Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Интернешка халықаралық он-лайн байқауы өтті

Дата: 08 марта 2011 в 08:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Интернешка халықаралық он-лайн байқауы өтті

Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 6-шы сынып оқушысы Яна Леонтьева Интернешка халықаралық он-лайн байқауының жеңімпазы атанды.

«Антивирус» тақырыбындағы электронды сурет байқауында оның еңбегі 800 интернет пайдаланушы жіберген суреттердің ішінен ең үздік деп танылған.

Интернет пен ұялы байланыс қауіпсіздігіне арналған бұл байқауда Яна әлемдік жүйені қауіпті вирустардан қорғау үшін Батырдың суретін бейнелепті. Ұстаздардың айтуынша оның еңбегінде интернет жүйесі мен компьютер қауіпсіздігіне байланысты көп мәліметтерді білетіндігін айқын бейнеленген.

Яна Леонтьева, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

-Информатика пәнінде біз «Компьютерлік жүйелер» тақырыбында дәріс өттік. Онда ұстазымыз Татьяна Анатольевна бізді осындай байқауға қатысуға шақырды. Мен сурет салғанды қатты ұнатамын. Осы суретті салып комьютерге енгізіп байқауға жібердім. 1-ші орын алғаныма әрине қуаныштымын.

Бүгінде еліміздегі барлық мектептері компьютерлендіріліп, интернет желісіне қосылған. Балалардың оны пайдалануда оның өздеріне пайдалы, ой-өрісін, дүниетанымын байту жағына ден қоя бастағаны байқалады.

Бұл мектепте Яна секілді түрлі халықаралық сайыстардан жүлдері атанған оқушылар жетерлік.

Татьяна Ткаченко, Назарбаев зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі:

Бүгінде мұндай байқауларды Қазақстандық сайттар да ұйымдастыра бастады, біз Ресейлік халықаралық байқауларға белсенді қатысып келеміз. Оқушылар интернеттің мүмкіндігін барынша меңгеріп, өздерін барлық қырынан танытуға ынталы. Мәселен, біздің оқушылар «Қиялда да жаса» «Жаңа жылдық құттықтау хаттары» сияқты сайыстарға 207 еңбек жіберді. Оның 53-і жүлделі орын алып, дипломдармен марапатталды.

Ал, Яна қатысқан байқауа жеңімпаздар екі әдіс арқылы анықталған. Біріншісі сайт арқылы көпшіліктің дауыс беруі, екіншісі төрешілер алқасының шешімі. Қазылар алқасын РФ-дағы бала құқығын қорау комитеті төрағалық еткен.

Сайысқа 10 мыңдай интернет пайдаланушы жас жеткіншек қатысқан

Жалпы бұл сайысқа Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Армения, Латвия, Өзбекстан тіпті Мадагаскардан 10 мыңдай интернет пайдаланушы жас жеткіншек қатысқан. Оның ішінде көпшіліктің дауыс беруі мен қазылар шешімімен қазақстандық Яна Леонтьева жеңімпаз атанды.

По сообщению сайта Nur.kz