Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кенжебай Байшалтегі. Мысық тілеу миссионерлерден сақтаныңыз !

Дата: 11 марта 2011 в 10:40

«Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер» туралы  заң елімізде дәстүрлі емес діни бағыттардын  пайда болуына,  дамуына  рұқсат беріп  тұр.  Осы жеңілдікті пайдаланып елімізге дүниенің  әр бұрышынан  сан түрлі секталар  қаптап кетті. Тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізіп, етек жиып жатқан қазақ арасында аты да, заты да қорқынышты секталар өз жұмыстарын  ешкімнен қымсынбай   жүгізіп жатыр. Ата дініміз — Исламның не екенін біліп  үлгермей  жатқан бауырларымызды өз діндеріне жанталаса кіргізуде Миссионерлердің басты мақсаты — қазақ  даласына сансыз шіркеулер салып,  атеизмнің салдарынан діни сауатсыз болып қалған  бауырларымызды өз ата баба дінінен  айырып,  рухани тәуелді ету. Кейбір келімсек секталардың бағдарламасынан  адам шошырлық .Олардың  бағдарламасы бойынша Орта  Азия мен Қазақстан  халқын жаппай шоқындыруды  2010  жылы толық аяқтамақ екен.

Миссионерлік  нәтижеде жеке тұлғалардың өздеріне тән құндылықтарым мен  ұлттық  болмысынан  айырып  қоймай, сонымен  қатар  қоғамның  ынтымақтық пен тұтастығын  шайқалтады, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.  Сондай   қауіпті секталардың  алды  әшкереленіп те жатыр . Олардың  мақсаттары  Қазақ  ұлтын қырыққа бөлу арқылы  мемлекеттік қауіпсіздігімізге,территориялық тұтастығымызға қол сұғу болған. Сондай -ақ тыңшылықпен   айналысқан   миссионерлерде әшкереленді.

Миссионерлер  қазір бізді рухани тұрғыдан бөлшектеуге ұмтылуда. Күндердің  күнінде бұл бөлшектеу ұлтымызды тұтастығынан айыруы мүмкін. Бір ұлттың бірнеше  дінге бөлінуі — ауыр қасірет. Ливандағы, Судандағы  қасірет соның айғағы.

Өздерінің  жүргізіп отырған үгіт-насихаттары  арқылы  отбасы мүшелерінің  бірін  өздеріне жақтас  етіп алумен қатар жұбайлардын бір-бірінен, анасының  қызынан,әкесінің  ұлынан айыруына  әкеп соқтырады. Яғни,қасиетті отбасын  құлатып ,шаңырағын ортасына түсіреді. Діні ,ойлары,сенімдері, дүниеге деген   көзқарасы түбегейлі өзгерген адамдардын бір шаңырақтың астында өмір сүруі мүмкін емес .Олардың арасында бұдан кейін не ортақ мақсат, не отан, не ұлтқа  деген сүйіспешілік қалмайды. Діні бөлек  бауырлар бір-біріне  жанашыр,туыс

бола  алмайды. Басқа дінге өткен адам бәрінен айырылады, туған-туысқанан,   достарынан, сондай-ақ, ең ізгі де асыл сезім — патриоттық пен ұлтжандылықтан айырылады. Мысалы «Иегова куәгерлері» мемлекетті, мемлекеттің символдарын  мойындамайды, мемлекеттік ән ұранды айтпайды және әскер қатарынан  бас тартады.   «Жаңа өмір» сектасы  өз жетегіндегілерге «Сендердің  отандарың  Қазақстан емес ,  отандарың аспан патшалығы»  деп саналарын  улайды  Бұл ұлтсыздандырып, мәңгүрттендіруді көздейтін  зымиян саясат  . Миссионерлер өздерінің құрықтарына жасөспірімдерді түсіруге тырысады. Бұл өте қауіпті, өйткені жастар біздің болашағымыз. Олар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарына неше түрлі адамның психикаға әсер ететін  амал-шарғылар  пайдаланады , яғни теріс күштер арқылы  адамды алдап-арбайды.Сектаға кірген адамның  ол жерден    аман шығыуы екі талай.

Құрметті  мұсылман  бауырлар !

Ата бабаларымыздың  найзаның  ұшымен  білектің  күшімен  ғасырлар бойы сыртқы жаулардан қорғап  бізге  аманат   етіп  қалдырған  жері мен  дінін,тілін

көзіміздің  қарашығындай сақтау әрқайсымыздың парызымыз.

Ұрпағымызға  ие болайық ағайын. Ақшаға сатылып  есігіміздің кілітін  кім-

көрінгенге  ұстатып ,  рухани  төрімізді кім-көрінгенге  бастырмайық .

Аллаһ  Тағала   баршамызды  тура  жолдан  адастырмай, жәннәтті  нәсіп

етсін. Әмин !

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы