Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Түркістан қаласының мыңжылдық тарихы бар деседі

Дата: 09 марта 2011 в 09:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Түркістан қаласының мыңжылдық тарихы бар деседі

Түркілердің төл мекені – Түркістан!

Еліміздің рухани астанасы — ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті мекені.

Осы ежелгі қалада қазақтың хандары мемлекеттік істерді жүргізген. Қожа-Ахмет Яссауи мұражайында Абылай, Есім хан, Әбілқайыр хандар мен халқымыздың басқа да ардақты ұлдары жерленген Киелі жер.

Екінші Мекке атанған қасиетті Түркістанға зиярат етушілердің саны күн санап көбейіп келеді.

Шавғар, Шавагар, кейінірек – Яссы. Ал бүгінде – қасиетті Түркістан. Барша мұсылман тәу етіп келетін киелі мекеннің мыңжылдық тарихы бар деседі. Бірақ, бүгінгі археологтар бұл мәліметті жоққа шығарып отыр. «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген мамандар қаланың екі мыңжылдық тарихы бар дейді.

Қазба жұмыстарын жүргізген мамандар қаланың 2 мыңжылдық тарихы бар дейді

Карл Байпақов, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры:

— Мына қолымыздағы деректер Түркістанның 2 мыңжылдық тарихы бар екенін дәлелдейді. Оны толық негізде айта аламыз. Қожа-Ахмет Яссауи дүниеге келгенше бұл жерде діни орталық болған. Ол бірнеше тайпалық бірлестіктердің басын біріктірген.

Десе де, Түркістан — Қожа-Ахмет Яссауидің арқасында Түркістан атанды. Оған дау жоқ. Түркілердің рухани көсемі — Әзірет Сұлтан туралы айтылатын аңыз да көп. Солардың бірі – Яссауи 63 жасқа толған шағында Мұхаммед Пайғамбардың қазасын аза тұту мақсатында «Қылует» жер асты мешітін салдырып, өмірінің соңына дейін сонда тұрады. – Мен нағыз мұсылман ретінде, Күн көзін көріп, жер үстінде жүруге қақым жоқ, — деген екен Яссауи. Ал Қазірет-Сұлтанның зиратында кейінірек алғашқы мұражай бой көтереді.

Карл Байпақов, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры: — Қожа-Ахмет Яссауи Ұлы, Киелі тұлға! Ол кісі дүниеден өткеннен кейін, «қасиетті әулие» атанып, оның зиратына мыңдаған адамдар зиярат етіп жатты. ХІІ ғасырдан қалған ежелгі ғимараттың бөліктері, дәлірек айтсақ, өрнек салынған кірпіштер Киелі Кесененің ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің шедеврі болғанын айғақтай түседі.

ХІІ-ХV ғасырда Әмір-Темірдің бұйрығымен мұражай тұрғызылып, тайқазан сыйға тартылады. Яссауи кесенесі Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұралар» тізіміне енді.

Бірақ, бүгінде археологтар мен тарихшыларды Түркістан ғана емес, ежелгі қаланың шет жағы да қызықтырып отыр.

Карл Байпақов, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры:

Түркістанмен қатар, Сауран қаласы да қазылып жатыр

— Түркістанмен қатар, Сауран қаласы да қазылып жатыр. Ол қала да қазақ халқының қасиетті мекендерінің болған жер. Онда түрлі мешіттер бой көтерген кезінде. Қозғалып тұратын қос мұнарасы бар медресе. Ол мәдениет, ғылым мен идеологияның орталығы болған.

Тарихшылар Түркістанды – ұлы қала деп атайды. Ұлтымыздың рухани құндылықтары тоғысып, Қазақ мемлекетінің іргесі қаланған екінші Мекке!

По сообщению сайта Nur.kz