Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Светлана Бердібаева: «Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер етеді»

Дата: 07 марта 2011 в 17:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

— Кейінгі кезде мектеп оқушы­лары арасында өзіне — өзі қол салу­шылар көбейіп барады. Бұл мә­селелер жайында БАҚ беттерінде, жиын, кеңестерде жиі сөз болып жүрсе де, бұл қоғам үшін алаңда­тар­лық жағдайға жетіп отыр. Мұ­ның себебі неде? Бұл мәселеге қатыс­ты Тараз мемлекеттік пе­­­­­­да­го­гикалық институты педаго­гика факультетінің деканы, пси­хология ғылымдарының докторы, профес­сор Светлана Қыдырбекқызы өз пайымдауларын білдіреді.
— «Суицид» терминін бірінші рет итальян психологы 1947 жылы қолданды, яғни бұл — «өз өмірін қиюға ниеті бар мінез-құлық» дегенді білдіреді. Демек, бұл — күрделі, әдейі жасалатын мінез-құлықты акт, бұл әрекет әлеу­меттік, психологиялық, психо­физиологиялық факторлармен үндеседі, негізгі детерминанты тұлғаның әлеуметтік-психоло­гия­лық дезадаптациясы, өмірлік жағдайлардың жағымсыз сипатта өтуі болып табылады. Ал бұл жағ­дайға душар болған адам аталған мәселелерді ешқашан шешілмейді деп ойлайды.
Ал нақтылайтын болсақ, суи­цид­тар 3 топқа бөлінеді: шынайы, жасырын, демонстративті. Био­лог­тар мен дәрігерлер өзіне-өзі қол салу себептерін денсаулықтың нашарлауы мен биологиялық факторлардан көрсе, психиатрлар психологиялық дағдарысты көңіл күй, жақын адамын жоғалту, жа­уапсыз махаббат, көңілдің қалуы және басқа себептерден іздейді. Ал оның негізгі себебі өте тереңде. Мысалы, әлеуметтік экономи­ка­лық дағдарыс, кедейлікке және банкротқа ұшырау, оқшауланып, жалғыз қалу факторлары да әсер етеді. Зерттеулер бойынша жастар арасындағы суицидтің астарында «жауапсыз махаббат» бар. Бірақ бұл әрекеттің орын алуында басқа да себептер тұр, яғни әлеуметтік — психологиялық дезадаптация, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен құндылықтары қанағаттандырыл­майды.
Суицид проблемасы қоғамда әртүрлі уақыттарда қайталанып оты­рады. Оның орын алуына мик­ро­әлеуметтік дау-дамайлар (от­басындағы, мектеп пен жұмыстағы жағдайлар) көп әсер етеді.
Рас, статистикалық деректер өте қорқынышты. Ең қиыны сол, жеке адам өз-өзіне қол жұмсауға талпыныс жасады, бірақ өлімнен аман қалды. Бұл ата-ана мен бала үшін үлкен проблема болып қала береді. Жалпы, ата-ана ең алдымен баланың бойындағы өзгерістерді байқап отыруы қажет. Мына нәр­сені елеп-ескерген жөн: қатерлі індетке ұмтылыс жасаған азаматта суицидке дейінгі дайындық са­тысы байқалады. Алдымен оның пресуицид — адаптациялық қабі­лет­тері төмендейді, үлгерімі на­шарлайды, қызығушылық дең­гей­лері бәсеңдейді, көңіл күйі ор­нықсыз болады. Осындай әрі-сәрі жағдайда жүргенде суи­цидиалды ойлар пайда болады, бала ашуланшақ болады, оған әртүрлі конфликт қатты әсер етеді, күйзелісте болып, бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінбейді.
Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала пси­хикасына әсер етеді, жанұядағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады. Суицидиалды әрекет әлеуметтік жағдайы жоғары от­басында да кездеседі. Негізінен, жет­кіншектер қай жағынан бол­сын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маригинализм кездеседі. Өйткені олар әлі есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер не­месе жеткіншектер көп жағдайды терең түсіне алмай, күйзелісті жағ­дайға барады. Олардың бойында құндылықтар жүйесі әлсіз болады да, антисуицидиалды факторлар іске қосылмайды. Тәрбиедегі жа­ғым­сыз әрекеттер әлсіз қар­сы­лық­ты күшейтеді де, ата-ана тара­пынан болатын әртүрлі жазалар баланың көңіл күйінде эмоциялық орнықсыздықты тудырады, олар содан келіп өмірлік қиындықтарды көтере алмайды.
Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуына толық емес отба­сын­дағы жағдайлар да ықпал етеді. Өгей әке немесе өгей шешенің де мінез-құлқын бала іштей қабылдай алмайды. Суицидиалды іс-әре­кет­ке сонымен қатар бала күнінде алған ми жарақаттарының әсері бар (физиологиялық факторлар). Дисгармониялық дамуы бар ба­ла­ларда көркем әдебиеттегі оқиғалар мен өмірдегі шынайылықты қа­былдауда алшақтық болады.
Біз бұл орайда жеткіншектердің өзіндік психологиялық ерекше­лік­теріне барынша назар ау­да­руымыз керек. Олардың бойында ұял­шақ­тық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шек­тен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу тән болып келеді.
— Бұл орайда ата-ана алдымен нені ескеруі қажет деп ойлайсыз?
— Суицидтік мінез-құлқына қа­тысты әрекеттер мен оның ал­дын алу үшін ең алдымен ата-ана баланың көңіл күйіне ерекше на­зар аударып отыруы керек деп ойлаймын. Жалпы, баланың күй­зеліске душар болып жүргенін мына бір әрекеттерден де анық аңғаруға болады.
1.Баланың мінез-құлқы үйде өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостанып жүреді.
2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейтеді.
3. Мектепте болған си­туа­ция­лардан қашады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұ­рай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына тү­седі. Демек, ол қаржыны мек­тепте ма­засын алып жатқандарға та­сиды.
5. Кейбіреулері тіпті тұ­йық­талып кетеді, ешкіммен сөй­лес­пейді, ал екіншілері өте ашулан­шақ бола бастайды.
6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
Сонымен бірге егер бала зор­лық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:
1. ұйқысы бұзылады;
2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегісе беретін болады;
3. апатия, депрессия:
4. достарын жиі ауыстырады;
— Демек, бұл жерде түйткілді мәселе жеке адамның бойындағы психикалық дағдарыста тұрған жоқ қой...
— Оның көптеген факторлары бар: атап айтқанда, әлеуметтік-психологиялық, ситуациялық жағ­дайлар, ал олардың жиынтығы суицидтік іс-әрекетке «жол ашады». Жалғыз ғана психикалық дағдарыс суицидке әкелмейді, оған қосымша жеке бастағы және қоғамдағы рухани дағдарыстар да әсер етеді. Балалардың достары көп болса да, олар қорқынышпен «мен жалғызбын, олар мені түсін­бейді» деген үреймен жүреді. Сондықтан бұл жерде біз суицидті болдырмау және оның алдын алу жолдары туралы көбірек сөз еткеніміз абзал.
Сондықтан кішкентай кезең­нен сәбидің туыстары мен ата-ана­сына эмоциялық жағынан жақындық сезімін қалыптастыр­ғаны жөн. Тіпті суицидиалдық әрекеттің өте дұрыс емес екенін, ұят нәрсе екенін ұғындырып, от­басылық, шығармашылық, өмір­лік жоспарлар туралы жиі әңгіме­лес­кен дұрыс.
Ең маңыздысы, баланың бо­йы­на үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек. Жеткіншектің мінез-құлқын қада­ғалап отырып, оны анализдей білу де үлкен жетістік дер едім. Соны­мен қатар, психологиялық орталықтар құру арқылы барлық білім беру саласында психо­ло­гиялық қызмет жүйесін, ата-ана­лар­дың, педагогтардың, оқу­шы­лардың психологиялық са­­­уат­­тылығын ашуды жолға қой­ған дұрыс. Психологиялық білім беру, психодиагностикалық зерт­теу арқылы (анкета, тест, әңгі­ме­лесу) мінез ауытқушы­лығын, суицидиалды әрекеттердің алдын алуға да болады. Суицид проб­лемасын шешу үшін мем­ле­кеттік деңгейде арнайы педа­го­гикалық-психологиялық бағдар­ла­малар мен жобалар жасау керек деп ойлаймын. Сондықтан бұл түйт­кіл­ді қоғамдық, мемлекеттік дең­гейге көтерген жөн.
Ал ақиқатына келсек, көптеген жеткіншектер мен ересек адамдар суицидтік мінез-құлықтың себеп­тері мен оның қайдан шығатыны жайлы қайшылықты түсініктерге ие болғандықтан, проблеманы сөз етуден қашады және ашық айтып, өз қайғыларын бөлісуге қорқады. Сондықтан да білім беру ұйым­да­рында ата-аналармен де, балалар­мен де суицид жайлы про­фи­­лак­ти­калық жұмыстар ұйым­­­­дас­тырылуы ке­рек.
Суицид — қоғамдық, мем­ле­кет­тік, әлеуметтік, саяси, психо­ло­гиялық сипаты бар күрделі проблема. Кеңес өкіметі кезеңінде қоғамда суицид туралы теріс пікір қалыптасты. Бұл әрекетке барған адамдардың бәрі психологиялық жағынан сырқат, психикалық дамуы ауытқыған деген түсінік қалыптасты. Суицидиалдық әрекетке бейім адамдарға қысым жасалынып, олар психиатрдың есебіне алынды.
Тереңдей қарасақ, суицидтік әрекетке бой ұру ақыл-ой кеміс­ті­гі емес, керісінше, ақыл-ойдың шамадан тыс болу феномені деп те түсінуге болады. Сондықтан да зерттеу нәтижелері көрсеткендей, (белгілі психиатр А.Г. Амбрумова) суицидтік әрекетке барғандардың басым көпшілігі — дені, психикасы сау адамдар.
Әр адамның тағдыры — өз қо­лында. Сондықтан да кез келген жеке тұлға «мен отбасыма, бала-шағама, қоғамға және өзіме өзім керекпін» деп өмір сүріп, келеңсіз ойлар мен әрекеттерден ада болуы қажет. Бұл орайда Тараз мем­лекеттік педагогикалық инсти­тутының педагогика факультетінде теориялық және қолданбалы психология кафедрасы базасында ғылыми-танымдық-практикалық «Жаңа әлеуметтік психологиялық адаптациялардың тұлға дамуына әсері» атты психологиялық клуб ашылған. Осы клубтың жоспары мен бағдарламасы негізінде жеткіншектермен жұмыс жасау бағыты жүйелі түрде жолға қо­йылған.
— Әңгімеңізге рақмет.

Светлана БЕРДІБАЕВА, психология ғылымдарының докторы, профессор

Сұхбаттасқан
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

«Айқын» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы