Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Айбын Ақпатша. «Батпан құйрыққа» бола жер береміз бе?

Дата: 11 марта 2011 в 10:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еуропада бой тасалап жатып алып, елді ала тайдай дүрліктіруді әдетке айналдырған Рахат Әлиев жуырда Қазақстанның Қытайға 1 миллион гектар жерді 99 жылға жалға бергелі жатқанын айтып мәлімдеме жасаған-ды. Кеше еліміздің Сыртқы істер министрлігі Әлиевтің айтқандарын жоққа шығарды.

Аталмыш ведомстованың ресми өкілі Асқар Әбдірахманов журналистермен арнайы өткізілген брифинг барысында:

— Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде Қазақстан Қытай тарапымен әскер енгізу немесе жерді жалға беру жөнінде жасырын келіссөздер жасапты деген ақпараттарға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған ақпараттар шындыққа мүлдем жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейді, — деді.

Оның айтуынша, осы тектес ақпараттың таратылуы қоғамдық пікірге теріс ықпал етуді және арандатушылық мақсаттарды көздейді.

— Осы орайда БАҚ өкілдерін мұндай ақпарат көздеріне сыни көзқараспен қарау және осындай мәліметтерді жариялауда аса жауапкершілік пен ұстамдылық таныту жөн деп санаймыз, — дейді Асқар Әбдірахманов.

Қазақ жерінің бір пұшпағы ханзуларға берілгелі жатыр деген әңгіменің желдей ескені бірінші рет емес. 2009 жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Аспанасты елі Қазақстаннан соя мен рапс өсіру үшін 1 млн. гектар жер сұрағанын айтқан болатын. Сынықтан сылтау іздегендердің арқасында бұл мәселе біраз дауға тұздық болған-ды. Тіпті, Алматыдағы Қытай консулдығының алдында наразылық акциясына шығушылар да табылған. Алайда, арада көп уақыт өтпей жатып Мемлекет басшысы:

— Жер кодексінің 23-бабында қара сиямен ақ қағазға шетелдіктерге, Қазақстан азаматы емес адамдарға жер сатылмайды деп жазылған. Енді одан артық не айтуға болады?! — деп, Бас прокуратураға шетелдіктерге жер сатылады деген жалған ақпарат таратып жүргендердің бәрін жазалауға тапсырма берді.

Шындығында, Қазақстанда жер қазақстандықтарға ғана сатылатындығы туралы Жер кодексінде таңға таңба басқандай көрсетілген. Ресми деректерге жүгінсек, қазіргі таңда ұлан-ғайыр даланың 0,5 пайызы ғана жеке меншіктің қолында көрінеді. Қалғаны — мемлекеттің иелігінде. Олай болса, ханзулардың жерімізді жалмағалы жатқаны туралы ақпараттың айналып соға беретіні қалай? Әлде, «Қорыққанға қос көрінедінің» кебі ме? Оның үстіне, Аспанасты елі Қазақстанға миллиардтаған доллар несие беріп жатқаны тағы бар. Бұл «батпан құйрықтың» қайтарымы не болмақ? Қалай болғанда да, қарға адым жер үшін жанын салатын жунголар (нағыз қытай) қапымызды күтіп жатқанда, қамсыз болуға хақымыз жоқ.

«Нұр Астана» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы