Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дәулеткерейдің болыстық құрған жері — азапты Азғыр даласы

Дата: 06 марта 2011 в 13:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дәулеткерейдің болыстық құрған жері — азапты Азғыр даласы

Азғыр. Құлазыған қу медиен дала. Тарихта ХІХ ғасырдың басында бұл жер бүтіндей бір елдің ата қонысы, құтты мекені болған деп айтады.

Ертегі секілді. Жер-Ана жаралғалы осы мекен тап осы меңіреу қалыптан ажырамай тұрғандай көрінеді. Бөкей ханның інісі Шығайдан тараған дәулескер күйші Дәулеткерейдің болыстық құрған жері еді ғой бұл. Мұрағат құжаттары ХХ ғасырдың бас кезінде Азғыр өңірінде 14 ауылдық кеңес болғанын айтады.

Қазақ жерінің бір бұрышындағы қазаны қайнап, бала-шағасы ойнап, атырабы жайнап тұрған мекен әлдекімдерге артықтау көрінді ме екен, КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылғы 4 қараша күнгі жасырын қаулысы бойынша Нарын құмы «Ракета техникасы сынақтарын өткізу үшін» әскерилерге беріліп кетті.

Тыныш өмірдің шырқы осылай бұзылды. Іргесі қалың ел ата күлдігін тастап, айдаладан қоныс іздеуге мәжбүр болды. Әрісі Ресей асты, берісі Қазақстанның оңтүстігіне ауды. Ал Азғырға «Оңтүстік сейсмикалық экспедициясы» деп аталған атом сынақтарының техникалық базасы орналасты.

Осы базаның күшімен 20 жыл бойына 17 рет жерасты атом сынақтары жасалды.

Жағдай тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана түзелді. Полигон жабылды. Бірақ оның зардабын жергілікті жұрт әлі күнге тартып отыр.

Жақында Үкімет басшысының тапсыр­ма­сы­мен сол Азғыр өңіріне құрамына облыс әкі­мінің орынбасары Серік Айдарбеков, ау­дан әкімі Аманжан Тәкешев, Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының де­путаты Сәрсенбай Ең­сегенов және Қа­зақстан Республикасының қоршаған ор­таны қорғау вице-министрі Мә­жит Тұр­ма­ғамбетов, Қазақстан Республи­ка­сының Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау ми­нистрлігінің, Денсаулық сақтау ми­нистрлігі СЭҚ Комитетінің, Ауыл ша­руа­шы­лығы министрлігі Су қорлары коми­те­тінің, «Қа­зақстан Республикасы Ұлттық ядролық ор­талығы» РМК Ядролық физика инсти­ту­ты­ның және осы инсти­тут­қа қарасты эко­ло­гия­лық зерттеулер ор­талығының өкілдері енген ар­найы ко­мис­сия барып, мән-жаймен таны­сып келді.

Одан соң облыс әкімі Бергей Рыс­қалиевтің төрағалығымен өткен бас­қо­суда Азғырдың ахуалы жан-жақты баян­далды.

Комиссия отырысының қорытындысы бо­­йынша Азғыр өңірінің геоэкологиялық жағ­­да­йы күрделі деп бағаланды. Айталық, жер қыр­тысы мен өсімдіктер радионуклеидтің кө­теріңкі құрамымен залалданған. Ал жер­асты суларында кадмий, литий, мыс, мар­га­нец сияқты элементтер мөлшері көп. Малды суаруға пайдаланып отырған жоғарғы дең­гейдегі сулардың құрамындағы зиянды зат түрлері рұқсат етілген мөлшерден жүз есе артық болып отыр.

Азғыр өңірінің геоэкологиялық жағ­­да­йы күрделі деп бағаланды

Дәрігерлердің дерегі

Азғырда болған 17 жарылыстың нәти­же­сін­де, көлемі 1,2 миллион текше метрді құрайтын аса қауіпті тоғыз жерасты шұңқыры пайда болған. Радиация көлемі өте күшті. Жа­рылыстан көз ашпаған даланың жан жа­расы әлі ауыр. Бұл жердің жұрты ажалынан бұрын өлім құшады, өйткені денсаулықтары облыстың өзге аудандарындағы тұр­ғын­дармен салыстырғанда екі жарым-үш есеге де­йін төмен.

Кішкене ғана елді мекеннің өзін­де 350-ге жуық мүгедек бар.

Күні кешегі ар­найы медициналық тексеру 15-40 жас ара­лығындағы азғырлықтардың қан құ­ра­мынан ауыр металдар өте көп деңгейде та­был­ғандығын көрсетті. Бұған радиоактивті элементтердің ауыл адамдарының ағзасына әбден еніп кет­кендігі себеп деген тұжырым бар.

15-40 жас ара­лығындағы азғырлықтардың қан құ­ра­мынан ауыр металдар өте көп деңгейде, кадмий 4 есеге көбейіп кеткенін көр­сеткен

Сон­дай-ақ зерттеулер улы металдар мен ра­дионуклеидтердің зардабынан 15 пен 40 жас аралығындағы тұрғындардың қан құ­ра­мындағы қорғасынның мөлшері нор­мадан 1,6 есе жоғары болса, 30-39 жас ара­лығындағы адамдардың қан құра­мын­дағы кадмий 4 есеге көбейіп кеткенін көр­сеткен.

Құрманғазы ауданының әкімі Аманжан Тә­кешов арнайы зерттеулердің судың құ­рамында магний, калий, кальций, литий, ни­кель және берилийдің көп мөлшері бар екендігін анықтағанын айтады. Бұл халық арасында асқазан-ішек аурулары, жүрек-қан тамырлары ауруларының кең тарауына себеп болып отыр.

«Азғырдағы жер әлі күнге дейін радиациядан жапа шегіп келе жатыр, – дейді әкім, – өйткені цезий-137 33 жылдан кейін, стронций 90-100 жыл­дан соң ғана ыдырайды, ал 239-изотопты плу­тонияның ыдырау мерзімі – 242 жыл­дан 6000 жылға дейін екен».

Демек, жер тағдырын осы бастан қолға ал­масақ, Азғырда дүниеге келетін әлі қан­ша ұрпақтың обалы мен сауабын кімге ар­та­мыз?

Ғалымның уәжі

Азғыр полигоны 1995 жылдан бастап Ұлт­тық ядролық орталықтың құзырына берілген еді. Ядролық физика инс­ти­ту­ты­ның директоры Әділ Төлеуішовтің ай­туын­ша, 2001 жылдан бастап ол жерде ра­­диациялық бақылау, 2002 жылдан ра­дио­активті дақтарды жою жұмыстары жүр­гізіліп келеді екен. Бізді ойландырған бір жайт, Азғырға радиоэкологиялық жә­не радиациялық мониторинг жұмыстарын жүр­гізіп келе жатқан Ұлттық ядролық ор­та­лықтың Ядролық физика институты зерттеулерінде полигон орталығының тұр­ғындары үшін басты проблема таза ауыз су екендігі айтылады, алайда «дәл қазір олар пайдаланып отырған жерасты суын­дағы радиоактивті қауіпті элементтердің кө­лемі шамадан тыс емес» деген де­ректер кел­тіріледі.

Ал Батыс Қазақстандағы жер қой­науы мекемесінен келіп түскен ақ­па­рат­тарда Азғырдағы жерасты суларында ли­тий, калий, магний сынды радиоактивті эле­менттердің жүз есе көп екендігі жа­зыл­ған. Денсаулық сақтау министрлігінің өзі осы департаменттің тұжырымымен келісіп отыр. Осыдан-ақ, аталған институт жұ­мы­сының қаншалықты дәрежеде екенін ба­ғам­дауға болатын шығар.

Тағы бір жайт – аса қауіпті деп танылған Азғырдағы тоғыз алаң сыммен ғана қоршалып тұр. Дұ­ры­сында мұндай қауіпті алаңдар темір бе­тон­мен қоршалуы керек еді. Жергілікті тұр­ғын­дардың айтуынша, сүтін ішіп, етін жеп отырған төрт түлік малдары қазір сол қоршауларда жайылып жүр. Өйткені қор­шау сымнан ары өту малға аса қиындық әкел­мейді.

Бірақ мұны да институт бас­шы­лығы жоққа шығарды: «Кезінде мұның бә­рі республикамен де, облыспен де ке­лі­сіл­ген, сым қоршаулар барлық нор­ма­тивтерге сай жүргізіліп отыр», – деді Тө­ле­уі­шов мырза өзіне сауал қойған облыстық тө­тенше жағдайлар басқармасының өкі­ліне.

Тоқтар Әубәкіров: «Азғыр полигоны Семей полигонынан да қауіпті»

Депутат не дейді?

Азғыр жайы Мәжіліс мінберінде көтерілгелі де аз уақыт болған жоқ. 2007 жылы халық қалаулысы Тоқтар Әубәкіров: «Азғыр полигоны Семей полигонынан да қауіпті» деп дабыл көтерсе, Ұзаққали Елеу­баев та өз кезегінде туған жерінің жан­айқайын жоғарыдағыларға жеткізуге күш салып еді. Күні кеше ғана ҚР Пар­ламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің атына сенатор Сәрсенбай Еңсегенов былай деп са­уал жолдады: «Азғыр ядролық сынақ по­лигонында соңғы үш сынақ 1979 жылы А-8, А-10 және А-11 технологиялық алаң­дарында жүргізілген. Тұрғындардың сө­зіне қарағанда, А-8 алаңындағы сынақ ке­зінде улы заттар жер қабатын жарып шығып, саңырауқұлақ тәрізді шаң-тозаң жер бетінде тұрған. Ал А-9 алаңы ау­ма­ғындағы жер опырылып төмен түсіп кет­кен, нәтижесінде диаметрі – 600 метр, те­рең­дігі 35 метр шұңқыр пайда болып, іші суға толып тұр. Мұндай белсенді ядролық сынақтардың өткізілуі Азғыр аймағының табиғатына және сол жердің тұр­ғын­да­рының пайдаланып отырған ауызсуы мен мал суаратын суларының сапасына әсері жоқ деп айтуға болмайды. Сынақ ба­ры­сында пайда болған тоғыз жерасты қуыс­та­рының барлығына су жиналған, бұл жер­­асты суларымен байланыстың болуын көр­сетеді».

Ал халыққа қара су мұң

Аймақтағы тоғыз елді мекенді Қоянды топ­тық су жүйесіне қосу 1995 жылы бас­талып еді. Бірақ бұл жобаның 2-нші және 3-кезеңдерін жүзеге асыруға

Үкімет тарапынан жеткілікті қаржы бөлінсе де, соң­ғы 15 жыл бойы шешімін таппай ке­леді.

Бұл жайлы Еңсегенов мырза депутаттық сауалында да атап өтті:

«Мем­ле­кеттен екінші және үшінші кезеңге бө­лінген 816 млн 806 мың теңгенің иге­рілуінде түсініксіз жайттар көп. Атқарылған жұ­мыстар сапасыз, мемлекет қаржысы талан-таражға түсіп, құрылыстың аяқталуы жылдан-жылға ауыстырылуда.

Атқарылған жұ­мыстар сапасыз, мемлекет қаржысы талан-таражға түсіп, құрылыстың аяқталуы жылдан-жылға ауыстырылуда

Уақытында жоба әкімшісі Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің су комитеті тарапынан бақы­лау жеткіліксіз болған. Осының бәрі ма­ңызды әлеуметтік жобаның созбалыққа салынуына себебін тигізіп отыр. Сонымен бірге бұл табиғи жағдайы қатал, ядролық сынақ өткізілген аймақта тұратын сегіз мыңға жуық адамдардың орынды реніш­терін туғызуда».

Азғыр аймағын мекен­деушілердің ең басты мұқтаждығы осы таза ауызсуы.

Мұндағы жерасты суын ішу өте зиянды. Алайда басқа амалдың жоқ­тығынан жергілікті тұрғындар сол суды күн­делікті тұрмыста пайдалануға мәжбүр.

Бесіктегі баласынан төрдегі қариясына дейін улы ауа жұтып, лас сумен шөл қандырып, ауру малдың етімен қоректеніп отыр

Құм төсіндегі ахуал, осылайша, күн санап күрделеніп барады. Елдің бір шетіндегі мекеннің зобалаң зардабынан айыға алмауы – тек Атыраудың ғана емес, күллі қазақтың проблемасы.

Бесіктегі баласынан төрдегі қариясына дейін улы ауа жұтып, лас сумен шөл қандырып, ауру малдың етімен қоректеніп отырғаны, ал аулада XXI ғасырдың салтанат құрып тұрғаны қарама-қайшылық емей не? Ауыл тұрғындарын сауықтыру, полигон зардаптарын жою мәселесі сол үшін де ұзаққа созылмай, шешімін тапса екен дейміз. Үкіметтің осы жолғы бетбұрысынан ел сондықтан да үмітті.

 

По сообщению сайта Nur.kz