Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақмола облысының бойжеткендері бокспен айналысуға ерекше қызығушылық танытуда

Дата: 09 марта 2011 в 13:40 Категория: Новости спорта

Ақмола облысының бойжеткендері бокспен айналысуға ерекше қызығушылық танытуда

Бүгінде Көкшетау, Щучье қалалары мен Жақсы және Атбасар ауданындарында әйелдерге арналған бокс залы бар. Оған көптеген қыздар қатысып, ерлермен қатар бақ сынауда.

Солардың бірі — Мөлдір Базарбаева. Мөлдір Базарбаева 20 жаста. Бокспен шұғылданып жүргеніне 5 жыл болыпты. Алғаш рингке 15 жасында шыққан. Халықаралық спорт сайыстарына қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Боксқа деген қызығушылық бала кезімнен басталды, сосын 15 жасымда бокс залына келдім.

Жігіттермен қатар мен де күш сынасып, жаттықтым. Қазір нәтижем жаман емес, — дейді ол. Мөлдір қазір Көкше колледжінде жаттықтырушы мамандығы бойынша 4-курста оқиды.

Болашақта Олимпиада чемпионы болып, Қазақстанның туын көкке желбіреткім келеді

Мөлдір Базарбаева, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, боксшы:

— Мен отбасымда жалғыз баламын. Анам үнемі бокс қыздарға лайық емес, өзіңді басқа жағынан сынап көр деп айтады. Бірақ мен боксты таңдадым. Болашақта Олимпиада чемпионы болып, Қазақстанның туын көкке желбіреткім келеді. Оған әрине, қол жеткізуге болады, тек өзіңе сену керек.

Абзал Балтакеспенов, жаттықтырушы:

Германияда екінші орын алып келген

— Біз Мөлдір Базарбаеваға сондай мақсат қойып жатырмыз, бірінші орын алады деп мақсатымыз және біздің Мөлдір Базарбаева қазіргі уақытта Қазақстан құрама командасында және ол көп шет елдерге барып международный турнирлерге барып Германияда екінші орын алып келген.

Соңғы 15 жылдан бері бокспен айналысып жүрген әйелдер аз емес.

Қазақстанда оның жанданып келе жатқанына 2-3 жыл ғана болыпты. Жалпы жаттықтырушылардың айтуынша, қыздардың арасында да білек сыбанып, ерлерден қалыспай жақсы нәтиже көрсетіп жүргендері аз емес. Олар әлем чемпиондары, ресейлік Елена Савьелева, американдық Кристи Мартин мен қытайлық Канкан Рен.

 

По сообщению сайта Nur.kz