Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қоғамдық ұйымдар метадонға қарсы

Дата: 06 марта 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қоғамдық ұйымдар метадонға қарсы

Есірткіге тәуелділердің метадонмен емдеуге тиым салуға қажет.

Осылай деген қоғамдық ұйымдар Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады. Олардың айтуынша, аталмыш дәрінің пайдасынан зияны басым. Толығырақ, Ербол Мәндібек әңгімелейді.

Есірткіге тәуелділерді «Метадонмен» емдеу пилоттық жобасы осыдан үш жыл бұрын Павлодар мен Теміртауда басталды. Содан бері көптеген нашақор есірткіні тастап, оның орнына тәулігіне бір мезгіл «метадон» сұйықтығын пайдаланып келеді. Бірақ, Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар «методанға» күн санап қарсылық танытуда. Себебі, бұл әдетсің пайдасынан зияны көп деп санайды. Олардың сөзіне қарағанда аталмыш сұйықтықты пайдаланған нашақорлардың бірі қайтыс болып кеткен. Сондықтан метадонмен емдеуді тоқтатуды сұрап, елбасына ашық хат жолдады.

Зоя Нагих — «Матери» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

«Ақшаны желге ұшырғанша, ең дұрысы елімізде арнайы орталықтар ашу қажет. Онда ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың бақылауы басым болса бәрі дұрысталады. Мемлекетке бізге көмектессе, біз мемлекет үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз».

Нашақорлық мәселесі жөніндегі республикалық медициналық-әлеуметтік орталық директоры Нұрлан Ережеповтың айтуынша, еліміздегі метадонмен емдеу пилоттық жобасы биыл аяқталмақ. Әзірге, денсаулық сақтау министрлігі нақты шешім шығармаған. Дегенмен, орталық директоры метадонға қарсы шығып жүрген адамдардың әрекеті қисынсыз дейді. 2012 жылы метадон біздің елде өндіріледі деп отыр.

Нұрлан Ережепов — республикалық мемлекеттік нашақорлық мәселелерінің медициналық-әлеуметтік ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры

«Кейбір қоғамдық ұйымдар өздерін жарнамалау үшін әдейі қарсы шығып жатыр. Дегенмен мұны мен дөп басып айта алмаймын. Олар нақты себебін біліп алуы тиіс».

Ал, медицина ғылымдарының докторы Қорлан Сәдуақасованың метадонға қатысты пікірі мынандай.

Қорлан Сәдуақасова — С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің профессоры

«Менің ойымша, метадон дәрісі бірнеше жылдар бойы қоймада сақталып тұрған. Ал, өндірушілер қол қусырып қарап отырмай, метадоннан пайда табудың тиімді жолын іздеген. Міне, біздің елді тапты. Өз ойларын жүзеге асыру үшін ВИЧ-СПИД орталықтарын сылтау етті».

Ал, Павлодардағы «Аналар» қоғамдық бірлестігінің өзге ұйымдармен бірге Президентке жолдаған ашық хатына әлі жауап келген жоқ. Бірақ, дәрігерлердің метадонмен емдеу тәсіліне тоқтау салынар деген сенімде.

По сообщению сайта Nur.kz