Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жамбылдық полицейлер ән шырқады

Дата: 11 марта 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара әйелдер қауымының есінен кетпес әсер қалдырды,деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Аймақтың бас полицейі Бекет Аймағамбетовтың ІІД және бөлімшелерінің әйел қызметкерлерін салтанатты марапаттауынан кейін, талантты полицейлер мен қонақтардың қатысуымен концерт қойылды. Музыка өнеріне танымал дирижер Римма Апсаматованың жетекшілігімен ер полицейлердің алғашқы қойылымы өтті.

«Залға толған көрермендер үшін бұл керемет тосын сый болды. Ерлерден құралған алғашқы қойылым жарқын  көрініспен басталды. Қылмыспен күресуші полицейлер өздерінің әндерімен және шеберліктерімен әріптестерін ғана таң қалдырып қойған жоқ, сонымен қатар, шақырылған қонақтарды, көпшілікті таңдандырды», — дейді әсерімен бөліскен ІІД баспасөз хатшысы Роза Қалдыбекова.

Көрермендер назарына Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыры» мен А.Зацепиннің «Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» кинофильмінен «Маруся» атты әндер орындалды. Қазақ әнінің  көп дауыспен орындалуы әйелдерге лирикалық және терең мағыналылығымен ұнады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы