Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сарқытқан Қастер. Реформа — таң-ғажайып жоспарлар емес

Дата: 10 марта 2011 в 06:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әлемдік деңгейдегі экономикалық-техникалық  үрдістердің бәсекелесе дамуы ғылым-білім саласына мемлекет деңгейінде назар аударуды басты күн тәртібіне шығарып отыр. Осы болымысты шынайы түсінген Елбасы Н.Назарбаев ғылым-білім саласына қашанда көңіл бөліп келеді. Биылғы жылы халыққа дәстүрлі жолдауында да білім саласына жоғары деңгейде тоқталып, оның даму стратегиясын белгілеп берді. Елбасы өз сөзінде жоғары оқу орындарына (ЖОО) байланысты: Университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа инновациялық деңгейін қамтамасыз етуге және білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу керектігін, сондай-ақ кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құруды қадап айтты. Демек, нағыз бәсекелестік ғылым-білім саласындағы бәсекелестік екендігін көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың барлығының түсінер шағы жетті.

Елбасының осы жолдауы аталмыш салада тер төгіп жүрген кез-келген азаматты бей-жай қалдырмасы анық. «Әркімнің-ақ өнерге бар таласы»-деп дана Абай айтқандай, жаңашылдық ой мен іс-қимылды тек жоғары жақтан күтпестен, бәріміздің де Елбасы үндеуіне үн қосып, өз ұсынысымызды айтуға толық қақылымыз және міндеттіміз деп есептей, әрі министр Бақытжан Жұмағұловтың кеңейтілген алқа  мәжілісінде: мұғалімдердің оң бейнесін қалыптастырып, жетістіктерін насихаттап, олардың тәжірибесін кеңінен тарату керек — деген бастамасына негізделе отырып, өзімнің 20 жылдық жұмыс тәжірибеме сүйеніп, шетелдік тәжірибедегі жетістіктерді саралай келе еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру сапасын жақсартуға азда болса пайдасы тиер деген оймен өз ой-пікірімді ортаға салып отырмын. Оқырман қауымның өз пікірлерін білдірер деген  ойдамын. Басты ұсыныстарым төмендегідей:

1. Университеттерде білім берумен бірге, ғылыми зерттеу жұмыстарын да қоса дамыту керек.

Біздің алға қойып, мақсұт тұтып отырғанымыз білікті элита дайындайтын «Зерттеу университтерін» жасақтау, егер аталмыш мәртебеге бүкіл әлем бойынша жалпы ЖОО-ның небәрі 5 пайызын ғана  ие екендігін ескергенде, біздің елде тек, «Назарбаев университетінен» басқа тағы да бір-екі танымал ЖОО осы мәртебеге ие етуге болатын шығар, оның өзінеде аз уақыт кетпесі анық. Сондықтан басқа ұлттық деңгейдегі ЖОО осы бағытқа біртіндеп бейімдеп үшін университеттерде білім берумен бірге, ғылыми зерттеу жұмыстарын да қоса дамыту керек. Сонда ғана құстың қос қанатындай замана кеңістігінде еркін самағайтын болады.

Қайткенде ЖОО-да ғылыми зерттеуді дамытуға болады?

Ол үшін мына төрт факторға назар аударған жөн деп ойлаймын. Олар:

a. Бастысы, универстет құзырында ғылыми зерттеу орталықтары жұмыс істеуі керек. (ал қандай орталықтың болуы сол оқу орнының сипаты мен ерешелігіне байланысты болады).

b. Оқытушы-мамандардың өздерінің  ғылыми зерттеу тақырыбының болуы және сол бағытта белсенді ізденістері жасауы.

c. Ууниверситет ғылыми журналының сапалық деңгейінің жоғарылығы.

Өйткені, ғылыми журнал сол оқу орынының ғылыми деңгейін айқындайтын басты көрсеткіштің бірі. Сондықтан ол әр факультеттің жылына бірнеше мәрте шығаратын, оқытушылардың есеп беруі үшін немесе ғылыми атақ алу үшін жаза салатын сапасыз мақалаларын жариялайтын басылым болмастан, зертеу орталықтары жауапты болып шығаратын таңдаулы мақалалардан құралған басылым болуы шарт. Ондай басылым сұранысты қанағаттандыру мақсатында  университтердің ерекшелігіне байланысты жаратылыстану әлде техникалық және гуманитарлық бағыт бойынша ай сайын екі журналдан жарық көріп отырса жеткілікті болады. Журналдың сапасы мен таралымын көтеру үшін аталмыш оқу орындарына қатысы жоқ мамандардың да жақсы мақалаларын жариялап тұруы тиіс. Әрі үздік мақалаларға байқау жариялап, оза шапқандарға және таңдаулыларына сый-сиапат көрсетіп тұрса артық болмайды.

