Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада әйелдер мерекесіне арналған концерт өтті

Дата: 05 марта 2011 в 09:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада әйелдер мерекесіне арналған концерт өтті

Халықаралық әйелдер күніне әлі 5 күн бар болса да, далаға көктемгі жайма-шуақ келмесе де, айнала нәзіктік пен жылылыққа толып, жақсы көңіл күйге бөленіп тұр.

Ал осынау жайма-шуақ көңіл күйге бүгінгі Конгресс-Холлда өткен мерекелік концерт одан әрі рең бере түскендей. Бұл күні барша қыз-келіншектер мен аналар атына көптеген жылы лебіздер мен жанға жылулық сыйлайтын жақсы сөздер айтылды.

Астана әкімдігі ұйымдастырған концерт көңілден шықты. Ұлттық киім киген жігттердің барша ханымдарды гүл ұсынып, сыпайы жымиып қарсы алуының өзі неге тұрады. Одан бергі де сыйлық пен гүлдің өзі мереке сәнін аша түсті. Бір сөзбен айтқанда, ғажап іс-шара болды.

Мерекелік кешті жүргізуші Бақтияр Қожа мен Нұрлан Абдуллин өздерінің жарасымды әзілдерімен көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлай білді.

— Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер! — деді Бақтияр Қожа мереке барысында.

Жиналған әйелдер қауымы мерекелік нөмірлер – эстрадалық композиция мен серенада тыңдады. Кейбір әндердің өзіндік қайталанбас тарихы болды. Мысалы, Талғат Мұсабаевтың орындауындағы «Мама» ән өзіндік бояуға ие.

Талғат Мұсабаевтың орындауындағы «Мама» ән өзіндік бояуға ие

Ол ән жазылған сәттен бастап, оның орындаушылары Робертино Лоретти мен ұлы тенор Лучано Паваротти және өзге де талантты орындаушылар болды.

Ән Италияда дүниеге келген. Ол жер бетіндегі ең қадірлі жан – анаға арналған. Бүгін осы «Мама» әнін шебер орындаушы әуелете шырқады.

Залда қазақ және орыс поэзиясынан орындалған туындылар да кешті ерекшелеп тұрды.

Мерекелік кеш бойына барша әйелдер қауымына жақсы-жақсы сөздер айтылды. Кешті жүргізушілер соңында көрерменге шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт және махаббат тіледі.

По сообщению сайта Nur.kz