Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда «Төрегелді Шарманов — Әлем азаматы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Дата: 05 марта 2011 в 19:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыда «Төрегелді Шарманов — Әлем азаматы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Бүгін Алматы қаласындағы «Цезарь» кинотеатрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалінің аясында кезекті «Төрегелді Шарманов — Әлем азаматы» деректі фильмі көрсетілді.

Фильм ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесшісі Төрегелді Шарманов жайлы.

Кинода қуғынға ұшыраған Ұлытау өңірінің тумасы, бақталастық пен түсінбестікке тап болып, еш бір қиындыққа мойымай, тек алға қадам басып келеді.

Аталмыш фильм көбіне тек оптимистік жағынан түсірілген. Мұнда, академиктің қиын-қыстау кездері көрген ауыр өмірі жайлы көп айтылмайды.

Оның себебін, режиссер Бахыт Ғафу былай түсіндірді:

«Мұндай тұлға жайлы бір кино түсіру аздық етеді. Төрегелді Шарманов жайлы әлі талай кино түсіруге болады. Бұл кісінің жүріп өткен жолы кімнің болмасын көңілін босатпай қоймасы анық. Біздің осы кино арқылы айтқымыз келгені — қандай қиын асулар болса да, мықты, жігерлі, өзіне сенімді адам, әрқашан алдына қойған мақсатқа жететіндігі. Менің кино барысында байқағаным, Америка, Женеваға барып арнайы осы кісіге қатысты сұхбат алу барысында Төрегелді Шармановты олар тек ғылыми жағынан емес, адами қасиеті үшін аса жоғары бағалайтындығы. Мен осындай адаммен танысқаным үшін қуаныштымын. Бұрын сырттай жақсы білетінмін. Бірақ, ішкі жан-дүниесіне үңілгенімде қайран қалдым».

Шарманов Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына қарасты Ұлытау ауылында дүниге келген. 1955 жылы Қарағанды медициналық институтын бітірген. Сол жылы аталған оқу орнының Фармакология факультетінің аспирантурасына түседі.

Бітірген кезден бастап, 1958-1962 ж.ж. аралығында Ұлытау аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметінде болған. 1962-1968 ж.ж. — Қазақ КСР Ғылыми-зерттеу институтының аймақтық патология бөлімінің меңгерушісі болды. Кейін, 1968-1971 ж.ж. — Ақтөбе медициналық институтының ректоры қызметін атқарған. 1971-1982 ж.ж. — Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі болды. Бұл кезең «Отандық медицина саласындағы алтын ғасыр» деген атауға да ие болған. Осы кезден бастап басқа да лауазымды қызметтерді атқарған.

Ал, 2000 жылдан бастап сол жылы құрылған ҚР Ғылыми және технологиялық ұйымдар ассоциациясының вице президенті және президенті қызметтерін атқарды және атқарады.

Шарманов әлемдік деңгейдегі көптеген ғылыми-медициналық зерттеу жобаларына басшылық етті

Академик Шарманов -350-ден астам еңбектің авторы, оның 22-сі монография болып табылады.

Қазақтан шыққан еңбекқор ғалым Орта Азиядағы тағамтану институттарының ашылуына себепкер болды.

Шарманов әлемдік деңгейдегі көптеген ғылыми-медициналық зерттеу жобаларына басшылық етті. Сондай-ақ,

Шарманов -дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮСАИД, ЮНИСЕФ секілді халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік қатынас орнатқан тұлға.

Сондай-ақ, Төрегелді Шармановқа дүниежізілік денсаулық сақтау саласына сіңірген елеулі еңбегі үшін Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ең жоғарғы марапаты тапсырылған. Ол елу жылдық тарихы бар Леон Бернард атындағы мәртебелі медаліне ие болды. Аталмыш жүлдеге әлем бойынша қырық бір адам ғана ие екен. Т.Шарманов 42 иегері атанған.

По сообщению сайта Nur.kz