Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азаматтарды заңсыз ұстау әлі де орын алып отыр

Дата: 05 марта 2011 в 18:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Азаматтарды заңсыз ұстау әлі де орын алып отыр

Батыс Қазақстан облысында азаматтарды заңсыз ұстау фактілері әлі де орын алып отыр.

Бұл туралы 4 наурызда облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтың төрағалық етуімен өткізілген прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, облыс прокурорлары 2010 жылы ішкі істер органдарының қызмет орындарынан заңсыз ұсталған 12 азаматты босатса, биылғы екі айдың өзінде мұндай фактілер саны 10-ға (Орал қаласында — 7, Бөрлі ауданында — 3) жетті.

2010 жылы заңсыз ұсталған 12 азаматты босатса, биылғы екі айдың өзінде мұндай фактілер саны 10-ға  жетті

Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.05.1996 жылғы №665 қаулысына сәйкес, тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды ұстауға, олардың кiм екенiн анықтап, тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медициналық, әлеуметтiк және т.б.) тапсыру мақсатына арналған қабылдау-бөлу орындарына орналастыру барысында да анықталды.

Мәселен, аталған мекемеге 5 адам негізсіз орналастырылған, оның екеуі қылмыстық істер бойынша күдікті, ал үшеуі куәгер болып табылады.

Облыс прокуратура органдары өткен жылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекетіне шағымдану туралы 168 өтінішті қараса, соның ішінде 147-сі тергеудің тыйым салынған әдістерін қолдануға байланысты. Сонымен қатар азаматтарға дене жарақатын салған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үстінен 6 қылмыстық іс қозғалды.

Орал қалалық сотының үкімімен азамат Ж.Құсекеновке дене жарақатын салғаны үшін бұрынғы полиция қызметкерлері М.Байсенов және Ж.Оразалиевке ҚР ҚК 63-бабын қолдану арқылы 3 жыл шартты мерзім белгіленіп, сонша мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Уақытша оқшаулау изоляторлары да талапқа сай жабдықталмаған

Уақытша оқшаулау изоляторлары да талапқа сай жабдықталмаған. Прокуратура органдарының араласуымен изоляторларды жөндеу мен салуға облыстық бюджеттен 28 млн. астам теңге бөлінді. Басқа да заңбұзушылықтар орын алып отыр.

Алқа мәжілісінде құқық қорғау органдары басшыларынан кемшіліктерді жою бағытында тиісті шаралар алуы қажеттігі атап өтілді.

По сообщению сайта Nur.kz