Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қытай азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қылмыс үшін өлім жазасын енгізді

Дата: 04 марта 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бейжің. 3 наурыз. ҚазТАГ — Қытай азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қылмыс үшін өлім жазасына дейін қолданатын болды, деп жазады Синьхуа.

«Қытайдың жоғарғы кеңесінің тұрақты комитеті ҚХР қылмыстық кодексіне түзетулерді бекітті, ол бойынша зорлыққа байланысы жоқ 10 қылмыс үшін өлім жазасы алынып тасталды, сонымен бірге азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қылмыс үшін өлім жазасы енгізілді», — деп 2-ші наурыз күні баспасөз мәслихатында Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің 11-ші шақырылымының 4-ші сессиясының өкілі Чжао Цичжэн мәлімдеді», — деп жазады агенттік.

«Бұл дегеніңіз — Қытайлық үкіметі азық-түлік қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып, оған қатысты жазаның қатаң түрін қолданып отырғанын көрсетеді», — деді ол.

Чжао Цичжэннің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі саласында ең жоғарғы жазаны қолдану қорқыту сипатындағы шара, бірақ одан да маңыздысы, барлық мүдделі мемлекеттік органдар күнделікті жұмыстарын қалыпқа келтіріп, азық-түлік айналымына мұқият бақылау орнату керектігін көрсетеді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы