Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әділет министрлігі КТК және «Рахат-ТВ» телеарналарын зияткерлік меншік құқығын сақтау мәселесіне қатысты тексереді

Дата: 04 марта 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ — Арсен Бектасов. Әділет министрлігі наурыз айында КТК және «Рахат-ТВ» телеарналарын зияткерлік меншік құқығын сақтау мәселесіне қатысты тексеру жүргізбекші, деп әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

«Әділет министрлігінің бір міндеті зияткерлік меншік құқығын сақталуын қамтамасыз ету. Тексеру жоспарына байланысты наурыз айына 19 тексеру жоспарланған. Оның ішінде «Коммерциялық теле арна» (КТК) мен «Рахат-ТВ» ЖШС», — деді Е. Ерімбет бейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, ақпан айында осындай тексеру «Евразия+ОРТ» телеарнасында да жүргізілген.

«Тексеру қорытындысында бұзушылықтар анықталған жоқ, бірақ 3 бағдарлама — «Майкрософт» — Windows XP бағдарламалық қамтамасыз етуін заңсыз пайдалану анықталды», — деді ол.

Аталған фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, телеарнаның үш жүйелік блогына қамау жарияланды. Қазір іс сот қарауында жатыр.

Жалпы алғанда, 2 айда әділет министрлігі зияткерлік меншікті пайдаланатын нысандарға жүргізген 295 тексеру қорытындысында, заңсыз айналымнан Т5 млн сомнан асатын 16,6 мың дана контрафактылық өнімі алынды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы