Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан мен АҚШ ҚР-ның автобус паркін экологиялық таза отынға ауыстыру бағдарламасына кірісті

Дата: 10 марта 2011 в 11:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА.  10 наурыз. ҚазАқпарат  —   Алматыда  30-31 наурыз күндері «Экологиялық  таза  қалалардың көлік  жүйесі»  деген    тақырыпта  халықаралық  семинар  өтеді.

Бұл  шараны   Қазақстан  мен Құрама  Штаттардың   энергетикалық  ведомстволары бірлесіп  ұйымдастыруда,   деп  хабарлады   Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің баспасөз қызметінен.    Бұл    шараға сондай-ақ    АҚШ-тың  Аргон ұлттық зертханасы да  ұйытқы болып  отыр.

Семинар     өткен жылдың    қараша айында Вашингтонда   Қазақстанның Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев пен   АҚШ   Энергетика министрінің бірінші  орынбасары  Даниэл   Понеманның    төрағалығымен   өткен Энергетикалық  серіктестік жөніндегі  бірлескен  қазақстан-американ комиссиясының 7-ші отырысында  қол  жеткізілген келісімдерге сәйкес өткізілгелі  отыр.

Қазақстандық және  американдық мамандар    мен басқа  елдерден келген  сарапшылар  семинарда    Қазақстанның    автобус паркін    экологиялық таза  отынға — сығымдалған  табиғи газға  ауыстыру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырудың ең  тиімді  жолдарын    талқыламақ.

Семинар туралы, оның бағдарламасы  және   шараны    ұйымдастырушылар  туралы  қосымша ақпараттармен  арнайы  ашылған http://www.ne.anl.gov/workshops/KZ11/ интернет-ресурста  танысуға   болады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы