Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған көрме ашылды

Дата: 10 марта 2011 в 15:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған көрме ашылды

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың 20 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуді жалғастыруда. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Аталған іс-шаралардың шеңберінде Елшілік және «Has Sanat» өнер галереясы бірлесіп, Анкарада қазақстандық суретшілердің суреттер көрмесін ашты. «Алтын ғасыр» деп аталатын жобаны галерея көп жылдар бойы жүргізіп келеді.

Алғашқы рет 2006 жылы Мәскеудегі «Манеж» орталық көрме залында, Суретшілердің орталық үйінде, Шығыс халықтарының өнер мұражайында суреттер көрмесінен басталған жоба Варшава, Вроцлав, Берлин, Штутгарт, Мюнхен, Франкфурт, Амстердам, Эйндховен, Гаага, Брюссель және Вена қалаларында болған.

Көрме келушілерді Қазақстанның мәдениетімен және өнерімен таныстырады.

Көпшілік назарына бейнелеу өнерінің әр түрлі жанрлары мен бағыттарында — реализмнен авангардқа, сюрреализмге дейінгі және қазіргі заманғы ағымдарда жұмыс істейтін Қазақстан суретшілерінің 86 картинасы, ұлттық кілем тоқу өнерін қайта жаңарту үстіндегі тұс кілемдер (гобелен) мен кесте ұсынылған. Жұртшылықтың зор қызығушылығын туғызған көрме Анкара қаласының орталық галереясында наурыз айының аяғына дейін жұмыс істейтін болады.

Көрме Анкара қаласының орталық галереясында наурыз айының аяғына дейін жұмыс істейді

Іс-шараның ашылуына Түркияның зиялы қауымы, шығармашылық одақтарының, академиялық, қоғамдық-саяси топтарының, Анкара қаласы дипломатиялық корпусының және т.б. өкілдері қатысты.

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев өткен 20 жыл ішінде екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың, соның ішінде өнер саласындағы жоғары деңгейін атап өтті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бауырлас Түркиямен өзара қатынастарға зор маңыз беретінін айта келе, ол Қазақстанның барлық салалардағы қатынастарды одан әрі жандандырмақ ниетін білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан мәдениеті дамуының басты факторларының бірі болып саналатын бейнелеу өнерінің халықтардың рухани жан-дүниесін байытудағы маңызын атап өтті. Көрменің бауырлас екі ел өнер адамдарының шығармашылық қатынастарын жандандырудағы және бір-бірімен жақындастырудағы рухани дәнекерлік рөлінің маңызына тоқталды.

По сообщению сайта Nur.kz