Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда Мәуліт мерекесі бүкілхалықтық дәрежеге көтерілді

Дата: 05 марта 2011 в 18:10

Қазақстанда Мәуліт мерекесі бүкілхалықтық дәрежеге көтерілді

Мәуліт мерекесі Қазақстанда бүкілхалықтық дәрежеге көтерілді.

Оны Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы Мәуліт мерекесіне арналған алқалы жиында айтты.

«Қазір әлемде 6 миллиард халық бар. Оның 2 миллиарды мұсылмандар. Мәуліт мерекесі мұсылман мемлекеттерінде ғана емес, өзге елдерде де атап өтіліп жатыр. Кейбір бауырлармыз Мәуліт деген не не сұрайды. Ол пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с-ның туған күні. Мәуліт араб тілінде туылған күн деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан басталған пайғамбарларымыздың соңғысы хазіреті Мұхаммедтің дүниеге келген күніне атау етіп қойылған сөз», дейді Әбсаттар қажы.

Бас мүфтидің айтуынша, пайғамбардың дүниеге келген күні биыл елімізде 14-ақпанмен тұспа-тұс келіп отыр. Сол себепті 14 наурызға дейін мұсылмандармыз туған күнді атап өтетін болады.

Жалпы Мәуліт мерекесін атап өту алғаш рет 909 жылы Мысырда басталды.

Ал ол 1207 жылдан бастап ресми түрде атап өтіліп, бұл мереке XVІ-XVІІ-ғасырларда Осман империясының ресми мейрамы болып бекітілген.

«Мәуліт мерекесі біздің елімізде де біраз ғасырдан бері тойланып келе жатыр. Бірқатар ақындар мен дін қайраткерлерінің қазақ тілінде жазылған Мәуліт жырлары да бар. Қазір Мәуліт Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бастауымен бүкіл елімізде тойлануда. 2000 жылдан бері Ол белсенді түрде өткізілуде. Бүкілхалықтық дәрежеге көтерілді.

Жалпы Мәуліт мерекесін атап өту алғаш рет 909 жылы Мысырда басталды

Алғашқы кезде бұл шара Алматыда Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры мен Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспрімдер театрында өткізіліп келген еді. Ол 2007 жылдан бастап Республика сарайында тойланды. Енді ол еліміздің ең үлкен сарайында өз жалғасын тауып отыр», дейді шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі.

По сообщению сайта Nur.kz