Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

КО елдерінің премьерлері 15 наурызда Минскіде кездеседі

Дата: 04 марта 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ — Кеден одағына (КО) қатысушы Беларусь, Ресей және Қазақстан елдерінің үкімет басшылары 15 наурызда Минскіде кездеседі. Бұл туралы КО комиссиясының ресми сайтындағы ақпаратта айтылған.

«... Отырыс барысында комиссия мүшелері Кеден одағына мүше-мемлекеттердің үкімет басшыларының 15 наурызда Минскіде өтетін кездесуінің (КО жоғарғы органының отырысының) күн тәртібінің жобасын мақұлдады», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

2 наурызда Мәскеуде мақұлданған күн тәртібінің жобасына сәйкес, үш елдің үкімет басшылары Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға; белоруссиялық-ресейлік шекарадағы көліктік бақылауды КО-ның сыртқы сызығына ауыстыруға; ресейлік-қазақстандық шекарадағы бақылауды КО-ның сыртқы шекарасына көшіруге; ұлтүстілік органдардың қызметін жетілдіруге, соның ішінде, КО комиссиясының қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылайды.

Бұдан басқа, премьер-министрлер ЕурАзЭҚ сотының қызметін құру мен ұйымдастыру, үшінші елдерге қатысты бірыңғай көші-қон және визалық саясат мәселелерін талқылайды.

«... Кеден одағына мүше-мемлекеттердің ДСҰ-ға кіруін қарау да ұсынылды», — деп хабарлайды комиссияның баспасөз қызметі.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы