Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Интернет-конференция: Бүркіт Аяған

Дата: 09 марта 2011 в 13:20

Ағымдағы жыл — қазақ тарихы үшін аса айтылуы жыл болып отырған анық. Биыл — қазақ хандығының құрылғанына 550, Хан Абылайдың туғанына 300, Желтоқсан көтерілісіне 25, Тәуелсіздікке 20 жыл толады. Және тарихымыздағы маңдайы жарқыраған алып тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 145 жыл. Қазақ мемлекетінің тегін, қалыптасу жолдарын өткеріп және жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын ұланғайыр даланы сақтап, заманауи көштен қалмай азат ел болуымыздың негізін қалаған ұлы тұлғаларымыз бен мемлекеттілік орнаған елдіктің тойын мәртебесі мен биігіне сай мемлекеттік дәрежеде бір атаның баласындай өткеру баршамызға парыз.

Міне, осындай сәтте бағзыдағы тарихымыздың қойнауына көз салып, бүгінгі күн тұрғысынан салыстыра қарап, тарихи жадымызды қайта бір жаңғырту парыз. Осы орайда мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркіт Аяған мырза интернет-конференциямыздың қонағы бола отырып, оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға толық жауап беріп отыр.

«Абай-ақпарат»

Құрметті, азаматтар! Сіздердің қойған сұрақтарыңызға қайтарып жатқан жауаптардың кешеуілдегеніне кешірім сұраймын. Себебі, аймақтарда іс-сапарда болған едім.

— Сәлеметсіз бе, Бүркіт аға! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін! Алтынбек Сәрсенбайұлы «Таңдау жасар сәт туды» деген кітабында Сіз жайлы: «Тәуелсіз ойлы жігіттер мені қуантады. Оның ішінде Ерлан Қарин, Бүркіт Аяған деген жігіттер бар» дегендей жазып еді. Оқыған шығарсыз? Ал менің көкейімнен кетпей жүрген бір сұрақ бар еді. Сіз де тарихшысыз ғой. Қатысы бар сұрақ деп ойлаймын. Кейбір түйсіксіздер: «Қазақта тарих болмаған! Тіпті шекара да болмаған!» деп жатыр. Осы рас па?

Алматы. Жайық.

— Қазақ — тарихы тереңнен бастау алатын халық. Ал мемлекеттік шекара мәселесіне келсек, тарихымызда бұл сұрақтардың бәрі мемлекеттік деңгейде заңдастырылған, мөр басылып келісілген құжаттарға негізделгені белгілі. ҚР қазіргі шекара мәселелері де шешімін тапқаны белгілі, мұндай шешімдерді БҰҰ сияқты мәртебелі халықаралық ұйымдар мойындаған, тәуелсіздік жылдары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басқаруымен белгіленгені шындық.

— Мен тарих ғылымының кандидаты болдым. Сіздің институтқа ғылыми қызметкер болып жұмысқа орнала аламын ба? Сіздер конкурс жариялап кадр таңдайсыздар ма, әлде, сізге «отметка» жасау керек пе? Егер отметка жасау керек болса, ставкаңыз қанша?

Шымкенттік мұртты жігіт

-Иә, «ставкам» бар. Ол — білімділік пен адалдық.

-Бүркіт аға, 2010 жылы жалпы оралмандарға байланысты Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Олар әлі ешқандай да еңбек сіңірген жоқ!» деген еді. Шынымен де оралмандар Отанға оралғанмен де, әлі айта қоярлықтай тер төкпегенін бәріміз де білеміз. Елбасымыз да бұл сөздерін бір нәрсеге сүйеніп айтады ғой, келісесіз бе? Себебі ешкім де: «Мен Қазақстанға келдім! Маған үй бер! Маған ақша бер! Маған жұмыс тауып бер! Маған көлік мінгіз!» дейтіндей дәрежеге жеткен жоқ. Президентіміздің бұл сөзін қателікке баламаймыз. Бәріміз де қосыламыз. Басшымыздың сарабдал саясатының арқасында бізді әлем таныды. Шүкір! Ал сіз қалай дер едіңіз? Оралмандар Елге еңбек сіңірді ме? Тарихшы ретінде жауап берсеңіз.

— Қазақстанның әр азаматы қолынан келгенше еңбек сіңіруде. Оралман қандастарымыздың да еліміздің көркейіп, экономикасының дамыуына, мәдениетінің қарқын жаюына қосып жатқан үлесі аз емес.

— Бүркіт мырза! Сіз бұрын «Қазақ энциклопедиясын» басқардыңыз. Сіздің тұсыңызда біраз даулар туды. Бірақ бәрі де жабулы күйінде қалды. Сосын сіз сол шудан кейін ол жақтан кеттіңіз. Соның себебін айтып берсеңіз? Басшылықтың біраз дәмін таттыңыз ғой. Құдайшылығын айтыңызшы. Халық алдында елінің адал перзенті ретінде: «Қолым таза, арым таза!» дей аласыз ба? Ертеңгіге үлгі болсын.

— Өсек-аяңға ергеннің қанша қажеті бар? «Қазақ энциклопедиясы» ұжымы «Қазақстан энциклопедиясы» атты баслымның қазақ тіліндегі 10 томын, орыс тілінде 5 томын, ағылшын тілінде кітаптар, басқа да 4-томдық «Көркемсуретті Қазақстан тарихы» сияқты сүбелі еңбектер дайындап шығарды.

— Бүркіт! «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек!» дегендей, биылғы сайлауға сенесіз бе? Тіпті президент болмайтынына көзі жетсе де, еш дауыс жинай алмайтынын білсе де сайлауға түсіп жатыр. Мысалы — Дуамбеков. Ол өзінің сайлауға не үшін түсіп жатанын түсіндіріп жатып: «Мен Президентті қолдаймын! Оның 98 пайыз дауыс жинайтынын да білемін. Мен де қосыламын», -депті. Ау, сонда бұл қуыршақ бәсекелес бола алмасын білсе, еліне сенбесе, елі сенбесе неге 5 мың АҚШ доллорын шығындап отыр? Оданда ол ақшасын жетімдер үйіне неге бермейді? Сайлауға ешбір оппозиция өкілі қатыспай, байкот жариялап жатыр. Енді әлем алдында күлкі болмаймыз ба? Сырт көз: «Демократиялы елде ешбір оппозиция адамдарының сайлауға түспеуі — парадокс, күлкілі жағдай! Ал көше кезгендер, қазақ тілін білмейтіндер, кандидаттардың түсіп жатқаны — Қазақстандағы жағдайдың қиын өткелде тұрғанын білдіреді!» деп жатыр шетел баспасөздері. Ал сіздің тәуелсіз Ойыңыз не дейді?

— Елбасын сыйлайтын жеке адамдар емес, халық қой. Ел қалауы біледі деп ойлаймын.

-Ассаламалейкум,Бүркітбай аға!Мен жақында бірнеш рет өз ұсынысымды жасаған едім.Ол ұсыныс мынадай: Қалай ойлайсыз, егер біз Ұлт Көсемі Әлихан Нұрмұхаммедұлы БӨКЕЙХАНды АЛАШ-АТА (Алашата)деп атап,тарихта осындай атпен қалдырсақ?

Алаш баласы Ерлан АХМЕДИ, Көкшетау қаласы, Қазақия елі.

— Келіспеймін. Әлихан Бөкейханұлы қазақ тарихында өз атымен қалуы керек.

— Сіз мемлекет тарихы институты деген аты дардай ұйымды ісі бардай басқара алдым деп болашақ тарих алдында бетіңіз бүлк етпей айтуға дәтіңіз бара ма? Өткен жылы бір ғана адамды мадақтаған аса көлемді, фотолары тым жылтыраған, мазмұны қалтыраған кітапты қымбат бағамен бастырып тұсаукесер өткізгеніңізді білеміз. Басқа тындырып жатқан бірдемелеріңізді мен көзі қарақты оқырман ретінде көрмеппін де білмеппін. Әр жерде Елбасына жағымпазданып, келсін-келмесін ода айтып, жұрттың алтын уақытын рәсуа етіп жүргеніңізді көреміз. Кеңес кезіндегі КПСС тарихы институттары сияқты күні ертең шығарған сапасыз әрі мәні төмен суы сорғалаған кітаптарыңыз маклатураға аттанып жатса, елге не бетіңізді айтасыз? Осы сауалыма оқымысты адамша салиқалы жауап беріңізші!

Сізге деген ерекше құрметпен,

Шарапат Астықбаев

— Бұлай сөйлегеніңізге жол болсын! Көзіңізді кеңірек ашып, айналаңызға жіті қарасаңыз дұрыс болар! Біздің ұжымның ғалымдары жазған кітаптарымыз адал әрі терең жазылған еңбектер. Олар тарихи білім беру мен оқыту саласы үшін қажет еңбектер деп санаймын.

— Бүркіт мырза, сәлеметсіз бе! Шатаспасам, осы Астана мен Алматыда Абылқайр ханның ескерткіші де, озінің атымен аталған көше де жөқ. Тарихи тұрғыдан қараған да, бұл дұрыспа? Қалай ойлайсыз?

Сізге қатыссыз сұрақ шығар. Бірақ қазіргі шығып жатқан кітаптардың сапасы сын көтермейді. Бұл сізді алаңдатпай қоймайтын шығар? Қазақстандағы көп баспалар жекелердің қолына өтіп жатыр. Ал сапасыз кітаптардың санында шек жоқ. Астанада қандай баспалар бар? Оларға көңіліңіз тоя ма? Бір-екі мысалдар келтірсем жекілікті шығар. Мәселен Астана қаласында «Фолиант» баспасы кітаптар шығарады. Бірақ авторларға бір тиын да қаламақы бермейді. Ол туралы қызылордалық Базарбай Исаев деген ақын «Үш қоңыр» газетіне жазды да. Өлең кітабым шығады, ал қаламақымды бермейді деп жазды. Сонда бұл қалай?

— Әбілқайыр ханымызға екі астанада да ескерткіштер орнатылып, көшелердің аты берілуі тиіс.

Басқа адамның, не баспалардың қызметі туралы ештеңе айта алмаймын.

«Мемлекет тарихы» пәні қандай кезеңді қамтиды? Тәуелсіз Қазақстанды ма, Кеңестік Қазақстанды ма, Қазақ хандығын ба, Қыпшақ қағанаты ма? түркілік дәуірді ме, сақ-ғұн заманын ба?

Академиялық тарихшылар мен әуесқой тарихшылардың біріккен еңбегі болуы мүмкін бе?

Тарихшылар цензурадан қаншалықты тәуелсіз?

«Жұмысқа тек таныс-тамыр, туысқанды ғана алу керек!» деген жазылмаған заңдылық барын білетін шығарсыз? Мәселен өзіңіз басқарып отырған институтта 100 қызметкер болса соның 55-і Сізбен туысқан ба, немесе жерлес пе?

-Үкіметтің қаулысына сәйкес «Мемлекет тарихы институты» қазіргі заман тарихын, яғни еліміздің тәуелсіздік кезеңінің тарихын зерттейді. Ал сіз айтып отырған басқа кезеңдерді басқа ғылыми мекемелер, соның ішінде Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ә. Марғұлан ат. Археология институты, т.б. зерттейді.

Белгілі дәрежеде әбден мүмкін.

Тәуелсіз. Бірақ кез-келген ғылыми ізденістердің нәтижесіне, ғылыми еңбектерге сараптама керек деп ойлаймын.

Бұл пікіріңіз қате. Институтқа келіп өз көзіңізбен көруіңізге болады. Институтқа шақырамын, сізді наурыз айының ішінде күтемін, міндетті түрде келіңіз!.

— Сіз басқарып отырған мекеменің миссиясы қандай?

— Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу, оның теориялық-методологиялық негізін түзу.

— Бүркіт Аяған, жағымпаздық дегенге қалай қарайсың? Заманбекті қадірлейсіз бе?

Алтынбек Сәрсенбайұлы турлы мақала жаза аласыз ба? Оны «Егемен Қазақстан» газетіне бере аласыз ба? Тек шыныңызды айтыңызшы.

— Заманбек ағамен араласымыз болмады. Алтекеңмен жақсы араластық. Жазған кітаптарымда Алтекең туралы айтып отырамын. Алтекеңнің өлімі ел үшін орны толмас қаза.

— Алтынбекпен араластыңыз ба? Қоғам қайраткері екенін мойындайсыз ба?

Қазақстандық сот сарапшыларының: «Заманбек — өз-өзіне қол жұмсады. Бір рет жүрегінен атты. Екінші рет тағы да атты. Өлмеді. Сосын басынан атты», дегенімен келісесіз бе? Бұл Қазақстан Республикасындағы әділетсіздіктің көрінісі деп айта аласыз ба?

«Иманғалиды ауылдастары президент сайлаймыз деп жанталасыпты. Әбіш Кекілбай да болды ішінде. Сосын сол үшін орнынан кетті» дегенмен келісесіз бе? Бұл көзі тірі классик ағамызға жағылған күйе емес пе?

— Заманбек ағаның ісіне не айта аламыз? Уақыт көрсетер. Уақыт мінші де сыншы екені белгілі ғой. Анау келді, мынаны айтты деген әңгімелер өсек-аяңға жақын. Сондықтан бұл сұраққа жауап та бергім келмейді.

— Сайлауға түсу ойыңызда жоқ па?

— Жоқ.

— Біреулерге қиянат жасап көрдіңіз бе? Біреулерден қиянат көрген кезіңіз болды ма?

«Жас Алаш» газетінің тілшісі Жанболат Мамайдың мақалаларын оқисыз ба? Сүйінесіз бе? Күйінесіз бе?

— «Жас Алаш» газетін үзбей оқып отырамын. Әрине, өмірде әр адамның өкінетін істері болады.

-Қанша үйіңіз бар? Жек мүлкіңізді қорықпай жария ете аласыз ба оқырмандарға?

— Бұл сұрақ мәдениетті адамның қоятын сұрағына жатпайды.

— Егер М.Шаханов сайлауға қатысса, қанша пайыз дауыс жинаай алар еді деп ойлайсыз?

-Нақты айту қиын.

— Олжас алжасты дейтіндер көбейіп жүр, кейінгі кездер, сізше сол рас па? Ұрпақ Олжасты тарихи тұлғаретінде еске алса, оның анау қылықтары мен сөздеріне қалай баға беруі мүмкін?

— Олжас Сүлейменов — қазақтың ұлы перзенті. Кейбір қателіктері бар. Оны өзіне газет арқылы да, жеке кездескен уақытта да айтқанбыз. Өмірде қателеспейтін, қалт кетпейтін адам болмайды ғой.

-Қандай атақтарыңыз бар? Аға, Сізді бүгінгі билікті аяусыз сынайды деген әңгіме естідім. Билік неге қолайыңызға жақпай жүр сонда?

-Алған атақтарымыз шамалы. Мен елдің болашағын ойлаймын.

-Шексіз билікті ұнатасыз ба?

— Жоқ.

— Бүгінгі қоғамдағы не мәселе қатты толғандырады?

— Геосаяси жағынан ірі алпауыттар арасында, күрделі заманда тұрып жатқан елміз. Сондықтан мені еліміздің, ана тіліміздің, дәстүрлі дініміздің болашағы ойландырады.

— Сізше Абылай мен Әлиханды және Нұрсолтанды салыстырса қайсысы қазақ тарихында ең шешуші орын алар еді?

— Олардың барлығы да ұлы тұлғалар. Тарих таразысы -уақыт. Ол табиғи, тіпті тарихи заңдылық. Н. Назарбаевқа берілетін тарихи бағаның да болашақтың еншісінде екені сөзсіз. Бұл да заңдылық. Әрбір тарихи кезеңде мемлекет басшысының атқаратын рөлі зор екеніне ешкім таласпас. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қиын-қыстау заманда елді басқарып, талай күрделі соқпақтардан алып шыққанын өздеріңіз көріп отырсыздар.

— Ғани Қасымов: «Саммиттің құрметіне елшілерге жер беру керек, жер болғанда да ұят болмайтындай, Астананың орталығынан беру керек! Тек жер емес, мал-мүлік те беруіміз керек! Жағдайларын жасау керекпіз! Қазақтың жері болса да кең, құр жатыр ғой, бәріне таратайық, солар пайдалансын! Кімге жер керек болса, ол шетелдік пе, орыс па, еврей ме, қарамау керек. Бәрімз бос жатқан жерді игеру керепіз» деп депутаттық мәлімдеме жасаған болатын. Сіз оған қосыласыз ба?

— Жоқ.

-Мекемеңізде кез келген қызметкер орамал тағып келсе, (хиджапты айтып отыр деп қалмаңыз) «біртүрлі» қарайсыз ба?

— Біздің ұжымда әр адамға сыйластықпен қарайды. Менің хақым да жоқ «біртүрлі» қарауға. Кез-келген адамның құқы, таңдауы мемлекеттегі қабылданған заңдар мен қоғамдық нормалар аясында сақталады және қорғалады. Қыз балалардың ибалы, жабық киіммен, мұсылмандық шарттарға сай жүргенін құптаймын.

— Шарапат Астықпаевтың сөзінің жаны бар сияқты. Неге сіздің артыңыздан осындай сөздер ереді де жүреді? Әлде олар көре алмай ма?

— Көре алмайтындар да бар шығар. Өкінішке қарай, өсең-аяңға, желеу сөзге құмар «қайреткерлер» де жоқ емес. Бекерден-бекер сөз теру жігіттікке жараспайтын қылық деп санаймын.

— Сізді нөмір бірінші жағымпаздан атадан кейінгі адам деп жатыр мына қонақтар. Президенттің жетістіктерін айтқаныңыз дұрыс. Қолдаймыз. Бірақ өзіндік пікір айтуға келгенде сараңдық танытатынызды түсіне алмадым? Неге Тоқтар Әубәкіров секілді тіліп айтпайсыз?

— Қонақтарға сілтеп қайтесіз? Өз ойыңыз қайда?

— Южандарды жек көресіз бе?

— Мен үшін бар қазақ тең. Маңғыстаулық ақын Сабыр Адай айтқандай: «Әр қазақ — менің жалғызым!».

— Қарамағыңызда қандай атақты ғалымдар жұмыс істейді?

— Көп қой. Х. Әбжанов, Ж. Қыдыралина, Ә. Ауанасова, Г. Нұрымбетова, С. Селиверстов, А.Н. Қашқымбаев., т.б. Сонымен қатар, біздің ұжымда жас ғалымдар, мамандар өте көп. Ұжымның жартысынан көбі жастар десек болады.

— Жоғарыда бірқатар мерейлі даталарды атапты ғой. Соған тағы да қосып қоятын екі қасиетті оқиға бар:

1) 1361 жылы Ұрыс хан, яғни Ақнияз хан Ақ Орданың тағына отырды. Ақнияз хан — Қазақ мемлекетін құрған Керей мен Жәнібек хандардың ұлы бабасы болады. Ақнияз ханның Ақ Ордасы болмаса, Қазақ хандығы да болмас еді. Ақнияз ханды Қазақ халқының аңыздарында Алаша хан деп атайды да, оның халқын «Алты Алаш». «Алаш жұрты» деп атайды. Сонда биыл Алаш жұртының ең алғашқы ханы Алаша ханның (Ұрыс ханның) таққа отырғанына 650 жыл толады. Бұл мерейтойды Алаша ханның мазары тұрған «Қазақ жерінің кіндігі» Ұлытауда ұйымдастыруға болады.

2) 551 жылы Көк Түріктердің алғашқы ханы Бумын қаған Хан болып сайланған. Және ол дәл осы жылы Қытайдағы Тоба Вей мемлекетіне елші жіберген. Осы жылы қаған тағына отырғанда Бумын қағанның атына қосылатын «Ильхан» деген атақ алған. Сонымен биыл Көк Түріктердің ең алғашқы ханы Бумын қағанның, яғни Ильханның таққа отырғанына 1460 жыл толады. Немесе басқаша айтқанда Көк Түріктердің мемлекеті құрылғанына 1460 жыл толады. Жер бетіндегі Түркі халықтары әлемі түгел тойлауға тиісті бұл тойды, Көк Түріктердің алғаш ту тіккен жері, «Түріктердің кіндік кескен бесігінде», яғни Алтайда атап өтуге болады. Оны тойлауға Қытай мен Монғолия, Ресей өздерінің Алтайларын бермес, қазір төрт Алтай бар ғой. Қазақстанның да Алтайы бар. Алтайдың ең биік шыңы Мұзтаудың маңайында атап өтуге болады. Кейін ол жер әлемдегі Түркі халықтарының басын қосатын жер ретінде қалыптасып, дәстүрге айналып кетеді.

Сізге қоятын сұрағым. Біздің елдің атын «Қазақстан Республикасы» деп атамай, «Қазақ Республикасы» деп атауға қалай қарайсыз. Тіпті мүлде өзгертіп, еліміздің атын ендігі жерде «Алаш Республикасы» деп атасақ болмас па еді.

Руссияға қосылдық (Кедендік одақ арқылы) бұған жаныңыз қиналмай ма?

Ертең ел бетіме түкіреді деп қорықпайсыз ба? Неге жағымпаздана бересіз, аға? Әлде Мырзатай Жолдасбековтен артықпын деймісіз өзіңізді?

Жолдасбековпен қалайсыз?

— Келісемін.

Келісемін.

Келіспеймін.

Адам адал жүрсе, неден қорқады? Әр адам өз ісіне жауапты. Жала жабу, ғайбат сөйлеу ұят болады. Сөзіңнен біліми, рухани таяздық сезіледі.

— Қанша кітабыңыз жарық көрді? Ол не жайлы? Жазушылар не Журналистер одағында барсыз ба?

— Мен жазушы емеспін. 30-дан астам кітап жазылды. Кітаптардың дені тарихи және энциклопедиялық жинақтардан, оқулықтардан тұрады.

— Мұхтар Құл-Мұхаммедтің орнына бармайсыз ба? Аға сіздей шыншыл адамдар бізге қашанда керек. Мәдениет министрлігін басқару ойда жоқ па?

— Мұхтар Құл-Мұхаммед өз орнында отырған азамат. Мен билікке онша қызықпайтын адаммын.

— Бір кезде, Мансуров СҚО-да аким болып тұрғанда, Сіз Қызылжарға келгенде, Тайыр Мансуров сізге «Абылайдың ақ үйі» туралы айтқанда, «білмеймін» деп айта алмадыңыз. «Мен мақала жазам, Тайшыбековтікі қате. Ол тарихшы емес», дегеніңізді естідік. Мансуров соған мәз болып, сіздің сұраған ақшаңызды беріп жіберді. Бірақ, Сіз мақала жазбай қойдыңыз. Анығына көзіңіз жетпеді ме, әлде Абылайдың «Ақ үйі» туралы ештеңе білмейсіз бе? Жақсыбай Самраттың осы туралы жазып жүргеніне қалай қарайсыз? Бізге Тайшыбайдың пікірі дұрысырақ көрінеді. Құдай алдында шыныңызды айта аласыз ба?

— Сұрағыңызда грамматикалық қателер көп екен. Ж. Самратты қостап, кітабын шығарып берген азамат мен едім («Бітеу жара», «Өзгеленді бұл ғалам»). Оған не дейсің?

— Елімізде осыған дейін 2500 доктор, 11000 кандидат ғылыми диссертация қорғаған екен. Қалың қазаққа пайда келтірер ғылыми жаңалықтар ашылмаса, ұлтқа игілік әкелмесе, жаңағы сансыз доктор мен қаптаған кандидаттардан не пайда? Естуімше, сіз басқаратын институттың жанында да диссертациялық кеңес болған, қазір ғылым туралы жаңа заңға байланысты жабылды. Ғылымға үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын қайдағы біреулердің ғылыми диссертация қорғауына жол бердіңіз, солай ма? Ақиқатын айтыңыз. Көкбөрі

— Ақиқаты сол — әрбір диссертация  қорғаған адам ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комиссияның талаптарына сай болғанда ғана қорғауға жіберіледі. Қорғауға дейін бірнеше талқылаулардан, сараптамалардан өтеді. Ал өзің қорғауға шыға алмаған, «өкпелі» біреу емессің бе? Олай болса, әлі де дайындал, оқы.

— Тәуелсіздікке 20 жыл дегенге келісесіз бе. Сонда 1991 жылға дейін Қазақстан тәуелді болғаны ма?

2. 1929-31 жылдардағы КазССР-інде әлеуметтік әділеттілікті талап етіп, Голощекин мен сол кезеңде Үкімет басқарғандардың елде жүргізген саясатына қарсы қарулы көтерілістер болған. Бірақ осы көтерілістердің ең ірі деген оншақтысына болса да тарихи баға берілген жоқ. ОСЫ сендер сияқты Басшы тақта отырған функционерлер-тарихшылардың қорқақтығынан емес пе. НЕГЕ бұл тақырыпты айналып өте бересіңдер.

3. Тәуелсіздік жылдары (соңғы 20 жыл) ЖЕКЕ адамның басына табынудың Қазақстанда ӨРШІГЕН жылдары деп ойламайсыз ба. Жағымпаз, жалтақ, жәдігөй ұрпақ дайындалып жатқан жоқ па?

— Иә. 1991 жылға дейін Қазақстан Мәскеуге бағынған, Ресейге тәуелді ел болды.

2. Сізді көп оқымайтын, Отан тарихынан білімі таяздау адам ба деп қалдым. Өйткені, сіз айтып жатқан тақырыптар зерттеліп те жазылып та жатыр. Мектеп оқулықтарының мазмұнына да енгізілді.

3. Жоқ. Жеке адамға табыну не табынбай өту әр адамның жеке таңдауы.

-Армысыз, БҮРКІТ Мырза!

Өткенде Керей мен Жәнібек ханның ескерткіші туралы дау болғанда, сіздер өтірік себеп айтып, ескерткішті ақыры күресінге тастаттыңыздар. Орнына басқа мүсін қойылды... Ал, Алаш арыстарының ескерткішін Астанаға жолататын емес. Шыныңызды айтыңызшы, Мем Тарихы институты неге осы мәселелерге шынайы тарих тұрғысынан қарсылық білдіріп, үн қатпайды?

— Осыдан біраз жыл бұрын жоғары деңгейдегі жиналыстарда бұл мәселені көтеріп, Керей мен Жәнібек хандарға Астанада ескерткіш қоюды талап еткенбіз. Иншалла, сол ескерткіш қазір Астана төрінен орын алды. Болашақта Алаш көсемдеріне де ескерткіш қойылатынына сенімім мол.

— Тарихшы ретінде Ел тарихындағы ең ұлы 3 тұлғаны айтып бере аласыз ба?

МӨДЕ

— Сіз ел тарихын, яғни қаза елі туралы айтып отырсаңыз, ондай тұлғалар көп. Керей, Жәнібек, Қасым, Ақназар, Тәуке, Абылай, Әбілқайыр, Бөгенбай, Райымбек... Жаңа заманның тұлғалары Ә. Бөкейхан, Н. Назарбаев дер едім.

— Құрметті Бүркіт мырза!

Сіз басқаратын мемлекет тарихы институты тек 1991 жылдан кейінгі кезеңді зерттейді. Оған дейінгі кезеңде мемлекет болмаған ба? Немесе 20 жылдық тарихты зерттейтін болсаңыздар атын неге өзгеше қоймадыңыздар?

— Қазақ мемлекетінің бастауы сақ-түркі-қыпшақ заманын санамағанда, қазақ хандығының құрылған уақытынан (XVғ.) бастау алады. Қалған сұрақтарға жауап берілген.

— Қазіргі кезде (бұрынғы кеңестік кезеңде Үкімет басқарғандар қазақтар да солай еді) қазақ елінің тарихында орын алған қарулы көтерілістер жайлы ЖАЗҒАНды, пікір АЙТқанды, әділ баға берген еңбектерді жарыққа шығаруды КӨП қолдамайды. Айтыңызшы осы ТАРИХ ғылымы шындық ақиқат деректерді пайдалануы керек пе? жоқ әлде БИЛІК ұстап отырған АДАМға ҒАНА ұнайтын тарихты жазуға тиіс пе.

2)1930-31 жылдары Қазақстан тарихында орын алған Созақ, Батпаққара, Қазалы және Адай көтерілістері туралы көзқарасыңыз қандай. Бұл көтерілістер Қазақстан Үкіметінің саяси және ұйымдастыру қателіктерінің кесірінен туындаған әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шыққан қарулы көтеріліске жата ма?

3)Сіз басқарып отырған ҚР тарих институты осы (2 — сұрақтағы) көтерілістерге ӨЗ алдына Егеменді болған, Тәуелсіздік алған қазақстан қоғамының атынан неге тарихи баға бермей отыр деп ойлайсыз?

4)Қазақстанда болған 1929-31 жылдарда ҮКІМЕТ басқарып отырғандардың елде жүргізген саясатына қарсы болған 272 қарулы көтерілістер мен ереуілді толқулардың кезінде бейбіт өмір сүріп, Кеңес үкіметі бізді жарылқайды деп үміттеніп отырған қарапайым қазақ халқы миллиондаған қырғынға ұшырады. Соған кінәлі Қазақстан Үкіметі ме, жоқ СССР Үкіметі ме? және тарихшы ретінде сол Үкіметтердің осы қазіргі күндегі заңды иегерлері бар ма, болса КІМДЕР деп ойлайсыз?

-Әр азамат, әр тарихшы АҚИҚАТЫН айту керек.

— Халықтың пікірлерін қарап отырсақ ешбрі де жібі түзу сұрақ қоймаған екен. Бүркіт мырза, неліктен олай деп ойлайсыз?

— Көш жүре түзеледі. Бірақ, түзелмей осылай кете беруіміз де мүмкін.

— Институтыңыз ертең тарайды екен. Сонда не істемексіз? Қызметкрелеріңізге жұмыс тауып бере аласыз ба? Егер жаңа президент сайлаып қалса тарихты 2011-ыншы жылдан бастайсыздар ма?

Еркін.

— Саспаңыз! Тарасақ та тарамасақ та біздің қызметкерлер далада қалмайды.

— Аға, нұрлы кезеңнен кейін де тіршілік бар ғой. Сіз де пендесіз. Етең осы күнгі қылықтарыңыз үшін ұялмайсыз ба? Ел бетіне қалай қарайсыз? Президентті мақтамай кітап шығардыңыздар ма? Неге Алтынбек Сәрсенбайұлы жайындағы кітабыңызды баспаға бермей жүрсіз? Ол күн де алыс емес дейсіз бе әлде?

— Жауап берілген.

— Бүркіт мырза, басқаңызды қоя тұрайық, баяғыда Күлтөбеде «Қазақ қорқақ халық, мойындайық та жігіттер» деп қойып қалған едіңіз, республика аумағына тарайтын, бүкіл халық көретін арнадан. Кешірім сұрау ойда жоқ па?

— Не үшін? Не қазақ шетінен батыр ма? Талай қорқақ, ез, жалқауларды  жиі көріп жүрміз ғой. Ол өтірік пе?

— 1991жылғы Жайық оқиғасын Қазақстанның кәзіргі аумағын (сол тұстағы бес облысты) сақтауға бағытталған айтулы оқиға ретіде мойындауға бола ма?

— Айтулы оқиға деп талай жазылған.

— Бүркіт мырза! Жақында Астанада Алаштың арысы Смағұл Сәдуақасовтың қайраткерлігіне қатысты өткен конференцияда қысқа да нұсқа сөз сөйледіңіз. Сонда Голощекиннің, басқа да сол кездегі адамдардың «көгілдір» (голубой) екенін айттыңыз. «Міне, осындай адамдар біздің арыстай азаматтарымызды қорлаған, құртқан», — дедіңіз. Бұл не сонда, жұрт бұдан да ірі, маңызды ойды күтіп отырғанда таусылғаныңыздың, ойыңыздың тоқырағанын көрсете ме? Жаңағындай сөзді айту тарихшы атыңызға лайық па?

— Неге айтпаймыз ондайды? Ел білсін. Сол кездегі ондай сорақылықтардың болғанын.

-Астанада орнатылған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші туралы не айтасыз? Жәнібектің басында қалпақ, қолына дулыға ұстап тұрғаны қалай?

— Ескерткіш тамаша қойылған.

— Биыл қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туылғанына 170 жыл толады. Қазақтың біртуар осы тұлғасын ардақтауға бағытталған іс-шараны өткізуді де ұмытпау керек.

— Өте дұрыс.

— Археология туралы заң қашан қатаяды, қаншама сылтау айтылғанмен даламыздағы зираттар иесіз қалуда?

2.Архивке доступ алу үшін қандай ерекшеліктер болуы керек деп ойлайсыз және авторлық құқық, жеке зерттеушілер немесе жеке архивтер жөнінде мемлекетіміз не себепті немқұрай қарап отыр

3.Ұлы Отан соғысының шығыны мен құны жөнінде пікіріңіз?

4. Соғыс тұтқындары жөніндегі кітабіңіздің тұсаукесері қашан болады (қарасиыр)

— 1-2  сұрақтарға жауап жоқ.

3.Ұлы Отан соғысында қазақ халқы мол қырғынға ұшырады. Бұрынғы жазылған деректерде 400.000 дейтін. Осы санды екі көбейтуіміз керек сияқты. «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысында» атты жаңа кітапта көп мәселе қамтылған.

4.Ол кітап 2006 жылы шығып, таратылып кеткен.

— Құрметті Бүркіт Аяған! Былтырғы жылы сіздер «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты кітап шығарыпсыздар. Президент Назарбаев туралы, тәуелсіздік, Отан туралы, Астана туралы өлеңдерді, шеттен келген қандастардың жырларын сол кітапқа басыпсыздар. Сол кітапты қарап отырмыз, 10 мың таралыммен шығыпты. Тәуба, барлық жерге таратылған болар. Сұрайын дегеніміз — біздің авторлық құқығымызды даулауға қақымыз бар шығар. Сондағы өлеңдерімізге қаламақымызды қашан төлейсіз?

— Авторлық құқығыңыз бұзылған жоқ. Әрбір шығармаға және оның авторы туралы берілген сілтеме бар.

— «Әлемде талай қызық бар» деп аталатын энциклопедия сіздің редакциялық басқаруыңыздан өтіпті! Ішінде адам маймылдан жаратылған, Құрандағы топырақ пен судан адам пайда болды деген әңгіме сандырақ, т.б. деген сынды әңгімелер қазақ баласының көзіне оттай басылып жүр бүгінде. Не дейсіз?!

— Ол кітап кеңес заманында жарық көрген кітаптың қайта басылуы. Баспа өз бетімен кітап мазмұнын өзгерте алмайды, авторлық құқық бұзылмау қажет.

— Бүркіт аға! Сізге денсаулық тілеймін! Мен сұрақ қоймаймын, тек мына жәйтті анықтап білгім келеді. Сіз басқарып отырған институтта орынбасарыңыз Хангелді Әбжән деген тарихшы кісі қолайына жақпай жүрген 3 жігітті және бір қызды жұмыстан шығарғысы келіп жүрген екен. Заңсыз шығара алмайтындықтан тек ауызша айтып жүрген көрінеді. Егер оларды шығарғысы келсе, о баста неге алды Хангелді ағамыз жұмысқа? Үш айлық сынақ мерзімнен толық өткен адамдарды қалай күресінге тастай салуға болады?! Олар да бала-шағасын асырап отыр ғой. Ең болмаса солардың көз жасына қаламын деп қорықпайсыз ба? Егер Х.Әбжән оларды жұмыстан шығару керек деп сізге бұйрықты әкеліп берсе, Сіз ойланбастан қол қоя бересз бе? Мына заманда жұмыс табу деген оңай емес қой. Ең болмаса сіздерде жұмыс істеп, бізді асырап отырған адамдарды қуу бізге оңай соққы болып отырған жоқ. Немесе бұл әңгіме өтірік пе? Менің туысыма әдейі айтылған қоқаң-лоққы ма бұл? Қалай болғанда да жайдан жай айтыла салмаған өсек деп ойлаймын. Енді бұларды қашан жұмыстан шығарып жібереді екен деп күнде алаңдап, Алладан жәрдем сұрап отыратын болдық. Қымбатшылық заманда жаныңыз ашыса болады ғой, аға! Егер менің туысым жұмыстан шықса, анау 3 адамда жұмыстан шықса амал жоқ мен барлық жерлерг барып арыздануға тура келеді. «Жас Алашқа» жазамын. Біз сияқты сіңірі шыққандардың қорғанышы «Егемен Қазақстан» емес, осы газет қана болып отыр бұл күнде. Соңғы сөз өзіңізде Аға!

— Қысқартылған ешкім жоқ. Бірақ жұмысқа төселе алмайтын адамдарды ұстамаймыз.

— «ДАТ» деген газетті оқисыз ба? Газет шығару ойыңызда жоқ па?

— Жаңа газет шығару ойымда жоқ. «Топжарғанды» оқып тұрамын.

— Олжас Сүлейменовтің тіл туралы айтқан пікірлерімен келісесіз бе?

— Жоқ. Оны өзіне институт ұжымымен кездескенде айтқанбыз.

— Менің атым Асқар. Күндіз-түні компютерден түспейтін, сайт ақтарғыштардың бірімін. Сіздің өзіңіз туралы білгім келіп, компютерден іздеп көрдім. Институт сайты қандай екен деп кіріп көріп ем, Құдай басқа салмасын, мұны мұғалім Мырзатай көретін болса, 2 түгілі, қоятын баға таппай қалар еді. Сайттарыңызда «Сiз қалай бiз ұйымның жұмысының нәтижелерi бағалайсыңыз?»деген сөйлем тұр, сіз осыны маған түсіндіріп беріңізші. Бұл не сөйлем өзі? «Архив новостиді», «Полезные ссылкиді» аударуға тіліңіз жетпеді ме? «Түйіскен мәлімет» дегеніңіз «сүйіскен бірдеңе» дегендей оқылады екен. Айыпқа бұйырмаңыз, маған солай әсер етті. «Журнал» «Мемлекет тарихы», «Газета» «Тарих және саясат», «Нормативтік-құқықтық актер», «Сайтының картасы» — міне осындай тілдік ақаулар менің жаныма батты. Өйткені, осылай жасау арқылы қазақ тілін мансұқ еткісі келетіндердің талайын көргенмін. «Диссертациялык кенес» деген тіркестегідей жарымжандыққа қалай жол бердіңіз? Төл теңгемізге «банқ» деп жазатын Сәйденов құрлы болмағаныңыз ба? Обшым, сайтыңыздың қазақшасы іске алғысыз, түкке татымайды. Біздің елде «Тіл полициясы» жоқ, болғанда осы сайтыңызды сотқа тартуға болар еді. Мен айттым, жауап сізден.

— Ескертуіңіз дұрыс. Жауапты адамға сөгіс жарияланды.

Соңы

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы