріп-ақ немесе ғылымда алғашқы қадам жасап жатқан жастар бұл бағыттарда батыл инновациялық жобалар ұсынуға мүмкіндік алып отыр.

Тәжірибелі ғалым-мамандардан жасақталған қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша, Энергетика университетінің ІІІ курс студенті Әділ Сарыбайұлын жеңімпаз деп жариялады.

Автоматика және басқару мамандығы бойынша жоғары білім алып жатқан оның тақырыбы — электродвигателді қамтамасыз ету мен реттеудің заманауи бағдарламасын жасап шығу екен.

Жеке тұрғын үйде энергияны үнемдеу жобасын ұсынған семейлік жас ғалым Ярослав Романцевтің жұмысы да жақсы баға алды.

Ғалымжан Қасымбеков байқауға «Сумен қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру арқылы Шағын электростансалар жұмысының тиімділігін арттыру» деген жұмысын ұсыныпты

Жуырда ғана «Айқын» газеті жазған «Казгидро» ЖШС-інің жобалаушысы, университет инженері Ғалымжан Қасымбеков бұл байқауға «Сумен қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру арқылы Шағын электростансалар жұмысының тиімділігін арттыру» деген жұмысын ұсыныпты. Мұнда ГЭС тұрғызуға қажетті шығынның 25-30 пайызын құрайтын күрделі тұндырғышты құрылымы қарапайым әрі тазалау мүмкіндігі жоғары гидроциклонмен ауыстыру ұсынылған. Сонда, көрсетілген шығын 7-10 пайызға дейін төмендейтіндігі тәжірибелік сынақ нәтижелерімен дәлелденген. Келешекте елімізде көптеген шағын ГЭС-тер салынады. Егер олардың құрылысында

Ғалымжанның осы жұмысы пайдаланылса, қазына мен инвесторлардың қомақты қаржысын үнемдеуге жол ашылады деген сөз.

Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға дипломдар тапсырылды. Ұйымдастырушылар атынан марапаттау рәсіміне қатысқан Қазақстан Республикасы инженер-энергетиктер одағының президенті, профессор Герман Трофимовтің айтуынша, осындай баламасы жоқ байқау энергия үнемдеу мәселелерінде дарынды жастарды анықтап қана қоймай, озық технологияларды өндіріске енгізуге де көп көмегін тигізеді. Жас мамандар мен ғалымдардың, студент жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы болашақ инженерлердің ХХІ ғасырдың энергетикасы үшін озық ойлы тамаша шешімдер табуына мүмкіндік береді.

Ал «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Замина Қанапиянова:

«Шеврон» әлемдегі ең интеграцияланған энергетикалық компания ретінде энерготиімділік саласындағы техникалық шешімдердің зерттемесін жасауға байсалды көңіл бөледі» деді.

Қатысушылардың бәрі: «Байқауды ұйымдастырудағы мақсат орындалды. Жастар Қазақстанның экономикалық, энергетикалық және экологиялық проблемаларын тиімді шешу ісіне белсенді қатысуға жұлқынып отыр» деп тарқасты.

По сообщению сайта Nur.kz