Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алашорда көсемінің туғанына 145 жыл

Дата: 06 марта 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алашорда көсемінің туғанына 145 жыл

Әлихан Бөкейхановтың туғанына 145 жыл.

Бірақ, тарихшылар әлі күнге дейін Алашорда көсеміне қатысты әлі ашылмаған біраз ақтаңдақтар бар дейді. Бөкейхановқа қатысты құжаттардың біразы Ресейдегі ФСБ архивтерінде шаң басып жатыр. Құпия деген таңбасы жойылған кейбір құжаттар ғана алаштанушыулардың қолына түсті. Соңғы деректермен тілшіміз Айбар Олжаев танысып қайтқан болатын.

24ке толғанға дейін Әлихан ресми құжаттарда Бөкейханов емес, Нұрмұхамедов болып келді. Нағыз тегін тек 1906 жылы қайтарып алған болатын. Сол жылы Омбы училищесінің директоры Доброхотов Қарқаралы уезінің бастығына хат жазады. Директор Нұрмұхамедовты Бөкейханов деген фамилияға ауыстыруды өтінген. Бұл хат Омбы қаласының архивінен табылды.

Мәмбет Қойгелді — тарихшы

«Нұрмұхамед әкесі оның. Кейін өзі ресми құжаттарда Бөкейханов дейді, ал еркін мақала жазғанда Бөкей Хан деп қояды. Ал газеттерге жазған псевдонимі Қыр баласы болатын».

Мынау Бөкейханов өз қолымен толтырған алғашқы тұтқын анкетасы. Онда қызметін тілші, аудармашы деп көрсетеді. Ал шыққан тегі деген тұсқа «Сын казаха» деп жазған. Керекуде түрме отырып бір шағым түсіргені бар. Тәркілеу кезінде портфелінде Абай өлеңдерінің қолжазбасы болған. Бөкейханов осы жазбаларды жоғалтып алдыңдар, оның құны 5 мың рубль тұрады деп әкімшілікке хат жазады. Бес мың деген ол кезде қып-қызыл ақша болатын. Бұл құжаттарды алаш арасы өз қаржысына сатып алуы мүмкін. Өйткені, ол кезде түрмеде отырған адамның өтемақы талап етуі ақылға суымайтыны түсінікті.

Бейбіт Қойшыбай — тарихшы

«Шығыс баспасынан, академиядан шығарылғаннан кейінгі өмірі мүлде белгісіз. Пенсионер болды, үйқамақта отырды дейді, онда да не істегені белгісіз. Бірақ Сталин онымен кездесіп отырған сияқты».

Бөкейхановтың соңғы тұтқындалуына НКВД-ның нөмірі 3640-шы ордері себеп болды. Бутырка Алаш арысының соңғы түрмесі еді. Судья Голяков екі баппен істі деп тауып, ату жазасына кеседі.

Қайда жерлегені жөніндегі құжат әлі табылмай отыр. Оны білу үшін ФСБ-дағы құжаттарды ақтару қажет дейді алаш мұрасын зерттеушілер.

Қазір арнайы қызмет мұрағатында Алашордаға қатысты материалдардың шамамен отыз пайызы жатыр. Қазақ зиялылары алдағы бес жылда ақтаңдақтардың барлығын жарыққа шығаруға үмітті.

Бөкейханов 55 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты бізден 34 жыл бойы жасырып келді

Атылар алдындағы соңғы сөзінді айт дегенде, Бөкейханов, «Мен Совет үкіметін жек көрдім, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деген. Осы сөздер НКВД-ның протоколында бар. КСРО әскери сотының хатшысы Никоновтың хатына сенсек, Бөкейханов 55 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты бізден 34 жыл бойы жасырып келді.

1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады. Бірақ оған қатысты құжаттардың біразын ФСБ әлі де болса құпия сақтап отыр.

 

По сообщению сайта Nur.kz