Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Көктемгі егіс науқанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны литріне 68 теңгеден жеткізіледі — С. Мыңбаев

Дата: 10 марта 2011 в 11:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ — Көктемгі егіс науқанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны литріне 68 теңгеден жеткізіледі.

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Көктемгі егіс науқанына орай облыстар бойынша дизель отынымен қамтамасыз етудің тізімі бекітілгеніне тоқталған С. Мыңбаев, барлығы 354 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Атап айтқанда, мұнай өңдеу зауыттарының дизель отыны литрі 59 теңгеден жіберіледі. Ал тұтынушыларға, яғни ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны 68 теңгеден жеткізіледі. Министрдің сөзіне қарағанда, 68 теңге бұл тұтынушыларға жеткізілетін ең соңғы баға. «Бөлшек нарығында дизель отынының бағасы қазіргі кезде 76 теңгені құрап отыр. Атап айтқанда, бөлшек саудамен салыстырғанда 11 пайыз деңгейінде жеңілдік жасалатын болады»,-деді С. Мыңбаев.

Өз кезегінде  Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бұл баға (68 теңге) ішкі нарықтағы бағаның ауытқуы деңгейіне қарамастан көктемгі дала жұмыстарының барлық кезеңінде, яғни наурыз бен мамыр айын қоса есептегенде  сақталатынны айтты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы