Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ғабидолла Жәдігер. Бақилық болғандар күте тұрсын ба?

Дата: 04 марта 2011 в 09:30

«Нұр Астана» республикалық жастар апталығында «Жетпіс жеті жылдан кейінгі жаназа немесе  ұлт зиялылары неге үнсіз?» (27.02.2011) деген мақала  жарық көрген болатын. Жарияланымда алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының сүйегі елге жеткізілгендігінен оқырманды хабардар ете отырып, ұлт зиялыларына деген базынамызды да жеткізгенбіз. Әйтсе де, зиялылар сол үнсіздігін әлі бұзған емес. Аруақ сыйлаған ел едік, жаңа ғасырда ол қасиетімізден де ажырап қалғандаймыз. Амал жоқ, сол мәселеге қайта оралып отырған жайымыз бар. Өйткені, Қазақ елі үшін опат болған Смағұл Сәдуақасұлының сүйегі әлі жер қойнына табысталған жоқ. Арыс сүйегінің күлі Астана қаласындағы Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешітте әлі сақтаулы тұр. «Қауіп еткеннен айтамын» демекші, жоғарыдағы мақалада осыған байланысты өз ойымызды да білдірген едік:

«Өлі риза болмай, тірі байымайды». Қазақ асыл азаматтарының сүйегін жер қойнына арулап жөнелткен. Өлік жөнелтуді дауға айналдырмаған. Ендеше, Мәскеуден жеткізілген Сәдуақасұлының сүйегін мұсылмандық жөн-жоралғымен туған топырағына табыстау — Қазақ еліне үлкен сын. Ел тұтқасын ұстағандарға сын. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аталып өтетін жыл ел азаттығы үшін жанын қиған қайраткер Смағұл Сәдуақасұлына құрмет көрсету — тәуелсіздікке тәу етудің өзіндік бір үлгісі болмақ.

...Жетпіс жеті жыл жат жерде жатқан сүйекті енді атажұртында алты күн сақтаудың жөні жоқ, сірә.

Халықтың қаһарман перзенттерін қастерлеу осындай игі шаралардан бастау алар болар?!

...Біз айттық, келесі қадам — билікте!»

Тағы да үнсіздік. Зиялылардың қоғамдық пікірге құлақ аспауында бір гәп бар ма, әйтеуір құзырлы кеңседегілер де қимылсыз. Әншейінде науқандық шараларға белсене кірісетін шенеуніктер шоғыры  Смағұл Сәдуақасұлының сүйегі атажұртқа жеткізілгенінен тіпті бейхабар тәрізді...

Алаш қайраткерінің сүйегі  атажұртқа жеткізілгеніне де  кеше 40 күн толды! 40 күн! О заман да, бұ заман қай қазақ бабасының сүйегін 40 күн бойы көмусіз сақтаған?! Сүйекті осылай қорлауға бола ма? Сүйегін жер қойнына беруді кідірте тұратындай тұлға ма еді Смағұл?! Ол Сәдуақастың перзентінен алаштың қайраткеріне айналды емес пе?!

«Өлі разы болмай, тірі байымайды». Бұрын-соңды қазақ әуелі бақилық болған азаматын алыс сапарға аттандырып алып, тіршіліктің тырбаңына сосын кіріспеуші ме еді?! Әлде, қазір алдымен тірілердің мәселесі шешіліп, науқандық шаралар өткізіліп, кейінгі кезек бақилық болғандарға келе ме? «Жүре берсең, көре бересің» деген осы шығар, бәлкім?!

«Нұр Астана» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы