Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жүз жасаған аналарға құрмет көрсетілді

Дата: 08 марта 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жүз жасаған аналарға құрмет көрсетілді

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласының әкімі жасы 100-ден асқан зейнеткер аналарды құттықтады.

Ғасырдан астам ғұмыр кешіп келе жатқан кейуаналардың 3-уі батыр ана, 4-уі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірі мен тыл еңбеккерлері. Оларға коммуналдық төлемдер өтеуде жеңілдіктер қарастырылған.

Жасы 101-ден асқан анамыздың бірі Сағира Мұқанғалиева. Батыс Қазақстан облысының қазіргі Сырым ауданына қарасты Тасқұдық ауылында туып-өскен. Соңғы 15 жылдан бері Ақтөбеде балаларының қолында тұрады. Бүгінде ол 5 баласынан 20 немере, 17 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отыр.

Сағира әжей әлі тың. Теледидардан жаңалықтарды жібермей көреді. 85 жасына дейін әдеби кітаптарды үзбей оқитын. Ұнатып жейтін тамағы — көкөніс, жеміс-жидек. Денсаулығы жақсы.

Балалары мен немерелері әр салада еңбек етіп жүр. Үлкен келіні Құралай Мұрзалиева 30 жылдан астам мұғалім болған. Әжейдің жолдасы Жұбанғали соғыс ардагері, осыдан 30 жыл бұрын дүниеден озды.

Соғыс жылдары тылда еңбек еттім. Күндіз-түні тыным таппай, небір ауыр жұмыстарды атқардық.

Қолымыз қалт етсе, жұмыстан соң майдандағы жауынгерлерге арнап шұлық, қолғап тоқитын едік. Еңбектің арқасында, еш нәрсеге мойымай осындай жасқа жетіп отырмын. Елімізде бейбітшілік, ауызбірлік пен тыныштық болсын, — дейді кейуана.

Елімізде бейбітшілік, ауызбірлік пен тыныштық болсын

Сағира Мұқанғалиева, еңбек ардагері:

— Бақытты болыңдар. Өмірлерің ұзақ болсын. Ел тыныш болып, дегендеріңе жетіңдер!

Құралай Мұрзалиева, келіні:

— Ұлы Отан соғысында біздің аналарымыз, әжелеріміз үлкен ауыртпалықты, ер адамның жұмысын жасады. Баланың көп болғанын жақсы көреді бұл кісі. Енді құдайға шүкір. Баласы, немересі, шөбересі. Бұл кісіден тараған 43 бұтақ, жапырақ өсіп жатыр.

По сообщению сайта Nur.kz