Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

М.Каддафидің авиациясы мұнай қоймасына бомба тастады — РБК

Дата: 10 марта 2011 в 11:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА.  10 наурыз.  ҚазАқпарат —   Муаммар Каддафи армиясының авиациясы     ел астанасы — Триполиден 580   шақырым қашықтықта  орналасқан   Эс-Сидер  қаласындағы    мұнай қоймасын  бомбылады.

Сондай-ақ,    Ливия  өкіметі артиллериясының  мұнай  қоймасына тартылған  құбырға да зеңбірек   жаудырғаны  туралы да  ақпарат  бар,  деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Эс-Сидерге жасалған  шабуылдың    салдарынан     адам құрбандарының болған-болмағаны  жөнінде әзірге ақпарат  жоқ.

Аl Arabia телеарнасының  хабарлауынша, Ливияның батысындағы Эз-Завия  қаласына  да әуе  шабуылы   жасалған.  Ал  ВВС телекомпаниясының    ақпараты  бойынша,  үкімет күштері    қазір осы елді мекеннің басым бөлігін     бақылауға алып  отыр.  Жергілікті  тұрғындардың     ақпараттары  бойынша, қалаға танктер  кірген.    Көтерілісшілер  бұған дейін    үкімет күштерін   қаладан   ығыстыра алған  еді.   Эз-Завияда болған  шайқастарда 30-дай   адам      қаза тапқан.

Ақпан  айының  ортасынан бері Ливияда     наразылық  шерулері   жалғасып  келеді,     шерушілер      Ливияны 40 жылдан бері басқарып  келе  жатқан  Муаммар  Каддафидің  отставкасын  талап  етуде.   Ливия  оппозициясы елдің шығысындағы  бірқатар қалаларды  өз бақылауына алып отыр.  Халықаралық ұйымдардың   деректері  бойынша, тоқтамай  отырған  қарулы  қақтығыстар  кезінде  осыған дейін  6 мыңға жуық  адам қаза тапқан.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы