Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Павлодарда мереке күні үшем дүниеге келді

Дата: 09 марта 2011 в 09:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Павлодарда мереке күні үшем дүниеге келді

Дүниеге үшем келді.

Нәрестелер туған аналарына 8-наурызға сыйлық жасағандай. Олардың анасы Ольга Шевня қуанышқа күтпеген жерден кенелгенін айтады.

Жарық дүние есігін жаңа ашқан үшемнің жағдайы қалыпты, бірге ұйықтап, бірге оянады. Тамақтанулары да жақсы, — дейді дәрігерлер. Ал, сәбилердің анасы

Ольга дүниеге бірден үшем әкелгеніне сенер емес.

Ольга Шевня, үшемнің анасы:

Өзім де таңқалам, УЗИ-де көрінбеген ұлым екі қыздың арасына жасырынып қалған-ау шамасы

— Тіпті босанбай тұрып түскен УЗИ егіз деп белгілеп еді. Өзім де таңқалам, үшіншісі қайда тығылып қалған? Мүмкін УЗИ-де көрінбеген ұлым екі қыздың арасына жасырынып қалған-ау шамасы. Құдай сұрағанға береді, сәбилерді сүюіміз керек.

Валентина Қабаева, перинаталді орталық медбикесі:

— Біздің облыстық перинаталды центрде осындай қуаныш болғанына, 2-3 баладан, нәрестелер туып жатыр. Соған қуаныштымыз. Өзіміз бәріміз атсалысып көмектесіп жатырмыз.

Ольга Орловка ауылының тұрғыны. Үй шаруасындағы әйел, отағасы Денис дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Отбасында Ольга мен кішкентай сәбилерді үйдің үлкендері 8 жасар Вадим мен 6 жасар Вероника асыға күтіп отыр. Енді Ольга көпбалалы аналар қатарында.

Ольга Шевня, үшемнің анасы: — Ауылдағылардың барлығының қуанышында шек жоқ. Маған сәлем жолдап, қуаныштарымен бөлісіп жатыр.

Соңғы кездерде Павлодарда үшемнің өмірге келуі осымен екінші қуанышты оқиға болып отыр. Демографиялық өркендеу байқалады. Мәселен, дәл қазір мұнда үшеммен қатар егіздерді өмірге әкелген 5 ана бар. Жергілікті дәрігерлердің де біліктілігі жылдан жылға жоғарылап, мемлекет тарапынан көрсетілген жағдайларға сай тік тұрып қызмет істеуде.

Ақыл Қапанова, неонатолог дәрігер:

— Техника жетеді. Енді қалғаны біздің қолымыз, медбикелердің, дәрігерлердің шамасы келсе, соған көмек көрсетіп жатырмыз.

Өңірде бала туу көрсеткіші жылдан жылға өсеріне дәрігерлер сенімді.

По сообщению сайта Nur.kz