d. Білім-ғылымы дамыған шетелдермен байланысты нығайту

Оқытушылардың ауыс-күйісіне, қысқа мерзімге болсада шетелде іс-тәжірибеден өтуге, бірлескен  халықаралық ғылыми конференцияларды жиы өткізіп тұруына барынша жағдай жасап, тиісті қаржат бөлуі керек. Тіпті, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ұзтаздарды жіберіп тұруға да болар деп ойлаймын.

2. Ғалымдар (ғылым докторлары мен кандидаттары) тек ғана ғылыммен айналысулары  тиіс.

Декан немесе кафедра  меңгерушілері қызметіне тағайындауда ғылым докторы немесе ғылым кандидаты болуы шарт болмауы тиіс. Шындығында, олар таза ғылымның адамдары, оларға әкімшілік жұмыстарды міндеттеу арқылы ғылымнан жарым-жартылай қол үздіруге болмайды. Жаны мансапқа жақын жандар ғылымға құштар болмасада, мақсаттарына жету үшін доктор немесе кандидат атанып келді, бұл ғылымымыздың дамуы үшін еш пайдасы жоқ құбылыс. Сондықтан да Елбасы жолдауында осы мәселеге қатысты: 60 кандидаттың 1-і және 37 доктордың 1-і ғана ғылымға барады. Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады. Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын атап көрсетті.

Ал, онда кімдер декан немесе кафедра меңгерушілікке лайық?

Әкімшілік -басшылық саласына (проректордан бастап меңгерушіге дейінгі қызмет лауазымына) сол оқу орнындағы жоғары білімі бар, беліглі қызмет тәжірибесіне ие Қазақстан азаматының  өзі келетін орынды дамытудың нақты жоспарын ортаға салу арқылы ашық-бәсекелестік сайлам негізінде қызметке келу құқығы болуы тиіс. Егер ол көрсетілген мерзімде алға қойған мақсатына жете алмаса, орынын екінші үміткерге беруі, әрі олардың мерзімі үш жылдан аспауын қарастыруымыз керек, міндетін айтарлықтай орындаған күнде де екі мерзімнен кейін орынын басқа адамға бергені дұрыс. Себебі, бәсекенің үздіксіз болғаны жақсы.

Біздің демократиялық құндылықтар жасау жолындағы республикамызда жасы қырықтан асқан, Қазақстанда тұрғанына 15 жыл болған, ақыл-есі бүтін кез-келген Қазақстан азаматының Республиканың президенттігінен үміткер бола алағанда, не себепті жай декандық пен кафедра меңгерушілікке ғылыми дәреженің болуын талап етіміз? Лидерліктің адам баласына туа біткен дара қасиеті екендігін ескеруде артық болмас. Біздің Елбасының аз уақыт ішінде елімізді жан-жақтылы әлемге әйгілеуін, ол кісінің табиғатынан берілген лидерлік қасиетінен бөліп қарастыру мүмкін емес деп ойлаймын.

3. Университет сапасының айқын бір көрсеткіші  — студентерінің саны емес сапасы немесе адам капиталы.

Мемлекет үшін ЖОО санының көп болуы немесе университет үшін студенттерінің санының көп болуы басты құндылыққа жатпайды. Саннан гөрі сапаға көңіл бөлер кез келді. Университет материалдық игілікті назарға алып, базалық білімі төмен мектеп бітірушілерді қабылдап, диплом үлестіретін орынға айналмауы тиіс. Жастарымыздың барлығының жоғары білім алып шығуы да міндетті емес, керісінше заманның талабына жауап беретін кәсіптік-техникалық оқу орындарын дамытып, сол бағытқа да  көптеп студент тарта білген жөн. Осыған орай, сыртай оқитын бөлімдерді барынша қысқарту керек, тіпті, мүлде жабу да тиіс шығар, себебі, олар кез-келген пәнді толық қанды, сапалы біліп шықпайды.

Ал мектеп оқытушыларының білімін жедтілдіру мақсатында университтерге келіп оқуына болады. Олардың жүгін жеңлдету үшін алыс қашықтықтан электронды оқытуды жалпыластырсақ тіпті жақсы болар еді.

Осы түйткілге қатысты Ел басы жолдауында: Әлемдегі дамыған елдерде бір млн. халыққа 1 — 6 ЖОО тура келсе, бізде 16 млн. тұрғынға 149 ЖОО немесе әр млн. адамға 9 ЖОО тура келетінін ескертті. Осыны ескергенде ЖОО сұрыптау арқылы сапасын көтеру жөн болар.

Ал, мемлекет өзіне қажетті мамандықтарды жоспарлы түрде дайындап алуы керек. Мысалы, статистика арқылы қай салаға маман көп қажет болса, сол саланы оқытатын ЖОО мемлекеттік гарантты көп бөлу арқылы, тіпті, оқу қаржысын мүлде тегін ету арқылы кездескен қиындықты шешуге болады. Мысалы, Қытай елі педагогика саласында оқитындарды мүлде тегін оқитын етіп бекітті.

4. ЖОО орындарының оқытушыларына қарата қабілетіне қарай еңбек, еңбегіне жарай жалақы төлеу ұстанымын жолға қою керек

Білім беру және ғылыми зерттеу еңбегі мен тәжірибесіне қарай оқытушыларды үш дәрежеге бөлуге болады. Олар:көшбасшы оқытушылар, тұрақты-штатты оқытушылар және мерзімді оқытушылар.

Көшбасшылар — ғылыми атағына сай, оқытумен де зерттеумен де айналысатын университеттің бетке ұстар ғалым-ұзтаздары. Олардың сабақ жүктемелігі шамалы, ғылыми зерттеулері басым болып, әлемдік деңгейдегі журналдарда еңбегі жарияланып тұруы шарт, жалақысы облыс әкімдерінің жалақысымен шамалас болуы және солардың деңгейінде қоғамдық игіліктерге ие болуы керек.

Тұрақты-штаттылар-көшбасшы оқытушылардың ізбасарлары, университеттің білім беру ісімен айналысатын негізгі жұмыс тобы. Олар мен университет арасында тұрақты еңбек келісімі бір-ақ рет жасалуы тиіс. Ал жылда келісімге отыру оқытушылардың көңіліне тұрақсыздық ұялатады.

Мерзімді оқытушылар- белгілі мерзім аралығында келісім-шарт арқылы жұмыс   сұранысын қанағаттандыру мақсатына тартылған оқыушылар. Олардың айлығы алдыңғы екеуінен төмен болғаны дұрыс.

Алайда бұл үш топтағы оқытушылардың мәртебесі қалыптасқан тұрақты дегендік емес, әркім өз деңгейінің сұранысын өтей алмаған жағдайда бір саты төмен түсіп, керісінше болғанда бір саты өсіп отыруы лазым.

Осыған орай, мына мәселелерді де ескерген жөн:

a. Оқытушылардың жалпы жұмыс жүктемесі сабақ және зерттеу жүктемесінен құралғаны дұрыс. Сабақ жүктемесі  оқытушының мәртебесіне байланысты  болып, категориясы жоғарлаған сайын азайып отырса, зертеу жүктемесі керісінше артып отыруы тиіс.

b. Университет оқыту мен ғылыми зерттеуді қатар қойғандықтан оқытушылардың еңбек ақысын беруде тек оқу жүктемесінің мөлшеріне қарай тағайындамай, жоспарлаған ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуына да қарау керек. Демек, оқытушылардың жазған ғылыми еңбектері, мақалалары, оқу-әдістемелік кешендеріне де сағат жазылуы дұрыс, сонда ғана олардың жұмыс жүктемесі жеңілдеп, тиісті ғылыми зерттеу тақырыбын бекітіп, жоспарлаған ғылыми зерттеу жұмысын аяқтайтын болады.

c. Оқытушыларды мүмкіндігінше қағаз бастылықтан арашалап, олардың өздерінің қызмет аясынан тыс басқа науқандарға араластымау абызал.

d. Маусым соңында немесе оқу жылы соңында түрлі категориялар бойынша оқытушыларды бағалап, лайықты ақшалай немесе заттай сый-сиапат жасап тұру олардың белсенділігін арттырып, бәсекелестік орта қалыптасуға себеп болар еді.

Қазір «ЖОО үздік оқытушылары»-деген мәртебе бойынша оншақты критерийлерге негізделіп үздік деп танылған оқытушыларды ақшалай силайтын жақсы жағдай қалыптасты. Силық ақшаның көлемі аз емес, әжептәуір ақша. Бұл силыққа биыл 200 үздік оқытушы ие болды. Алайда, осы қаржыға 500 үздік оқытушыны айтарлықтай силауға болар еді.

5. Оқытушылардың материалдық жағдайын жасау негізінде талапты күшейту керек.

Еліміздің ғылым-білім саласындағы мамандарда қартаю беталысы бар. Сенатор Ғарифолла Есімнің айтуынша: ғылым докторларының 45 пайызы 60 жастан асқан, кандидаттардың 70 пайызы 40 жастан асқан. Демек, ғылымға жастардың келуі аз, себебі түсінікті. Ол үшін мемлекет ғылымға шынайы көңіл бөлуі қажет. Қазір ЖІӨ-нің 0,24 пайызы білім саласына бөлінеді, 2015 жылға қарай ол 1 пайызға өсбекші. Бұл да көп емес, деседе, өсім бар. Осы өскен қаржының бір бөлігін тікелей оқытушылардың материалдық жағдайын жасауға жұмылдырған жөн.

Университет өзінің көшбасшы және тұрақты-штатты оқытушылары үшін барынша жағдай жасауы керек. Мысалы, баспана мәселесін шешуде  жауапкершіліктің бір шетін өзіне алуына болады. Ол үшін университете арнаулы баспана мәселесімен айналысатын жұмыс тобы құрылып, олар баспанаға шынайы зәру оқытушыларды анықтап, жағдайына қарай кезекке қойып, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламсымен оқытушылар атынан селбесе жұмыс істеулері керек. Сонда, оқытушылардың ала-шапқын құжат жинау, ұзын-сонар кезекте тәуліктеп тұру сарсаңын азайтуға, қала берді, осы саладағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа аз да болса тұсау салған болар еді. Егер оқытушылардың қаржылық жағдайын көтермесе мемлекет, университет және жеке азамат болып үш жақтан қаржы қосу механизмін де қарастыруға болады.

Бұдан тыс, университет оқытушыларының денсаулығына, тұрмысына, мәдени көңіл көтеру шараларына жауапкершілікпен қарау керек. Мысалы, арнаулы емханалармен, сақтандыру компанияларымен, спорттық кулбтармен байланыс орнатып, олардың жеңілдетілген бағамен қызмет түрлерін қабылдауына мүмкіндік жасауы тиіс. Бұл мүмкіндікті олардың отбасы мүшелері де игіліктене алатындай ету лазым. Әрі жылына бір мәрте жалпы медициналық тексеруден тегін өзткізіп тұрса артық болмас еді. Сонда, оқытушылар алаңсыз, шынайы ниетпен университет үшін нәтижелі қызмет етер.

Жалпы университет оқытушыларының жағдайын жан-жақтылы жақсарту арқылы ғана талапты күшейтіп, жұмыс сапасын жақсартып, бәсекелестікке қабілетті ұжым жасауға болатынын түсінгені жөн.

Университет, факультет немесе кафедра басшылары өздерінің басты міндетінің қатарына оқытушыларын санын шектеп сапасын арттыру, гранттарға ие болу, басқа да коммерциялық бағыттағы зерттеулерге жұмылдыру  арқылы оларды қоғамымыздағы бай-қуаты топтардың санатына жеткізуді алуы тиіс. Бұның барлығы білім саласына бөлінетін қаржыға байланысты болсада, «Ғылым туралы» заңның жаңа құндылықтары оны орындауға толықтай мүмкіндік беріп отыр.

Біз емес, дамыған елдердің өзі де осы салаға бөлінетін қаржыны барған сайын ұлғайтып келеді. Мәселен, 2011 жылдың қаңтардың 25 күнгі конгресте жасаған дәстүрлі жолдауында Ақ үй қожайыны Барак Обама: мемлекеттік шығындарды қысқартып, бәсекелестікті дамыту керек деді, ол үшін ғылым-білім саласына мол қаржы бөліп, білім беруде инновациялық жаққа баса назар аударатынын айтты.

6. Университет өзінің «универсалдығын» қашанда көрсете білу тиіс

ЖОО тек ғана білім-ғылыммен айналысып, сол саладағы ортамен қарым-қатынас орнатып қалмастан, қоғамның әр саласымен, мысалы, кәсіпорыдармен, түрлі мекемелермен, шаруашылық қожалықтармен  іс жүзінде байланыс болуы тиіс. Әр түрлі саламен байланыс орнату арқылы олармен ғылыми-практикалық және материалдық алыс-берістің негізі қаланады. Соның басты бір баыты шаруашылық салаға да мән беру керек. Ол үшін  Университеттің қала маңында өзінің иелігінде шаруашылық нысандарының болғаны жақсы, олай болмаған жағдайда шаруақожалықтармен, агроөнеркәсіп компанияларымен келісімге келу арқылы, өзінде бар мүмкіншілікпен (қаржылай, еңбек күш) оларға көмек көрсетіп, салыстырмалы арзан ауылшаруашылық, агроөнеркәсіп өнімдерімен оқытушыларды және студенттерді қамтамасыз етуге болады.

7. Студенттер өміріне де өзгерістер керек

a. Студентер үшін оқытылатын пәндер міндетті оқитын және талдап оқитын пәндер деп екіге бөлінгенімен, студенттердің таңдау құқығы сақталамай отыр. Оның себебі, оқыту барысына азды-көпті қолайсыздықтар туындатуы, алайда, сол құқығын оларға беру арқылы олардың талпынысын оятуға, жасырын қабілетін ашуға және «Жалпы балл жүйесі» тәртібін енгізуге септігі тиеді. Жалпы балл жүйесі дегеніміз әрбір мамандықта оқытылатын пәндерге күрделілігі мен маңызына байланысты ондық жүйе бойынша (1-10) балл тағайындалып сол негізде төрт жыл бойы жиналатын жалпы балды бекіту дегендік. Студент міндетті және таңдап оқитын пәндері бойынша жалпы баллды мерзімінен бұрын жинап үлгірсе, университетті ерте бітіруіне рұхсат етілу тиіс болады. Егер ол студент ақылы бөлімде оқитын болса, ерте бітіргендігі үшін қалған уақытына ақы төлемеуіне болатын ету керек. Ал, 4 курста мамандыққа байланысты практика немесе  қорғалатын диплом жұмыстары болса студентпен келісе отырып реттеуге болады. Жалпы баллды жинап үлгіре алмағандар қашан баллын жинағанша оқуына болады. Үлгірмеген пәндері үшін қайталай емтихан тапсыруға сол пәннің баллының көп-аздығына байланысты айыппұл өтеуі керек.

b. Студентерге арналған степендиялардың түрі көп болу керек. Мемлекеттік, ұлттық қорлардың, компаниялардың, жеке азаматтардың немесе белгілі мамандықтар үшін тағайындалатын арнаулы степендиялар сияқты. Сондай-ақ оқу маусым соңында немесе оқу жылы соңында түрлі атаулар бойынша студентерді де марапаттап тұру керек. Бұл да маңызды.

c. Студентерге арнап ислами құндылықтардан сабақтар өтіліп тұрғаны дұрыс. Ол дәрістерді Қазақстан дінни басқарманың мамандары оқуы тиіс. Сол арқылы кейбір жастарымыздың рұхани азғындалуының, өз-өзіне қол салу сияқты індеттердің көбейуінің алдын алуға, басқа да теріс ағымның жолына түсіп елі мен халқына залалды іс-әрекеттерге баруынан сақтауға болады деп  үміттенемін.

d. Жатақханаларға факультетіне байланысты емес жынысына қарай орналасыру тиіс. Ұлдардың қыздар жатақханасына, қыздардың ұлдар жатақханасына еркін кіріп-шығуына рұхсат етпеу керек. Бұл біздің ата дініміз бен ұлттық дәстүрімізге жат қылықтардың белең алуына тосқауыл болар шара. Әрі жатақханада түнгі сағат 12 ден соң ток сөндіріліп (каридор мен тазалық бөлмесінен басқа) таңғы сағат 6-да ток косылып судентердің ерте жатып ерте тұруына қузаушылық салған жөн.

e. Оқытушыларды бағалауда студенттердің бағалауын негіз етіп, олардың құқықтарын барынша көтеруге күш салған жөн, бұлай істеу олардың жауапкершілігін және сенімін оятады. Мүмкін болса, студентерге сабақ беретін оқытушыларды өздері талдайтын құқық берілсе тіпті жақсы болар еді.

f. ЖОО өз ішінде шағын радио станциясы жасақталып, оны студенттер өздері жүргізіп отырса, сол арқылы ішкі жаңалықтарды хабарлап, таңертең және аралықтағы ұзақ демалыста Әнұраны орындап, гимнестика жасауға  музикалар қосылып тұрса студенттік өмірді байыта түсер еді.

g. Студентер мен оқытушылардың кең де таза асханасы болуы керек. Сонда студенттердің және баспанасыз жас оқытушылардың артық шығыны мен ас әзірлеуге кететін уақытын және электерге кететін шығынды азайтуға болады. Сонымен бірге онда университет оқытушыларының от басыларынан шыққан адламдардын немесе тұрмысы төмен отбасынан шыққан студенттерді жұмысқа тартуға болады.

Сарқытқан Қастер, Доцент

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы