Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

NUR.KZ сауалнамасы. Қазақстанда билікте, бизнесте әйелдер неге аз?

Дата: 05 марта 2011 в 08:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

NUR.KZ сауалнамасы. Қазақстанда билікте, бизнесте әйелдер неге аз?

Кәсіпкерлер арасында бізде қыз-келіншектер қауымы 40% құрайды.

Жер шары халқының жартысы әйелдер болса да, әлемде 14 әйелдің ғана Президент және Премьер болған.

Швецияда Парламенттің жартысы әйелдер және әрбір үшінші министрлік портфель қыз-келіншектерде, басқа елдердегі Парламентте көп емес.

Ал 123 адамнан тұратын Пәкстан Парламентінің 30-ы әйелдер.

Рас, олардың спикері — қыз-келіншектер қауымының өкілі және көптеген комитеттерді әйелдер басқарады.

Малайзияда 64 сенатордың 31%, төменгі палатаның өзінде 10% әйелдер құрайды.

Әйелдердің билік алуын мақсат ету қажет емес, оларға квота бөлудің керегі жоқ.

Оларды өмір де белсенді болуға балалық шақтан бастап тәрбиелеу қажет, ең белсенді, білімді, еліміздің игілігіне жұмыс істеуге дайын қыздар мен әйелдерді халық өзі-ақ басшылыққа ұсынады.

Әйелдер басшылығын өмірдің өзі талап етуге тиіс.

Демографиялық ахуал жағдайы көп елдерде нашар. Әрбір секунд сайын әлемде 11 адам қаза табады, бала туу осындай болса ғой. Мәселе әйелдердің билікке ұмтылуында емес. Өркениеттің дамуы қолайлы тұрмысқа жеткізеді, адамдар өздерін отбасы өмірінің қам-қаракетіне уақыт бөлгісі келмейді, көп балалы болғанды қаламайды – оларға көп уақыт, қамқорлық қажет қой.

Қазақстан Республикасының Парламентінде 21 әйел бар, бұрын 10 болған

Біз – қазақстандықтар бүгінгі күні әлем халқының небәрі 0,24% құраймыз, бізде 4,3 млн. отбасы бар, 1,5 млн. әйел — үй шаруасында (13%).

Елімізде бала тәрбиесі үшін Нидерландыдағыдай жалақы төлейтін мүмкіндік болса, демография мәселесі болмас еді.

 

По сообщению сайта Nur.kz