Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Үш қазақ грек-рим күресінен Еуропада жеңімпаз атанды

Дата: 10 марта 2011 в 11:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Үш қазақ грек-рим күресінен Еуропада жеңімпаз атанды

Венгрияда грек-рим күресінен «Алтын Гран-при» белдесулері аяқталды. Бұл – FILA-ның (Халықаралық күрес түрлері федерациясы) жарыстар күнтізбесіне енген деңгейі жоғары турнирі.

Бес жылдан бері FILA осындай бел­де­су­лерді грек-рим және еркін күрес түрлері бойынша үш кезеңге бөліп өткізіп келеді. Үш турнирден туратын Гран-при бәсе­ке­ле­рі­нің финалында жеңіске жеткен ба­луан­дар­ға қомақты сыйақы беріледі.

Мұратбек Қасымханов жаттықтыратын Қазақ­стан ұлттық құрамасының белді ба­луан­дарының барлығы мадиярлар боз кі­лемінде белдесіп, айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Әсіресе, аса ауыр салмақтағы ба­луанымыз, Азия ойындарының чем­пионы Нұрмахан Тынәлиев ерекше қуант­ты. Ол финалда кілем иесі Дик Бардоштан басым түсіп, алтын жүлде еншіледі.

Нұрмахан Тынәлиев финалда кілем иесі Дик Бардоштан басым түсіп, алтын жүлде еншіледі

60 келі салмақта кілемге шыққан Ербол Қоңыратов та осы турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда чех Давор Стефанекті жең­ді. Өкінішке қарай, беткеұстар ба­луан­да­рымыздың бірі Нұрбақыт Теңізбаевтың жолы болар емес. Ол Азия ойын­да­рын­да­ғыдай кілемге бір-ақ мәрте шығып, бірінші айналымда румын балуанына есе жіберіп алды. Жалпы, біздің елде осы 60 келі сал­мақ дәрежесінде бәсекелестік өте күшті бо­лып тұр. Алмат Кебіспаев бар еді, енді Ербол Қоңыратов та нәтиже көрсете бас­та­ды.

Сондай-ақ 66 келі салмақтағы Дархан Баяхметов та бірінші орынға ие болды.

Ал 55 келі салмақта белдескен Марат Кәрі­ша­лов ақтық сында норвег Томас Рон­нин­ген­нен ұтылып, екінші орынды иеленді.

Осы сында үш алтын медаль еншілеген Қазақ­стан құрама командасы 32 ұпаймен бей­ресми емес командалық есепте бірінші орын алды. Бұл халықаралық турнирде топ­жарғандар 1500 АҚШ доллары көле­мін­де сыйақы алса, екінші орны үшін – 700, ал қола жүлдегерлер 300 АҚШ дол­ла­рына ие болды.

Енді ұлттық құрама ба­луандары 2-3 сәуір күндері Орал қа­ла­сын­да өтетін ел чемпионатында бақ сынай­тын болады.

Сол секілді қазақ жанкүйерлерін еркін күрес балуандары да қуантты. Жаңа бапкер Алтай Танабаев сырттан келген келімсек ба­луандарға сес көрсеткен секілді. Өйткені олар осы жолы нәтиже көрсетіп, жандарын салды. Мәселен, 96 келі салмақтағы Тей­му­рас Тегеев Белоруссияда өткен халық­ара­лық турнирде топ жарды. Ал ауыр сал­мақ­тағы Марид Муталимов екінші орынға ие болды. Сол секілді 74 және 84 келі сал­мақта белдескен Сейфаддин Османов пен Семен Семенов күміспен күптелді. Енді оларда 30-31 наурыз күні Жайық жа­ға­сын­да өтетін ел чемпионатына дайын­да­ла­ды.

 

По сообщению сайта Nur.kz