Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Оңтүстік аймақ уақытша жарықсыз қалуы мүмкін

Дата: 03 марта 2011 в 12:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Оңтүстік аймақ уақытша жарықсыз қалуы мүмкін

Аймақты жарықпен қамтамасыз етуші басты компания – KEGOC таяуда оңтүстік өңірде электрдің болмай қалуы туралы хабарлапты.

Ондай хабарламаның бол­ғаны рас. Яғни алдында «Элек­тр желі­лерін басқару жөніндегі қазақстан­дық компаниясы» АҚ (KEGOC) «Солтүстік-Оңтүс­тік» электр тасы­малы бағытына шама­дан тыс салмақ түскен­діктен, элек­­тр­­мен қамтамасыз ету желісінде кішігірім апат орын алуы ықтимал екенін мәлімдеген.

Аталған компа­ния­ның баспасөз қызметі хабар­лағандай, «Солтүс­тік-Оңтүстік» бағыты жос­пардағы көлемнен артық жұмыс істеп жатқандықтан, кешкі уақыт­тарда нақ осы бағыт бойынша жарық берілмеуі мүмкін, тіпті апат­ты жағдай­дың орын алу қаупі де бар.

Ондағылар желіге салмақ­тың шамадан тыс түсуін Жам­был СРЭС генерациясы деңгейінің төмен­дігімен түсін­діреді. Бүгіндері бір блокты тәртіпте жұмыс істеп жатқан бұл электр стансысына түсетін күш – 90 МВт.

Оңтүстік өңір тұтынысының 50 па­йы­зын құрайтын электр тапшы­лығы бүгіндері солтүстік бағытпен (1300­МВт), Орталық Азия ОЭС-тен (Қыр­ғызстан­ның СЭС) келетін желілер арқылы жа­былуда.

По сообщению сайта Nur.kz