Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Биыл «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында көпшілікке Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу ұсынылып отыр

Дата: 11 марта 2011 в 07:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дәстүрлі «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында биыл көпшілікке Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқу ұсынылып отыр.

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын көпшілікке оқуға ұсыну шешімі Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың төрағалығымен өткен «Бір ел — бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің отырысында қабылданды.

«Ақбілек» романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.

Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.

Акцияны ұйымдастырушылар романды ел арасында насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Оның аясында Қазақстанның барлық мемлекеттік кітапханаларында романның мәні мен мазмұнын ашатын кездесулер, дөңгелек үстелдер отырыстары, оқу марафондары мен көрмелер, барлығы мыңнан астам шара ұйымдастырылады. Кітап сүйер қауым «Ақбілек» романының электрондық көшірмесін www.kazneb.kz сайтынан ала алады.

Еске салайық, ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың бірлескен жобасы биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Акцияның мақсаты — жазба мәдени мұрамызды насихаттау және қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы