Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада ана мен бала ғылыми орталығында Ашық есік күндері өтуде

Дата: 10 марта 2011 в 16:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада ана мен бала ғылыми орталығында Ашық есік күндері өтуде

10-11 наурыз күндері Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бала көтермей жүрген отбасыларға арналған Ашық есік күндері өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.

«Белсіздік проблемасы тек медициналық емес, әлеуметтік және психологиялық мазмұндағы проблема болып табылады. Ай сайын біздің Орталыққа белсіздіктің түрлі проблемасына ұшыраған 1 мыңға жуық адам келеді», — делінген орталықтың хабарламасында.

Статистикалық деректерге сүйенсек, қазақстандық отбасылық жұптардың 14-18 пайызы баласыз екен.

Астанада 1,5 мыңға жуық отбасына осындай белсіздік диагнозы қойылып отыр.

Ал Қазақстан бойынша әрбір оныншы әйел жасанды жолмен бала көтеруді, ал әрбір 35-ші әйел — балалар үйінен бала асырап алуды ойланады екен.

«Біздің Орталық ашылғалы бері экстракорпоральды ұрықтандыру әдісімен 90-нан астам нәресте дүниеге келді. Мемлекет тарапынан бөлінген квота бойынша, 2010 жылы ЭКО бойынша 12 нәресте туылған», — делінген орталықтың баспасөз баянында.

10-11 наурыз күні кез-келген жұп орталыққа келіп, мамандардың кеңестерін тегін ала алады.

По сообщению сайта Nur.kz