Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазіргі заман жастарының ғашықтық сезімі туралы фильм түсірілді

Дата: 08 марта 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазіргі заман жастарының ғашықтық сезімі туралы фильм түсірілді

«Ғашықпын» музыкалық комедиясы «Еларна» айтулы 8 наруыз Халықаралық әйелдер мерекесінде жаңа музыкалық комедиясын көрерменге ұсынады.

«Ғашықпын» телеқойылымында еліміздің бір топ белгілі жас эстрада жұлдыздары ойнайды. Аталған музыкалық комедияны 8 –наурыз күні кешкі сағат 8.35 — те тамашалай аласыздар.

Оқиға Қыздар Педагогикалық институтында өтеді. 88-топтың студенттері 8-Наурыз мерекесіне орай «Қыз-Жібек» жырының негізі бойынша сахналық қойылым дайындайды. Студент Жібектің сомдауындағы Қыз-Жібектің бейнесі шынайы шықпағанын алға тартып, ректор мен декан спекткльді қабылдамайды.

Образды ойдағыдай алып шыға алмағанын түсінген Жібек, актриса болсам деген ақ арманымен қош айтысады. Алайда, студент Жібектің өмірі дастанындағы оқиғалармен ұштасып жатды. Бұл заманауи махаббат хикаясының кейіпкерлері: ЖенПи-дің аруы – Жібек, консерваторияның өте сыпайы студенті – Төлеген, дене шынықтыру институтының ұрдажық жігіті – Бекежан, яғни Бека.

Толқын Сейдоллақызы, фильмнің продюсері:

-Қазіргі заман жастарының ортасында қарым қатынас, достық, сүйіспеншілік, ғашықтық сезімі қалай болу керек? Жалпы қоғаммен, заманмен астасқан кездегі жастарымыздың бір — біріне деген қарым қатынасы қандай? — Деген дүниені фильм барысында көрсеткісі келген. Бұл фильмдегі басты ролдерді танымал эстрада әншілері орындап шықты.

Түсірілім түнгі клубта, ресторанда қаланың көрнекі орындарында болған.

Қала өміріндегі қазіргі жастардың қызығушылығын тудыратын сауық орындарында да оқиға барысы қамтылады. Кейіпкерлердің мінезін айқындауда, оқиға иірімін қажеттілігіне қарай танымал әндерге арнайы сөз жазылып, хикая әнмен өрнектеліп отырады.

Бұл фильмдегі басты ролдерді танымал эстрада әншілері орындап шықты

Мақсат Оспанов, фильмнің қоюшы-режиссері:

-Шынымен айтқанда жастардың фильмі болғаннан кейін, олар қиналған жоқ. Өздері барлығын жақсы ойнап шықты. Қатты қиыншылық болған жоқ. Экранда еркін болды. Идеяны түсіндірдік ары қарай студенттік өмірлерін еске ала отырып ойнап шықты.

Махаббат дастаны сахнада қайғылы аяқталғанымен, қос ғашыққа қиянат жасаған образды ой-санасымен толық сезінген өмірдегі Бекежан райынан қайтып, ғашықтарға ақ жол тіледі. Ал, өзі Жібектің жан құрбысымен махаббат сезімін құшады. Осылайша үлкен бақыттың үміт сәулесімен хикая аяқталады. Толыққанды музыкалық комедияны тамашалағыңыз келсе, 8 наурыз кешкі сағат 8.35 — те Еларнаны қосыңыз.

 

По сообщению сайта Nur.kz