Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бекен Қайратұлы. Абай һәм Әлихан

Дата: 06 марта 2011 в 20:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Наурыздың 5-і күні астаналық жастар алаш ардагері Әлихан Бөкейхановты еске алу мақсатымен (туған күні екен) «Отан-Ана» ескерткішінің қасына жиналды. Осы орайда, Әлихан Бөкейхановтың ұлы Абай  шығаршылығына қатыстылығы жайлы мына бір деректі сөз етуді құп көрдік.

Павлодардан 100 шақырым жерде «Тұз қала» дейтін кент бар. Өткен ғасырдың басында шамамен 1905-06 жылдары осы жерде Әлихан Бөкейхановты патша шенеуніктері тұтқындайды. Тұтқынға алынған адамды түрмеге жаппай тұрып, алып жүрген дүние мүлкін тексеріп хаттама жасайтын тәртіп болған. Ол қазір де бар. Сондағы Әлиханды тұтқындау барысында толтырылған хаттамада: «Абайдың өлеңдер жинағы — 1, бағасы -100 теңге» деген дерек бар.

Нақтырақ айтқанда, патша шенеуніктері тәркілеген Абайдың өлең кітабы емес, қолжазбасы.  Осы жылдары Әлихан мырза Абайдың жырларын жинаттырып, кітап етіп шығару үшін бір данасын өзімен бірге алып жүрген сияқты. Шенеуніктердің тәркілеп жүргені осы. Әлекең оны 100 теңге деп бағалатқан.  Бұл баға сол кездің нарығымен бір қора қойдың құны.

Абайдың өлеңдерін жинап әзірлеген — Кәкітай. Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балалары Әлиханның тапсыруымен ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазға салым Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Тапқандарын Мүрсейіт Бікеұлының қолына беріп, әдемілеп, көшіртеді. Ескіше құсни-көркем жазудың хас шебері Мүрсейіт молда арнайы тігілген қоста отырып, бір айда жазып шығады.

Әлекең 1915 жылы 18-қаңтар күні «Қазақ» газетіне жарияланған Кәкітайдың қазасы жайлы мақаласында: «...1904 жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым. 1905 жылы шілденің аяғында Кәкітай Абайдың қолжазбасын алып, Омбыдағы маған келді. Кәкітай біздің үйде бірер жұма жатты...» дейді.

Кәкітай келгенде Әлихан Омбыда болатын. Олар ­­ — Абай өлеңдерін 17 бөлікке топтастырып, әрбір бөлікке жекелей тақырыптар («Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы», т.б) қойған. «Ақын шығармаларын бұлай жіктеу шартты түрде болса да, тақырыбына қарай топтап бастыру сол замандағы оқырман қауымға Абайдың ақындығын таныту жолын жеңілдету мақсатынан туған болатын» деп тұжырым жасапты ғалым Қайым Мұхаметқанұлы марқұм. («Абайдың ақын шәкірттері», Алматы, 1994 жыл, 11-12 б.).

Қысқасы, Әлихан мен Кәкітай қияндағы Петерборға бірге барған. Жол шығынын Абайдың ағайындары көтеріскен. «Петербор баратын адамдарға 200 сом қаражат жібердік» дейді Әрхам өзінің естелігінде.

Төрт жылға созылған шырғалаңнан кейін Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы басылып шығады. Жинақтың басқы бетінде: «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі. Бастырған: Кәкітай, Тұрағұл Құнанбайұғыландары. СПБ. Восточная эпектропечатня И. Бораганскога, 1909» деп жазылған.

«Namys.kz» сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы